Еуразияны? таби?ат зоналары (7 сынып)


«Манашы орта мектебі» ММ
География пәнінің мұғалімі – Думбаев М.
7 «б» сыныбы
Сабақ тақырыбы: Еуразияның табиғат зоналары.
Мақсаты: Еуразия материгіндегі табиғат зоналарының ерекшеліктерін
анықтау, жер бедеріне, климат жағдайларына байланыстылығын талдау;
Міндеті:1.Картадан дұрыс анықтауды, сипаттама беруге,салыстыруға,
ақпараттық материалмен жұмыс жасауға, талдауға дағдыландыру;2. Тапқырлықты, өзбеттілік ізденуді, сөйлеу мәдениетін дамыту;3. Табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілік: Д.ж. географиялық белдеулер картасы;Д.ж. физикалық географиялық картасы; Венн диаграммасы салыстыру кестесі, Табиғат зоналары кестелері;
Тест – І, ІІ нұсқалар; кескін карталар, кеппе шөптер, қосымша материалдар, интернет материалдары, слайдтар.
Сабақ түрі: аралас сабақ , топтық-жарыс
Сабақта қолданылатын әдістер: 1. Дамыта оқыту әдісі; 2. Проблемалық оқыту;3 Л.В. Тарасовтың экологиялық оқыту әдісі;Үш тілділікті меңгерту.

Пәнаралық байланыс: биология, экология, орыс және ағылшын тілі.
Ұйымдастыру кезеңі:
Сыныптағы оқушыларды «Белдеулер» мен «Зоналар» топтарына бөлу, топ басшылары ұрандарын айтады. Сабақтың мақсаты мен жүргізілуі тәртібімен таныстыру. Әрбір кезең ұпайлармен бағаланады. Бағалау парағына ұпайларды жазу оқушылардың өздеріне тапсырылады. Сабақ 6 кезеңнен тұрады.
Сабақ барысы:
І кезең «Тест алу – білім тексеру»
Оқушылардың жалпы білімі мен үй тапсырмасын тексеру үшін, тест – І, ІІ нұсқалары оқушыларға беріледі. Оқушылар өзара бір-бірінің білімін тексереді, дұрыс жауапты 1 ұпаймен бағалайды.
І нұсқа
1. Еуразияның теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері?
A. Қара теңіз B. Ақ теңіз E. Сары теңіз D. Өлі теңіз C. Қызыл теңіз
2. Еуразия арқылы дүние жүзіндегі аса ірі ... сейсмикалық белдеу өтеді?
A. 1 B. 2 C.3 D. 4 E. 5
3. Еуразиядағы ең ұзын өзен?
A. Амур B. Еділ E. Янцзы D. Хуанхэ E. Янцзы C. Лена
4. Еуразияның батысындағы ең шеткі нүктесі?
A. Челюскн B. Рока C. Дежнев D. Пиай E. Нордкин
5. Еуразиядағы ең үлкен көл?
A. Каспий B. Арал C. Байкал D. Балқаш E. Ладога6. Еуразияның ең суық жері?
A. Тұран B. Арабия C. Тар шөлі D. Оймякон E. Арктика
7. Еуразияның жағалауын неше мұхит шайып жатыр?
A. 1 B. 2 С. 3 D. 4 E. 5
8. Еуразияның жауын-шашын мол түсетін жері?
A. Черапунджи B. Тибет C. Памир D. Үндістан E. Үндіқытай
9. Еуразия тайгасында өсетін өсімдік?
A. Акация B. Пальма C. Қарағай D. Емен E. Жөке
10. Ішкі тұйық алапқа жататын өзен?
A. Дунай B. Еділ C. Лена D. Ганг E. Амур
ІІ нұсқа
1. Еуразияның ең биік шыңы?
A. Эльбрус B. Эверест C. Жеңіс D. Монблан E. Мұзтау
2. Еуразияның аралдармен қоса есептегендегі ауданы?
A. 30.3 млн км² B. 24.2 млн км² C. 53.3 млн км² D. 14 млн км² E. 18.3 млн км²3. Дүние жүзіндегі ең терең көл?
A. Каспий B. Жоғарғы көл E. Байкал D. Балқаш C. Титикака
4. Еуразияның солтүстіктегі шеткі нүктесі?
A. Челюскин D. Пиай B. Рока E. Нордкин
C. Дежнев
5. Қытай тілінен аударғанда «сары» деген мағынаны білдіретін өзен?
A. Янцзы D. Әмудария B. Сырдария E. Ганг
C. Хуанхэ
6. Еуразияның ең ыстық жері?
A. Тұран D. Оймякон
B. Тар шөл E. Такла-Макан C. Арабия
7. Еуразияның өзендері қанша алаптарға бөлінеді?
A. 1 D. 4
B. 2 E. 5
C. 3
8. Еуразияның арктикалық шөліне тән жануар?
A. Ақ аю D. Лемминг B. Поляр қасқыры E. Бұлан
C. Бұғы
9. Климаттың континенттілігі артып, жаздағы ыстық +50°С-қа көтерілетін зона?
A. Тундра D. Дала C. Шөл
B. Тайга E. Орманды дала
10. Атлант мұхиты алабына құятын өзен?
A. Ганг D. Дунай
B. Лена E. Тигр C. Амур
Проблемалық сұрақтар:
1.Еуразия материгіндегі табиғат зоналарының ерекшеліктерінің жер бедеріне, климат жағдайларына байланыстылығын қалай анықтауға болады? 2.Еуразия материгіндегі географиялық белдеулер мен табиғат зоналарын анықтай отырып, неліктен барлық табиғат зоналары солтүстіктен оңтүстікке қарай ауысады?
ІІ кезең «Кім картаны жақсы біледі?» Екі топқа жалпы сұрақ беріледі және екі топ бір-біріне сұрақ қояды. Картамен жұмыс, картадан анықтап көрсету, дұрыс жауап 2 және 5 ұпай. Бұл кезеңде 1деңгелік тапсырма бойынша Еуразияның географиялық белдеулері мен табиғат зоналарын анықтайды.
«Белдеулер» тобына сұрақ:
- Географиялық белдеу дегеніміз не?
Географиялық белдеу – географиялық қабықтың ендікті бойлап созылып жатқан бөлігі
- Картадан Еуразияның географиялық белдеулерді көрсет?
«Зоналар» тобына сұрақ:
- Табиғат зона дегеніміз?
Табиғат зонасы - климат жағдайлары, топырақ, өсімдігі жануарлар дүниесі бірдей ендік өңір.
- Еуразияның табиғат зоналарын картадан көрсет?
Екі топ бір-біріне Еуразияның табиғат ерекшеліктері бойынша сұрақтар қойып жарысады.
ІІІ кезең «Зеректік таныту» климат туралы не білеміз? 2 деңгей тапсырмалары, экраннан Еуразияның кез-келген климаттық белдеуіне жартылай сипаттама беріледі, оқушылар сипаттама беруді жалғастырып, қай климат екенін анықтап айтады. Дұрыс жауап 3 ұпай.
«Белдеулер» тобына: а) «Жазы өте суық және қысқа. Қыста температура ... –тан төмен ... » Әрі қарай жалғастыр, бұл қай белдеу?;
б) «Бұл белдеуде тропиктік климат континеттік сипат алады.»жалғастыр
«Зоналар» тобына: «Белдеудің еуропалық бөлігінде Солтүстік Атлант жылы ағысы мен Атлант ... әсерінен қандай климат қалыптасады, белдеуде тағы қандай климат типтері бар..?» әрі қарай жалғастыр
IV кезең «Жас биологтар» байқауы, 3 деңгей тапсырмалары беріледі.Биология пәнімен байланыс орнайды. Еуразия материгінің табиғат зоналарының ішінде ең ендісі,көлемді жерді қоңыржай белдеу алып жатыр,сондықтан осы белдеуде кездесетін өсімдіктер туралы анықтау,талдау жұмыстарын жүргізеді. Дайындаған слайд материалын көрсетеді.
Кеппе өсімдіктерден анықтау жұмысы – дұрыс жауап 3 ұпай. Қосымша ақпараттық материалмен дайындалып сипаттама беру – 5 ұпай.
«Белдеулер» тобына
- Берілген кеппе өсімдіктерден тайга зонасының өсімдіктерін анықтау, біреуіне сипаттама бер?
Қарағай өсімдігіне қазақша, орысша сипаттама береді.
«Зоналар» тобына
- Кеппе өсімдіктерден дала зонасының өсімдіктерін анықтау, біреуіне сипаттама бер?
Жусан өсімдігіне қазақша, орысша сипаттама береді.
V кезең «Кім көп біледі?» 4 деңгей тапсырмалары:
Жануарларды қорғаудағы экологтар мәліметі тыңдалады. Алдын ала берілген тапсырма бойынша дайындаған Еуразия материгінде кездесетін жануарлар туралы слайдтарын көрсетеді. Экологтар заман талабына сай үш тілде қазақша, орысша, ағылшынша жануарларға сипаттама беруі қажет. Қосымша ақпараттық материалдармен жұмыс, экранда слайдтар көрсетіледі. Әр жауап 5 ұпай.Саны азайып бара жатқан, қорғауға алынған жануарларды анықтау негізінде «Белдеулер» тобы «Ақбөкендер» жайында,«Зоналар» тобы «Уссурий жолбарысы» сипаттама береді.
VI кезең «Венн диаграммасы салыстыру кестесін толтыру»
4 деңгей тапсырмалары: Венн диаграммасы арқылы салыстыру кестесін толтырады. Дұрыс жауап 5 ұпай. Интерактивті тақтада жұмыс көрсету.

«Белдеулер» тобы басшысына:
- Биіктік белдеулерді салыстыру – Гималай және Альпі тауларындағы биіктік белдеулерді салыстырып, әр түрлі болу себептерін түсіндіру.
«Зоналар» тобы басшысына:
- Еуразияның қоңыржай және тропиктік белдеулеріндегі шөлдердің ерекшеліктерін салыстыру.
Егер уақыт қалса, оқушылар өзара бір-біріне қарсы сұрақтар қояды.
VII кезең Қортынды – оқушылар рефлексия жасайды. Оқушылар мен мұғалім ұпайды анықтап, әр оқушының ұпайын санайды,20ұ жоғ= 5;
12-20ұ= 4;11-3ұ=3;3-0ұ=2 қай топ алға шыққанын хабарлап, бағалайды.