Еуразияны? таби?ат зоналары (7 сынып)
Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Еуразияның табиғат зоналары.Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Еуразияның барлық климаттық белдеулерінің табиғат зоналары жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.
2. Әңгіме-дәріс.
3. Кестемен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Кестемен жұмыс
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұрақ-жауап.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
1. Еуразияның өзендері?
2. Еуразияның көлдері?
3. Еуразияның батпақтары?
4. Еуразияның жер асты сулары?
5. Еуразияның қазіргі заманғы мұз басуы?
Қорытындылау.ІІІ. Жаңа сабақ
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Кестемен жұмыс.
Кесте арқылы Еуразияның табиғат зоналарын түсіндіру.
Арктикалық шөл Арктикалық белдеудің қиыр солтүстігіндегі аралдарды алып жатыр. Жазы өте суық және қысқа. Қыста температура -400С-тан төмен болады. Қарлы борандар мен тұмандар жиі болып тұрады. Аралдарда мұз басып жатыр. Өсімдіктерден мүк, қына, балдырлар өседі, Жануарлардан ақ аю мен ақ тұлкі кездеседі.
Тундра мен орманды тундра Толық жетілмеген батпақты топырақтағы мүкті-қыналы және бұталы өсімдіктерден тұратын, климаты қатал белдеу. Мұнда күшті желдер мен қарлы борандар жиі соғады. Тундрада ең көп тараған өсімдік-бұғы мүгі. Оңтүстікке жүрген сайын жел бәсеңдеп, жылылықтың артуына байланысты тундра зонасы орманды тундраға ауысады. Мұнда жануарлардан солтүстік бұғысы, бұлан, қоңыр аю, қоян, саңырау құрды кездестіруге болады. Исландияда мұз басу дәуірінен қалған қойөгіз тіршілік етеді.
Тайга Тек қана қылқан жапырақты ағаштар өседі. Топырағы күлгін. Қарағай, шырша, май қарағай, саиырсын, бал қарағай өседі. Жануралардан Зубр, бұлан, марал, елік, қоңыр аю, қабан, уссурий жолбарысы кездеседі.
Аралас және жалпақ жапырақты ормандар Материктің батысында Орал тауына дейін тұтас белдеу жасап, Қиыр Шығыстағы жағалық бөлікте қаиты жалғасады. Емен, жөке, амур барқыт ағашы, жабайы жүзім, лиана, корей самырсыны, бал қарағай, шырша, сібір май қарағайы, шамшат, үйеңкі т.б. өседі.
Орманды дала және дала Шығыс Еуропа мен Батыс Сібір жазықтарының оңтүстігінде тұтас жолақ түрінде Алтайға дейін созылып, Қиыр Шығыста қайта жалғасады. Өсімдіктерден қайың, көктерек, селеу, боз, бидайық т.б. өседі. Жануарлардан қасқыр, қарсақ, түлкі, саршұнақ, дала күзені, дала тышқаны т.б. кездеседі.
Шөлейт және шөл Каспий маңы ойпатынан басталып, Қазақстан мен Орта Азияны тұтс жолақ түрінде қамтып, Монғолия мен Қытайдың тау аралық ойыстарында таралған.
Саванналар Жауын-шашынның түсуі мен мөлшерінің жыл мезгілдері бойынша белдеу ішінде әркелкі болады. Өсімдіктерден пальмира пльмасы, сандал ағашы, тик, майлы ағаштар өседі.
Субэкваторлық ауыспалы ылғалды ормандар Үндістанның батыс жағалауы мен Ганг, Брахмапутра өзендерінің төменгі ағысын, Үндіқытай түбегі жағалауы мен Филиппин аралдарының солтүстігін алып жатыр.
Тірек-сызба арқылы субтропиктік белдеудің табиғат зоналарын түсіндіру.
182880098425Субтропиктік белдеудің табиғат зоналары
00Субтропиктік белдеудің табиғат зоналары
36576003803650022860003803650051435001517650057150015176500571500151765004000500151765004572000608965Субтропиктік ауыспалы ылғалды муссондық ормандар.
00Субтропиктік ауыспалы ылғалды муссондық ормандар.
3086100608965Субтропиктік шөлейт және шөл.
00Субтропиктік шөлейт және шөл.
1600200608965Субтропиктік дала.
00Субтропиктік дала.
0608965Қатты жапырақты мәнгі жасыл ормандар мен бұталар.
00Қатты жапырақты мәнгі жасыл ормандар мен бұталар.
Тірек-сызба арқылы экваторлық белдеудің табиғат зонасын түсіндіру.
2057400102870Экваторлақ белдеудің табиғат зонасы
00Экваторлақ белдеудің табиғат зонасы
308610034290002057400262890Ылғалды ормандар зонасы
00Ылғалды ормандар зонасы
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұрақ-жауап.
1. Еуразияның табиғат зоналары?
2. Еуразияның табиғат зоналарының таралып орналасуы?
3. Табиғат зоналары дегеніміз не?
4. Еуразияның арктикалық табиғат зоналары?
5. Еуразияның субарктикалық табиғат зоналары?
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге: Еуразияның табиғат зоналары,мазмұндау.