Урок на тему , Еуразия материгіні? географиялы? орны, ерекшеліктері мен зерттелу тарихы.


Сабақ тақырыбы: Еуразия материгінің географиялық орны, ерекшеліктері мен зерттелу тарихы.
Сабақ мақсаты: 1. Еуразия материгінің жер шарындағы ролін, ең басты ерекшеліктерін көрсете отырып, «географиялық орын» термині туралы ұғым қалыптастыру және жұмыс жолдарын үйрету;

2. «Дүниетану» курсындағы жердің зерттелу тарихы туралы түсініктерін әрі қарай дамыта отырып, Еуразияның қоныстануы мен зерттелу тарихы туралы қосымша деректермен толықтыру;

3. Өз материгімізді оқи отыра өз жерімізге, туған Отанымызға деген патриоттық, сүйіспеншілік сезімін ояту.
Сабақтың оқу жабдықтары: Жарты шарлар картасы, Еуразияның физикалық картасы, глобус
Ұйымдастыру бөлімі
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Жер шарындағы материктер мен дүние бөліктері туралы өткен материалды қысқаша қайталай отырып, оқушыларды жаңа тақырыпқа дайындау:
А) материктер саны қанша?
Б) материктерді ірісінен кішісіне, кішісінен ірісіне қарай атап шығыңдар.
В) ескі, жаңа дүниеге қандай материктер жатады?
2. өткенді қайталай отырып, оқушыларды «географиялық орын» терминіне қарай бұру.
Материктің «географиялық орны» дегеніміз – осы материктің экваторға, тропиктерге, бастапқы меридианға, басқа материктерге, мұхиттар мен теңіздерге және қандай белдеулерде орналасқандығын көрсететін ұғым.
Еуразияның физикалық картасын орналастырып, экваторды, тропиктерді, бастапқы меридианды, жағалық бөлігін жуып жатқан теңіздерді басқа түспен көрсете отырып слайд орналастыру.

Осының ішінде жағалық бөлігіндегі аралдар(Ұлыбритания, Ирландия, Исландия, Жаңа Жер, Солтүстік Жер, Жаңа Сібір, Курил, Жапон, Филиппин аралдары, Сахалин, Ява, Суматра, Калимантан, Шри-Ланка, Сицилия, Сардиния, Кипр, Крит), шығанақтар (Бискай, Сиам, Бенгал, Парсы, Аден), теңіздер (Солтүстік, Норвег, Баренц, Лаптевтер, Кар, Шығыс Сібір, Чукот, Беринг, Охот, Жапон, Сары, Шығыс, Оңтүстік қытай теңіздері, Араб, Қызыл, Жерорта, қара, Азов теңіздері) мен мұхиттар, түбектер (Пиреней, Скандинавия, Кола, Таймыр, Чукот, Камчатка, Корея, Үндіқытай, Үндістан, Кіші Азия, Балқан, Аппенин) туралы толық мағұлмат беріледі.
3. Географиялық орнын анықтай түсу үшін оқушылармен бірге Еуразияның шеткі нүктелерінің географиялық координаталарын анықтау жолдарын үйрете отырып, координаталары
Солтүстік – Челюскин мүйісі, 77043/ с.е.
Оңтүстік - Пиай мүйісі, 1016/ с.е.
Шығыс - Дежнев мүйісі 169040/ б.б.
Батыс - Рока мүйісі 9034/ б.б. болатындығын көрсетіп,
кескін картаға белгілетіп, жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
4.Түсініктерін тексеріп өту мақсатында төмендегі толықтыру тестін орындайды:
№ Шеткі нүктелері теңіздер мұхиттар Шыға-
нақтар түбектер аралдар
солтүстік оңтүстік шығыс батыс 5. Бұл жұмыс аяқталған соң Еуразия материгінің жеке ерекшеліктері қарастырылады.
А) дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы – Джомолунгма (Эверест) – 8848 метр;
Б) жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер Арабия түбегінің солт-батысындағы Өлі теңіз Гхор ойысы. Оның деңгейі-403метр;
В) Жер шарындағы ең үлкен түбек – Арабия түбегі, ауданы 3 млн.км2 артық;
Г) Материкте солтүстік жарты шардағы ең салқын нүкте – суықтық полюсі Оймякон мекені орналасқан, ол жердегі температура -710.
Д) Ыстық әрі аптапты Үндістандағы Тар шөлінде +530 температура тіркелген;
Е) Жер шарындағы жауын-шашынның ең көп түсетін нүктесі – Гималайдың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Черапунджи елді мекені, онда жылына 12000 мм-ден артық жауын-шашын түседі;
Ж) аса құрғақ, аптапты Арабия түбегінің оңтүстігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 15 мм-ден аспайды;
З) Жер шарындағы ең үлкен көл – Каспий теңізі, Еуропа мен Азия дүние бөліктерінің аралығында орналасқан;
И) Жер шарындағы ең терең көл – Байкал көлі, тереңдігі – 1620 метр;
К) Еуразияда солтүстік жарты шарда кездесетін барлық климаттық белдеулер мен табиғат зоналары кездеседі;
Л) Материк жағалауларын барлық мұхит сулары жуып жатыр;
6. Сәйкестендіру тесті
1 Ең биік шың 1 Черапунджия 7
2 Ең салқын елді мекен 2 Байкал 6
3 Ең үлкен көл 3 Арабия 4
4 Ең терең көл 4 Каспий 2
5 Ең үлкен түбек 5 Тар шөлі 3
6 Ең ыстық нүкте 6 Оймякон 5
7 Ең төмен орналасқан жер 7 Джомолунгма 8
8 Ең көп жауын шашынды жер 8 Гхор ойысы 1
9 Ең аз жауын шашынды жер 9 3
7. Материал толық қарастырылып болған соң Еуразия материгінің қоныстануы мен зерттелу тарихы қысқаша түрде қарастырылып өтеді.
А) Жерорта теңізі жағалауының ежелгі өркениет орталығы екендігі (Крит аралындағы миной халқы, ежелгі вавилон, финикиялықтар, ежелгі үнділердің зерттеулері, аргонавтар);
Б) Азияны зерттеудегі орыс және қазақ саяхатшыларының еңбектері (Н.М.Прежевальский, П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, Ш.Уалиханов).
Сабақты қорытындылау
Үй тапсырмасы §14