О?т?стік Американы? физикалы?-географиялы? орны (7-сынып)
Сейітдәулет Айгүл Маратқызы - «Берел орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Берел ауылы
Оңтүстік Американың физикалық-географиялық орны
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оңтүстік Американың географиялық орнының ерекшелігімен танысу; жағалауындағы мұхиттармен танысу.
2. Дамытушылық: Ойын арқылы оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін өздігінен ізденісін дамыту.
3. Тәрбиелік: Басқа мемлекеттермен таныстыра отырып, өз елін, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, бірін-бірі тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың формасы: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме-дәріс, картамен жұмыс, өз бетімен жұмыс, семантикалық карта.
Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, электронды оқулық, атлас, кескін карта, интербелсенді тақта, презентация.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру.
Алдыңғы сабақтарда өткен оңтүстік жарты шар материктерін қайталау мақсатында оларға саяхат жасау.
Оңтүстік жарты шар материктеріне қандай материктер жататынын анықтау.
«Оңтүстік жарты шар материктеріне саяхат»
Саяхат Африка мемлекетінен басталады. Оқушылар Африка материгі бойынша алған білімдерін көрсетеді (презентациядан материалдар көрсетіліп тұрады).
Төмендегілердің қайсысы тек Африкада ғана кездеседі? (Суреттері көрсетіледі)
Ехидна; үйректұмсық; эму түйеқұсы, марабу; лемур.
Кескін картаға сандық белгілеуді қолдану арқылы географиялық атауларды белгілеңіз!
1.Атлас тауы; 2. Намиб шөлі; 3.Сомали түбегі; 4. Ассаль көлі; 5.Ніл өзені;
6.Килиманджаро жанартауы; 7. Тугела сарқырамасы; 8. Айдахар тауы.
3. Африка материгін сипаттап беріңдер.
4. Африкада қандай халықтар мекен етеді? (Суреттен көріп атайды).
- экваторлық ормандарда мекен етеді, бойлары өте аласа, ұзындығы 150 см-ден асайды (пигмейлер);
- Солтүстік Африка саванналарында мекен ететін ең бойшан адамдар, ерекше сымбатты, шымыр, бойларының ұзындығы 180-200 см-ге жетеді (Тутсилер)
- Ніл өзенінің жоғары және орта ағысында, көлдердің маңында тұрады. Өңі қап-қара, қыр мұрынды, бойшан келеді. (Нилоттар)
Саяхаттың келесі бөлімінде оқушылар Аустралия материгіне бару керек. Аустралияға кемемен барады. Кемеге билет сатып алу үшін олар тапсырма орындайды. Интерактивті тақта №5 Африка. Аустралияға келіп олар материк бойынша интерактивті тапсырмалар орындайды: Аустралия №1,5,6. Антарктида материгіне бару үшін ұшаққа билет алу үшін интерактивті тапсырма №7 Аустралияны орындайды.
Антарктида материгі бойынша Антарктида материгіне сипттама береді, ашылуы туралы айтып ,сөзжұмбақ шешеді. Оңтүстік Америкағаи келіп сахат аяқталады. Оқушылар жаңа тақырып бойынша білім алады.
Қорытындылау.
ІІІ. Дайындық кезеңі.Сөзжұмбақ шешу арқылы оқушыларды жаңа тақырыппен, сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сөзжұмбақ шешу.
1. жалқау қалталы аю (Коала)
2. Аустралия материгін латынша аударғанда қандай мағына береді? (оңтүстік)
3. салмағы 50 кг, бойы 1м-ден асатын пингвин (император)
4. «шөлдегі кемелер» дегеніміз? (бір өркешті түйелер)
5. Африка материгінің ең ірі аралы (Мадагаскар)
6. Ең тар бұғаз (Гибралтар)
7. Антарктида табиғаты халықаралық заңдар негізінде қорғауға алынған. Сондықтан оны қандай материк деп атайды? (ғылым мен бейбітшілік материгі)
8. Уақытша кеуіп қалатын өзен арналары (крик)
9. Жанартаулық аралдардың ең ірісі (Гавай)
10.Аборигендер ойлап тапқан аңшылық қаруы (бумеранг)
11. Африкадағы бойлары өте аласа, 150 см-ден аспайтын халық (пигмейлер)
12. Тек Африкада ғана кездесетін құс (Марабу)
13. Кофенің, қара бидай мен тарының отаны (Эфиопия)
14. 1820 жылдың 28 қаңтарында ашылған материк (Антарктида)
15. Оңтүстік жарты шар материктері қандай материктің құрамында болған (Гондвана)
к О а л а о Ң т ү с т і к и м п е р а Т о р т Ү й е м а д а г а С к а р г и б р а л Т а р б е й б І т ш і л і к К р и к г А в а й б у М е р а н г п и г м Е й л е р м а Р а б у э ф И о п и я а н т а р К т и д а г о н д в А н а Қорытындылау.
ІV. Жаңа сабақ.
Электрондық оқулықты қосу.
Әңгіме-дәріс. Әңгіме – дәріс арқылы Оңтүстік Американың табиғаның ерекшелігін түсіндіру.
Оңтүстік Америка жерінің ауданы аралдармен қоса есептегенде 18,3 млн км2, үлкендігі жөнінен 4 материк.
Табиғатының ерекшелегі:
Жер шарындағы ең мол сулы өзен – Амазонка орналасқан.
Материктің солтүстігінде дүниежүзіндегі ең биік сарқырама – Анхель орналасқан, биіктігі 1054 м.
Материктегі аса ірі тау жүйесі – Анд таулары дүниежүзіндегі ең ұзын тау болып табылады. Ұзындығы 9000 км-ден асады.
Анд тауларында дүние жүзіндегі биік тау көлдерінің ең ірісі – Титикака орналасқан.
Оңтүстік Америка жер шарындағы ең ылғалды және ең жасыл материк, жерінің тең жартысына жуығын орман алып жатыр.
Теңіз деңгейінен ең биік нүктесі – Аконкагуаның биіктігі 6960 м, Валдес түбегінде материктің ең төмен жатқан нүктесі (-40 м) орналасқан.
Ең үлкен сарқырамалар жүйесі - Игуасу орналасқан. Биіктігі 72 м, 300 тармаққа бөлініп ағатын, табиғаттағы ең әсем сарқырамалардың бірі болып есептеледі.
Оңтүстік Американың шеткі нүктелері: солтүстігінде Гальинас мүйісі, оңтүстігінде Фроуард, батысында Париньяс, шығысында Кабу-Бранку.
V. Жаңа сабақты меңгергендіктерін алғашқы байқау.
- Интерактивті тапсырма: Оңтүстік Америка №1.
«Семантикалық карта». «Мені тап!»
Титикака Аконкагуа Валдес Анхель Амазонка Анд Оңтүстік Америка
Ең биік нүкте Ең биік сарқырама Ең ұзын тау Ең мол сулы өзен Ең ірі тау көлі Ең жасыл, ең құрғақ материк Ең төменгі нүктесі Қорытындылау.
VІ. Жаңа сабақты бекіту.
Сергіту сәті. Ауа райы.
Оқушылар шеңберге тұрады. Мұғалімнің айтқанын бір-бірінің арқасына алақандарымен салып тұрады.
Таң ертең аспан шайдай ашық болыпты. Бір кезде ақырын жел соға бастады, уақыт өткен сайын жел қатты-қатты соғып, аспанда бұдақ-бұдақ бұлттар пайда болды. Біраздан соң тамшы тама бастады. Біраздан соң жауын жауа бастады. Жауын басылып, аспан шайдай ашылып, күн шықты. Сендерде күндей жайнаңдар, балалар!
«Жадыңда сақта». Кескін картаға Оңтүстік Американың негізгі табиғи ерекшеліктерін түсіріңдер.
«Қыз қуу» ойыны.
Қыздар екі қадам алға тұрады. Оқушыларға сұрақтар қойылады. Сұрақ таңдауда оқушы қай әріпті таңдаса сол әріптен басталатын жауап айту керек. Дұрыс жауап берген оқушы бір қадам алға басады. Алға шығып озған оқушы жеңеді.
А - Дүниежүзіндегі ең биік сарқырама – Анхель.
Ә - Жер шарындағы ең жоғарғы температура 1933 жылы тіркелген +580С қай қала? (Әл-Азизия қаласы)
Б – Антарктиданың ең төмен жатқан нүктесі – Бентли ойысы
В – Оңтүстік Американың ең төмен жатқан нүктесі – Валдес түбегінде;
Г - адам тәріздес ең ірі маймыл - горилла
Д – лианалардан тұратын төменгі қабаты адам өте алмайтын қалың ну орман – Джунгли
Е- ең үлкен материк - Еуразия
Ж – Ніл өзені үлкен атырау жасап қайда құяды? (Жерорта теңізіне)
З – Африка жануары (Зебра)
И- ең ірі сарқырамалар жүйесі – Игуасу;
К – кофе атауы Африкадағы осы жердің атымен байланысты шыққан – Каффа;
Қ – Африканың солтүстігінде құрметтейтін ағаш – құрма;Л – Мадагаскарда мекен ететін шағын денелі маймылдар (Лемурлар)
М – Материк жағалауындағы ең ірі арал – Мадагаскар;
Н- жер шарындағы ең ұзын өзен – Ніл;
О – Африкадағы ең ірі сарқырама Тугела материктің қай бөлігінде орналасқан? (Оңтүстік)
Ө – субтропиктік, субэкваторлық, субартикалық белдеулер қандай климаттық белдеуге жатады? (Өтпелі)
П – құрлықтағы ең ірі жануар, ірілерінің салмағы 7,5 т. жетеді - піл
Р – Жаңа Зеландияның Солтүстік аралығындағы сөнбеген жанартау, биіктігі 2796 м-ге жетеді? (Руапеху)
С – Жер шарындағы ең үлкен шөл – Сахара;
Т – Дүние жүзіндегі ең ірі тау көлі – Титикака;
У – Африкадағы кеуіп қалған арналар –уәдтер;
Ү – Замбези өзені қай мұхит алабына жатады? (Үнді)
Ф – тұңғыш жер шарына айналып өткен саяхатшы (Фернан Магеллан)
Х – Сахарадағы тасты шөлдер - хамада
Ц – адамдар мен жануарларға ұйқы ауруын жұқтыратын жәндік – це-це шыбыны
Ч – Солтүстік Африкада ежелгі су айдындарының орнында сақталып қалған, суы таяз, тереңдігі 4-7 м ғана болатын ағынсыз көл – Чад;
Ш – Намиб, Калахари, Сахара дегеніміз (шөл)
Э – Аустралияның ең төменгі нүктесі (Эйр көлі -16м)
VІІ. Қорытындылау, бағалау.
Оқушылардың бүгінгі сабақта алған білімдерін қорытындылау. Сабаққа қатусына, картамен жұмыс жасай білуіне қарай бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма беру.
§36 оқу, мазмұндау;
Христофор Колумб, Америго Веспуччи, Александр Гумбольт, Фернан Магелланның материктің ашылуына қандай үлес қосқандары туралы баяндама жасау.