Саба? жоспары ?аза? тілінен. Та?ырыбы: О?шау с?здер, т?рлері(8-сынып)


Сабақтың тақырыбы: Оқшау сөздер, оның түрлеріМақсаты: 1. Оқшау сөздердің негізгі белгілеріне қарап түсінік беру, түрлерін ажырату, тыныс белгісіне тоқталу, сөйлем ішінде орналасу орнын анықтау, оқушының өзіне талдату жолымен өздігінен қорытынды шығарту, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізу, тақырыпты саналы меңгерту; 2. ауызша, жазбаша сөйлеуде қолдана білуге ұштау; 3. ой - өрісін, сөз байлығын дамыту.Көрнекілік: кесте, топтастыру кестесі, интерактивті тақта.Әдісі: талдау, жинақтау, ой дамыту жұмыс түріПәнаралық байланыс: геометрия, әдебиетБарысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі2. Үй тапсырмасын сұрау3. Жаңа сабақЖаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға сабақтың мақсатымен таныстырып өтемін. Оқушыларға сұрақ:- «Оқшау» сөзінің мағынасын қалай түсінеміз?Егер оқушы сөз тіркесі, сөйлем, сөйлем мүшелерінен толық түсінігі болса, онда оқшау сөздің негізгі белгілерін тез игереді. Сабақты «Оқшау сөздер» сызба кестесімен түсіндіруді бастаймын.Оқушыларға 5,7 – сыныпта қаратпа сөз бен одағай сөз туралы толық түсінік берілген. Сондықтан мысалдар айтқызып оқушылардың өздеріне талдатамын.Қыстырма сөзге интерактивті тақта арқылы бірнеше мысалдар келтіріп түсінік беремін.І деңгей. Оқулықпен жұмыс67 – жаттығуды берілгені бойынша ауызша орындау.68 – жаттығудан қаратпа сөздерді тауып, тыныс белгісін, орналасу орнын анықтау.ІІ деңгей.Уа Жиренше анау қаңбақ қайдан келеді, қайда барады екен?Пай – пай Көрінде өкіргір Қожекем – ай! Қатал едің жарықтық. Сізге бәлкім бұл таныс болмас. Сіздің халық – ақын халық менің ойымша. Жә көрген – білгеніңді тез айт! Біріншіден сөзде тұру керек.(Оқшау сөздің астын сыз, тыныс белгісін қой,түріне ажырат)ІІІ деңгей.Тест жұмысын таратып, белгілі уақыттан кейін жауабын интерактивті тақтамен көрсетіп, тексерту.1.Оқшау сөздердің негізгі қызметі не?А) сөйлем мүшесі бола аладыВ) сұраққа жауап бередіС) сөйлемге түрлі мағына береді2. Қыстырма сөз деген не?А) Тыңдаушының назарын аударадыВ) Сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіредіС) адамның көңіл – күйін білдіреді3. - Тәйірі, сол да қиын ба? Одағай сөз қайсы?А) қиын баВ) сол даС) тәйірі4. Менің байқауымша, ол – сабырлы, ілтипатты адам. Сөйлемдегі қыстырма сөздің мағынасы қандай?А) сенер – сенбестікВ) мойындауС) ойдың кімнен шыққаны5. Қаратпа сөз қатысқан сөйлем қайсы?А) Сөйлей бер, ақ домбырам, күмбірлеген.В) Бәсе, дұрыс айтасың.С) Пай, пай, сенің Қызылбалағың құстың патшасы ғой!6. Одағай сөздің неше түрі бар?А) 5В) 4С) 37. Күннің суытатын сыңайы бар, сірә. Сөйлемдегі қыстырма сөздің орын тәртібін тап.А) басындаВ) соңындаС) ортасында8. Зал ішінен алақайлаған сәбилердің даусы шықты.Одағай сөзден жасалған есімшені тап.А) зал ішіненВ) алақайлағанС) сәбилердің даусы9. – Көзіңнен жақсы жанар көрдім, шырағым Абайжан! Сөз тіркесі бола алмайтын сөздер қайсы?А) шырағым АбайжанВ) көзіңнен көрдімС) жақсы жанар10. Оқшау сөздердің тыныс белгісі қандай?А) үтірВ) сызықшаС) қос нүктеІҮ деңгейКод арқылы диктант алу. Мәтінді интерактивті тақта арқылы беремін.1. Сіздіңше, теміржолға тіке тартқан дұрыс па? 2. – Бетіңнен тайма, қызым! 3. Дау жоқ, келісімді орындау керек. 4. Өрт болмағай еді, ойпырмай - ай! 5. – Мектепке қарауылшы керек деп едіңіз, аға, сол рас па? 6. – Шырағым, байқағайсың, құлап қалма. 7. Пәлі! Ақын ғой мынауың! – деді Қоржынбай. 8. Ал, Бәке, бұған не дейсіз?(Әр сөйлемнен оқшау сөзді тауып, координат системасынан Х осіндегі орналасқан сөйлемдер арқылы У осіндегі оқшау сөздермен қиылысын нүкте арқылы белгілеп алып, әр нүкте арасын кесіндімен қосу керек.Бекіту. (Ой дамыту жұмысы)Кім әрі тапқыр, әрі ойлы, әрі жылдам?1.Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,Ұстарасыз аузына түсті мұртың.(қаратпа сөз)2.Өзгелер басын изейді,Әрине, - деп мақұлдап.( қыстырма сөз)3.Араздығы сөз болса,«Бәрекелді! Батыр!» - деп,Мақтап – мақтап қоздырар.(одағай, қаратпа)4.Өзгеге, көңілім, тоярсыңӨлеңді қайтіп қоярсың?( қаратпа )5. - Бұрынғыдан мұнысы қиын болды,Ойбай, уәзір, ақыл тап, қайттік? – деді.(одағай, қаратпа)6. – Е, шырағым, жасым сексенге келгенде, біреудің қанын жүктеп не қылайын?( Мадан ханның шешесінің сөзі, одағай, қаратпа )7. – Апырмай – ай , менің наубайдың баласы екенімді қайдан білдің?( Мадан ханның сөзі, одағай)8. – Сөйлестім, тақсыр! Өзімді сөгіп салды, - деп жауап берді.( Жиреншенің сөзі, қаратпа )9. Махамбеттің қандай өлеңі қаратпа сөзбен басталады?( «Қызғыш құс» )10. Ы. Алтынсариннің қай өлеңінде қаратпа сөз бар?( «Кел, балалар, оқылық!»)Бағалау.Үйге тапсырма. Оқыған шығармаларының ішінен оқшау сөздерге бірнеше сөйлем жазып келу.