Тарих п?нінен ашы? саба? Білім биржасы
Сабақтың тақырыбы: «Білім биржасы»
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың өткен тақырыптары бойынша білімдерін жинақтап, одан әрі танымдығын арттыру арқылы шығармашылыққа баулу.Оқушылардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау, іздену, салыстыру және де пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, отаншылдыққа, туған еліне, жеріне деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Өз ісіне жауапкершілік арттыу, тарих пәнінен білімін тереңдету.
Оқу нәтижелері: Өз пікірін негіздеп, дәлелдеуді талап етуге; оқушылар өз білімдермен бөлісу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Топқа бөлу, сұрақ - жауап, салыстыру, талдау, пікір алысу, топтастыру, ассоциация құру, т. б.
Көрнекілігі: Үлестірмелі қағаздар, кестелер, ұяшықтар, сөзжұмбақтар, т. б.
Сабақ барысы
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар біз бүгін 6 - шы сынып оқушыларымен «Жас тарихшылар» атты сайыс сабағымызды бастаймыз. Бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық. Сайысқа I топ және II топ оқушылары қатысады. Сайыс 5 бөлімнен тұрады. Жеңіске жеткен топқа «Жас тарихшылар» деген баға беріледі.
Жоспары:
I бөлім: «Асу» (әр топқа 13 сұрақтан қойылады. Бір дұрыс жауапқа 1 ұпай).
II бөлім: «Өткел» ( топпен жұмыс. Сұрақ екі топқа да қойылады. Бір дұрыс жауапқа 1 ұпай).
III бөлім: «Белес» (топтастыру, сәйкестендіру).
1 ұпай 1 ұпай
IV бөлім: «Жерұйық» (Ұяшықтарды шешу. Бір дұрыс жауапқа 1 ұпай).
V бөлім: «Бәйге» (Шығармашылық жұмыс. Сөзжұмбақтар шешу. Бір дұрыс жауапқа 1 ұпай).
Топтарға бөлу:
I топ: «Тарих»
II топ: « Геродот»
I. Қызығушылығын ояту:
Адам қайдан жаралған?
Осынау бір сұрақты
Топшылаймыз сан алуан,
Жауабы жоқ тұрақты,
Ұғынамыз ғылымнан,
Топшылаймыз діндерден
Адам қайдан туылған?
Тәңірі оны кім көрген!
Судан ба әлде оттан ба,
Жерден бе әлде күннен бе,
Бардан ба әлде жоқтан ба,
Маймылдан ба, пілден бе?
Әр нәрсеге үңілдік,
Ұқсап бақтық әркімге,
Ақыры көп жүгіндік,
Ғұлама шал Дарвинге
Мен адамнан жаралдым,
Ниетім жоқ айнуға
Баласымын адамның,
Ұқсаған жоқ маймылға
Мен – Адаммын!
I бөлім «Асу»
I топ: «Тарих» сұрақтары
1. Ең алғаш адамдардың өмір сүрген қоғамын қалай атайды? (Алғашқы қауымдық құрылыс)
2. Алғашқы адамдардың сүйегі Қазақстанның қай жерінен табылды? (Оңтүстік Қазақстанның Қаратау жотасы)
3. Андронов мәдениетінің тұрақтары ең алғаш қай жерден табылған? (Ачинск маңы)
4. Археологтар адамзат дамуын қандай дәуірлерге бөлді? (Тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі)
5. Алғашқы адамдардың еңбек құралдарын ата? (қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар)
6. Қаратау ауданындағы тастарда көбінесе нелердің суреті бейнеленген? (Соғыс арбалары)
7. Соңғы қола дәуірінің мәдениетін ата? (Беғазы - Дәндібай мәдениеті)
8. Неолит дәуірінде тас өңдеудің қандай әдістері қолданды? (Жылтырата тегістеу)
9. Алғашқы еңбек бөлінісі деген не? (Мал шаруашылықтың егіншіліктен бөлінуі)
10. Жер бетін қай уақытта мұз басты? (Осыдан 100 мың жыл бұрын)
11. 1938 жылы Неандертальдық бала табылған үңгір? (Өзбекстанның Тесіктас жерінен)
12. Неолиттік 150 - ге жуық тұрақ, кен шығару, жерлеу орындары табылған өңір? (Жезқазған өңірінен)
13. Ежелгі қалалардың бірі Арқайым қайда орналасқан? (Қостанай мен Челябі облыстарының аралығында)
14Арыстан баб кесенесі қайда орналасқан?
Жамбыл қаласы
15 Ислам діні қашан және қай жерде пайда болды?
VII ғасырдың ортасында Араб елінде пайда болған
16 Ислам дінінің негізгі бес парызы
1.Бес мезгіл намаз оқу.
2. Ораза ұстау
3. Садақа беру.
4. Иман.
5. Қажылыққа бару
17 «Түрік тілдерінің сөздігі» («Диуани луғат ат-түрік») шығармасының авторы кім?
Махмуд Қашғари
18 Жібек сауда жолы арқылы ерте кезден көп елге тараған қазіргі кезге дейін базарда сатылатын көкөніс түрі:
қытай немесе болгар бұрышы
19 Ғимараттарды өрнектеп, сәндеу ісіне оюланған кірпіштер кеңінен қолданыла бастады.
Х І - ХІІ ғасырларда
20 Византия шеберлерінің жасаған күміс құмыралар табылған қала:
Тараз
II топ: « Геродот» сұрақтары
1. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? (Тас дәуірі)
2. Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңіндегі топтасу жүйесі? (Тобыр)
3. Алғашқы адамдардың тобырдан кейінгі топтасу жүйесі? (Рулық)
4. Тас дәуірін өндірістен ығыстырып шығарған дәуір? (Қола)
5. Адамзаттың өткен тарихын заттай деректер арқылы зерттейтін ғылым? (Археология)
6. Епті адам қайдан табылды? (Африка, Кения, Олдувай шатқалы)
7. Мезолит кезеңінде жебе мен садақтың доғал және домалақ ұштары қандай мақсатта қолданылды? (Терісі бағалы аңдарды аулау үшін)
8. Неолит қай кезеңді қамтиды? (Б. з. б. 5 - 3 мың жылдықтар)
9. Мезолиттің ең үлкен жаңалығы? (Садақ пен жебенің пайда болуы)
10. Балалар тобынан, ересектер тобына өту ғұрпы қалай аталады? (бағыштау, иницияция)
11. Қай дәуірде малды қолға үйрете бастады? (Мезолит)
12. Ең бірінші қолданылған металл? (Мыс)
13. Қазіргі заман адамының пайда болуы ежелгі адамдар өмірінің қай кезеңімен байланысты? (Кейінгі палеолит)
14 Сәулетті ірі құрлыстар салына бастаған.
Х – ХІІ ғасырларда
15 Айша бибі кесенесі салынған.
ХІ – ХІІ ғасырларда
16 Жібек сауда жолына «ұлы» сөзінің қосылу себебі:
Шығыс пен Батысты байланыстырды
17 Жібек жолының басы басталатын аймақ:
Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарынан
18 Сәндік қолданбалы өнерде оюлы және кеңінен пайдаланылған.
ХІ ғасырда
19 Жібек өндіруді дамытып, Қытаймен бәсекеге түскен ел:
Соғды
20 Қытай императоры жібектен жасалған әшекейлі киімдерді сыйлық ретінде жіберді:
Иран шахына
II бөлім: «Өткел»
Сұрақ екі топқа да қойылады.
1. Жер бетінде бұдан 100 - 35 мың жыл бұрын пайда болған адам? (Неандерталь)
2. Бір қабат өңделген жүзінде кертік ойықтары бар өткірлеу әдіс? (Ретушь)
3. Жамбыл облысынан бес мыңға жуық тас құралдар табылған тұрақтар? (Бөріқазған, Шабақты)
4.«Саналы адам» табылған жер? (Франция, Кро - Маньон үңгірі)
5. Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі? (Көзе құмыралар жасау)
6. Еуразия даласындағы қола дәуірінің мәдениеті? (Андронов мәдениеті)
7. Андроновтықтардың сүт өнімдері мен етті сақтау тәсілі? (Жер асты шұңқырларда)
8. Андроновтардың бет - бейнесін сипаттаған ғалым? (Алексеев)
9. Қола дәуіріндегі қоланың алыну қосындысы? (Мыс пен қалайы)
10. Қола дәуірінде Жезқазған өңірінен бір миллион тонна кен өндірілгенін айтқан ғалым? (Қ. Сатбаев)
11. Қола дәуірінде 1100 тонна қалайы шығарылған кен орны? (Нарым, Қалба)
12. Тас пен мыстан жасалған еңбек құралдары қатар қолданылған кезең? (Энеолит)
13. Тебінді жайылымға байланысты саны артқан мал? (Қой мен жылқы)
14. Қазақстан жеріндегі қола дәуірін зерттеген ғалым? (Ә. Марғұлан)
III - бөлім: «Белес» Сәйкестендіру
I топ: «Тарих»
1. Австролопитек А. Ява аралы
2. Питекантроп В. Франция
3. Синантроп С. Германия
4. Неандерталь Д. Чжоу - коу - дянь үңгірі
5. Кроманьон Е. Олдувай шатқалы
II топ: « Геродот»
1. Австролопитек А. Б. з. б. 40 - 35 мың жыл
2. Питекантороп В. Б. з. б. 500 - 200 мың жыл
3. Синантроп С. Б. з. б. 100 - 35 мың жыл
4. Неандерталь Д. Б. з. б. 1 млн жыл
5. Кроманьон Е. 1 млн - 750 мың жыл
IV бөлім: «Жерұйық»
Дәуірлер 10 20 30 40 50
Терминдер 10 20 30 40 50
Тұрақтар 10 20 30 40 50
Жылдар 10 20 30 40 50
Д әуірлер 10. Адамдар тобыр болып қай дәуірде өмір сүрді? (Ерте палеолит)
Дәуірлер 20. Адамдар терімшілікпен қай дәуірде айналысты? (Ерте палеолит)
Дәуірлер 30. Тас өңдеу әдістері қай дәуірде жоғары нәтижеге жетті? (Неолит)
Дәуірлер 40. Адамдар от жағуды қай дәуірде үйренді? (Орта палеолит)
Дәуірлер 50. Орта дәуір тұрғындарына қай адамдар жатады? (Неандерталь)
Терминдер 10. Ретушь (Бір қабат өңделген тас құралдың кертік ойықтары бар өткірлеу тас құрал)
Терминдер 20. Бифас (Екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құрал)
Терминдер 30. Шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыратын діни наным-сенім, Тотемизм
Терминдер 40. Болас (Аң аулағанда жіпке байланған домалақ тас)
Терминдер 50. Діни құрылыс, белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған.
Кесене
Тұрақтар 10. Палеолит дәуіріне жататын Шақпақата тұрағы Қазақстанның қай бөлігінде? (Батыс Қазақстан, Маңғыстау)
Тұрақтар 20. Неолит дәуіріне жататын Орталық Қазақстандағы тұрақ? (Зеленная Балка)
Тұрақтар 30. Энеолит тұрағына жататын Солтүстік Қазақстандағы тұрақ? (Ботай)
Тұрақтар 40. Энеолит тұрағына жататын Шебір Қазақстанның қай бөлігінде? (Батыс Қазақстан, Маңғыстау)
Тұрақтар 50. Қола дәуіріне жататын 30 қоныс, 150 оба табылған өңір? (Орталық Қазақстан)
Жылдар 10. 1938 жылы (Өзбекстанның Тесіктас жерінен Неандерталдық баланың сүйегі табылды)
Жылдар 20. 1 млн тонна (Сатбаев 1 млн тонна кен өндіріп, 100 мың тонна мыс алған)
Жылдар 30. Атлах шайқасының болған жылы? 751 жыл
Жылдар 40. 10 мың жыл бұрын (Егіншілік пайда болды)
Жылдар 50. Б. з. б. 40 - 12 мың жылдықтар (Кейінгі палеолит)
Тарих 10 Бор тасты күйдіру арқылы алынатын құрылыс материалы. ол қалау жұмысына және сылаққа қолданылған. Ғаныш
Тарих 20 Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні деп жариялаған кім? Мұса хан
Тарих 30 Айша бибі” кесенесін тұрғызған хан Қарахан
Тарих 40 Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған данышпан, ұлы ойшыл энциклопедист ғалым. Әбу Насыр әл-Фараби
Тарих Тарих 50 Одан қалған мұра “Даналық кітабы” – “Диуани-и хикмет” кітабы түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған. Қожа Ахмет Йасауи
V бөлім: «Бәйге»
Шығармашылық жұмыс (сөзжұмбақтар шешу)
Сөзжұмбақ «ТАРИХ»
Т А Р И Х Қытай шежіресі бойынша «теле» сөзінен .... атауы қалыптасқан. (Түрік)
Ыдыраған Түрік қағанатының бір бөлігі ... (Батыс)
Түрік қағанатында сот істерін басқарды. (Тархан)
Қимақ қағанатының орталығы болған қала. (Имақия)
751 жылы Арабтар мен қытайлар шайқасқан қала. (Атлах)
Сөзжұмбақ «СЫҒАНАҚ»
С Ы Ғ А Н А Қ Батыс Түрік қағанатының орталығы. (Суяб)
IX ғасырдың соңы – XI ғасырдың ортасында өмір сүрген мемлекет. (Оғыз)
Қағанатты басқарушы адамды атады ... (Қаған)
Оғыздарда жоғарғы билік иесі қалай аталды? (Жабғу)
Оғыздарда жабғудың орнын басатын мұрагері. (Инал)
Ежелгі Түріктер «Астанасы» атады.(Орда)
Оғыздардың тотемі.(Қой)
Тест сұрақтары
Отырар қаласында туған шығыстың аса көрнекті ғалымы
А) Жүсіп Баласағұни В) Әл-Фараби
Б) Әл-Макдиси Д) Махмуд Қашғари
2. «Диуани луғат ат-түрік» еңбегінің авторы
В) Махмуд Қашғари
3. Қожа Ахмет Йасауиден қалған ұлы мұра
В) «Диуан-и хикмет»
4. Ғаныш деген не?
А) Күйдірілген бор тас.
5. Х-ХІІ ғасырларда қандай архитектуралық құрылыстар салу ісі ерекше дамыды?
А) Діни кешендер
6. Белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған діни құрылыс қалай аталады?
Ә) Кесене
Кері байланыс
Соныменен бүгін біз нені білдік?
Рефлексия
Қорытынды: «Жас тарихшылар» тобын анықтау үшін, сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Бекітемін-------------
Мектеп директоры: С.М.Имиршаева
Ұйғыр ауданының білім бөлімінің «А.Розыбакиев атындағы орта мектебі» кмм
Сабақтың тақырыбы:
«Білім биржасы»
Тарих пәні мұғалімі: Азиева А.Н.
Бахар селосы, 2016ж