Презентация по казахскому языку на тему Мені? Отаным – ?аза?стан
Урок казахского языка в подготовительной группе детского сада
г. Павлодара, ясли-сад № 121 "Айгөлек"
преподаватель казахского языка – Оразханова С.С
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: қазақ тіліПәнаралық байланыс: Тіл дамыту,сауат ашу,көркем әдебиет,музыка, шығармашылық.
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан. І Білімділік: Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін бекіту, сөздер мен сөзтіркестерін пайдаланып, өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, өз ойларын жеткізе білуге үйрету.ІІ Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу, әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру. Еркін сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту.ІІІ Тәрбиелік: Өз Отанын, халқын, жерін сүюге, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, патриотизмге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Қайталау,бекіту,әңгімелеу,сұрақ-жауап,таңғажайып кезең,көркем сөз,сөздік, сөз жұмбақ,дид ойын,түсіндіру,мадақтау.
Қолданылатын материал: Қазақстан Республикасының картасы,схемалар, бейне тапсырма, ойыншық, гүлдер, әріптер, компьютер,бейне таспа.
Билингвалдық компонент: Отан-Родина,көктем-весна, торғай- воробей,дос-друг,рәміздер-символика.
Ұйымдастыру кезең /Психологиялық күйге келтіру/
Қуан шаттан алақай
Қуанатын келді күн
Қайырлы таң, қайырлы күн
Күліп шықты бүгін күн!
Кіріспе бөлім /Балалар үстел басына жайғасады/
Сұрақ-жауап әдісімен өткенді қайталау,бекіту.
Балалар,бүгін аптаның қай күні? /сейсенбі/
Ертең қай күн? /сәрсенбі/
Кеше қай күн болды? /дүйсенбі/
Барлығы бір аптада неше күн? /жеті күн/
Кәне айтып шығайық және санайық
Қазір жылдың қай мезгілі? /көктем/
Көктемде неше ай бар? /үш/
Олар қандай айлар? /наурыз, сәуір, мамыр/
Көктемнің келгенін біз қайдан білдік,ерекшеліктерін кім айтады?
/балалардың жауабы/
Көктем туралы білімдерін суреттер /схема/ арқылы сөз тіркестіріп жинақтау.
Негізгі бөлім:
Таңғажайып кезең: /Компьютерге «көктемнен» бейне-хабарлама келуі/
Көктем: Сәлеметсіңдерме, балалар!- Мен көктем ханшайымымын! Я- королева Весна...
Сендер мен туралы көп біледі екенсіңдер, мен өте қуаныштымын.Слышу вы много знаете обо мне, я очень рада. Ал Отан туралы не білесіңдер? Что вы знаете о своей Родине?
Қазір сендерге мен досымды жіберемін. Ол тапсырма әкеледі. Тапсырманы жақсы орындасаңдар сыйлық аласыңдар.Сейчас я к вам отправлю своего друга, который принесет вам задания. Если вы справитесь ,получите подарок. Рахмет! Сау болыңдар!
Құстың ұшып келуі /ойыншық,әуенді торғай/
Мұғалім:-Балалар, мынау не,бұл қандай құс?
Балалар: -/Торғай/
Мұғалім:-Торғай көктемнің досы. Дос деген кім?
Балалар: – друг
Мұғалім:- Біз де торғаймен дос болайық,әкелген тапсырмаларын орындауға кірісейік.
1 тапсырма:
Отан туралы сұрақтар
Сендер қай Республикада тұрасыңдар? /Қазақстан Республикасында/
Қазақстанның бас қаласы қай қала? /Астана/
Қазақстанның Елбасы кім? /Н. Назарбаев/
Қазақстан туралы не білесіңдер?Қазақстан қандай ел?
/Қазақстан – үлкен,жері бай,көп ұлтты мемлекет т.б/
2 тапсырма:
Рәміздер туралыа/ Ребята, в каждой стране есть свои символы.
Кто назовет символику нашей страны?
Балалар: /флаг,герб,гимн/
на казахском языке– ту, елтаңба, ән ұран.
Қазақстан Республикасының ән ұранын орындау
б/ Обратить внимание детей на экран,где изображен государственный флаг,герб.
Балалар,енді мемлекеттік ту мен елтаңбаға сипаттама берейік.
Балалардың әңгімелеуі:
/ту-көгілдір мата, ортасында алтын күн,күн астында-қыран құс,тудың шетінде үлттық ою-өрнек.
Елтаңба –көгілдір аспан үстінде-шаңырақ, екі жағында- пырақтар,жоғарыда-бес бұрышты жұлдыз,төменде- Қазақстан деген жазуы бар/
Қазақстан Республикасының рәміздері туралы балалардың тақпақтары:
Аспан түстес көгілдір Мағыналы сымбаттыТік бұрышты матаның Бар осындай белгімізОртасында төгіп нұр Маған, саған қымбатты
Күн жаяды шапағын Елтаңбасы ол-еліміз!
3 тапсырма: Сөздік жұмыс:
Жаңа айтылған рәміздердің белгілерімен сөздік жұмыс өткізейік,қазақша сөздерді орысшаға аударыңдар:
ою-орнамент,күн-солнце,қыран-беркут,жұлдыз-звезда,қанатты пырақ- крылатые кони.
Сергіту сәті: торғайдың қанат қағу,су ішу,секіру қимылдарын көрсету.
4 тапсырма:
Суреттер арқылы сөз шығару: /орман, торғай,алма, нан/
О Т А Н
5 тапсырма:
Отан,туған жер туралы тақпақ, мақал-мәтелдер білесіңдер ме?
Отан туған үйіміз, Отан менің ата-анам, Моя Родина-Отан,
Отан туған жеріміз, Отан досым, бауырым. Край любимый-Казахстан.
Отан ортақ үйіміз Отан Өлкем Астанам, Горы,степи и поля,
Отан көңілді ән- күйіміз. Отан туған ауылым. Эта вся моя земля.
Туған жер туралы мақал-мәтелдер:
Балалар:
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
Человек без Родины, что соловей без леса
Отан – оттан да ыстық
Родина- жарче огня
Жері байдың- елі бай
На богатой земле- богатый народ
Туған жер –алтын бесік Родная земля- золотая колыбель.
6 тапсырма: Ал енді, балалар өздеріңе белгілі символдар арқылы Қазақстан туралы сөзтіркестер құрастырайық. Алдымен мына белгілер нені білдіретінін есімізге түсірейік:
О о- үлкен,кішкентай, +-бар, - тұрады, -сүйемін.
Берілген белгілер арқылы әңгіме құрастыру:
/Қазақстан – үлкен, бай мемлекет .Қазақстанда ауыл-қалалар,өзен-көлдер, таулар,тамаша табиғаты бар. Біздің елде көп ұлттар тату тұрады.Мен туған жерімді өте сүйемін./
7 тапсырма: Қазақстан картасымен жұмыс
Мынау балалар, Қазақстанның картасы. Мұнда жаңа өздерің айтқан көптеген үлкен,кіші қалалар көрсетілген. Қазақстан жерінің әсем табиғаты, пайдалы қазбалары бейнеленген.Бұл біздің Отанымыз – Қазақстан.
Балалар, картаның жанында әріптер бар, олар адасып кетіпті. Сендер осы әріптерден Қазақстан деген сөзді шығарып ретімен тұруларыңды өтінемін. ҚАЗАҚСТАН деген сөз шықты,Жарайсыңдар!
Рефлексия:
Балалар,айтыңдаршы?!
Күннің шыққаны жақсы ма? Развести руки над головой//
Жақсы /шапалақтайды/
Желдің соққаны жақсы ма? /желді көрсету/
Жақсы /шапалақтайды/
Достарыңмен жүру жақсы ма? /бір адым адымдайды/
Жақсы /шапалақтайды/
Туған өлкеде жақсы ма? /құшақтарын жаяды/
Жақсы /шапалақтайды/
Қазақстандық болған жақсы ма? /бас бармақтарын көрсетеді/
Жақсы /
Ребята, посмотрите,как развеселился наш гость, он что-то хочет вам сказать... /пение птички/
Он сказал, что вы ему очень понравились,он обязательно расскажет весне как вы сегодня занимались, что вы много знаете о своей Родине стихов пословиц, что очень любите свою страну и дорожите ею.
За то, что вы сегодня все активно участвовали,старались выполнять задания он хочет вам передать корзину с подснежниками.Давайте, мы нашему другу скажем көп рахмет и проводим его.
Вам понравился подарок от весны?
Что больше всего понравилось на занятий? Кто был самый активный ? /ответы детей/
Ребята,мне тоже очень понравилось как вы сегодня занимались, смогли показать свои знания.Молодцы! Рахмет! Сау болыңдар!