А?ылшын тілі п?нінен бастауыш сыныптарга арнал?ан ?осымша материалдар


Ақмола облысы
Жақсы ауданы
Жақсы ауылының №1 орта мектебінің мұғалімі
Адильшинова Айжан Кемелбековна
Шеберлік сыныбы
Тақырыбы: «Ағылшын тілі сабағында қолданатын кері байланыс түрлері»
Мақсаты: мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау.
Барысы:
Сергіту сәті
Good morning
Good morning
Good morning to you!
Good morning
Good morning
I’m glad to see you!
Сергіту сәті:Рефлексия сөзі латын тілінен аударғанда  reflexio- кейінге  айналым мағынасын  білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда енгізген. «Рефлексия- адамның өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне- өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп беруі.
Рефлексияны әр түрлі әдіс-тәсілдермен сабақтың әр кезеңінде: тақырыптың соңында, сабақ  бөлімдерінен кейін және  тарау соңында  жүзеге асыруға болады. Кері байланысты түрліше өткізуге болады: топтық  рефлексия түрінде, әңгімелесу түрінде т.б.  Кері байланысты ауызша және жазбаша да жүргізуге болады. Тек қана ағылшын сабағында ғана емес бүкіл пәндерден қолдануға болады.
Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар.
1. Көңіл-күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс.
Көңіл-күйді білдіретін әр түрлі суреттер, смайликтер және бояу түстерімен анықтау. Мысалы: «Ауа райы», «Бағдаршам», «Алма ағашы». Мысалы «Алма ағашы» әдісінде оқушыларға сабақ басында түрлі-түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан көңіл-күйім көтеріңкі, қызыл түсті алма - мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді. «Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен  бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу,  сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау)
2. Сабақтағы іс-әрекетке байланысты кері байланыс. Мысалы: «Табыс сатысы» әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі. 1-ші баспалдағы Мен............. БІЛЕМІН, 2-ші баспалдағы  Мен ............ ТҮСІНЕМІН, 3-ші баспалдағы  Мен ...............  ЖАСАЙ АЛАМЫН.
«Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік» тақырыбындағы сабақта оқушыларға алған білімін жинақтау мақсатында   «Бір сөйлеммен тұжырымдаңыз» әдісін қолдандым. Мұнда оқушылар жаңа тақырыпты қалай түсінгенін бір сөйлеммен (Мен бүгін салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын мысалдар арқылы нақты түсіндім) тұжырымдады.
«Таңдау» әдісінде  бес пікір жазылған парақ беріледі.
1.Мен сабақ қызықты, қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: көп нәрсені, үйрендім, үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды  мұқият    зейінсіз тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға жиі сирек қатыстым.
5.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын   риза емеспін.
Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен  ынтасын білдіретін  сөздердің  астын сызады.
3. Оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс.
Бұрын мен білмеуші едім. Енді мен  білемін деген сияқты ой-пікірлерін  білдіру боп табылады. Мысалы: «Плюс, Минус, Қызықты». «Плюс»-оң  әсер еткен фактілерді, алған білімдері жайлы жазады. «Минус»-қолымнан келмей жатыр  немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.
«Қызықты»  -  деген бағанға өздеріне  не қызықты  болды соны жазады немесе не жайында көбірек білгісі келетінін жазады.
«Аяқталмаған  сөйлемдер» әдісінде:
Мен бүгін білдім....
Мен бүгін сезіндім..
Мен келесі сабақта білгім келеді..............-деген сөйлемдерді аяқтап жазады.
«Мадақтау сэндвичі» 1-бөлік- не ұнады? 2-бөлік не нәрсені жақсарту керек?
3-бөлік- маған ұнады, бірақ келесі жолы ... . Мұнда оқушылар сабақ соңындағы іс-әрекетіне баға береді. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» рефлексиясында оқушылар екі ұнаған фактор мен бір ұсынысын білдіреді.
Бүгінгі таңда күнделікті сабақтарымызда рефлексия жасауды дағдыға айналдырып келеміз.  Рефлексия арқылы оқушының қажеттіліктерін біліп, оларды жинақылыққа тәрбиелеуге болатынын түсіндік. Сабақтағы оқушының ой-пікірін, көңіл-күйін  біліп қана қоймай, сабақ мазмұнын қай деңгейде меңгергенін анықтауға болады.
Сонымен, кері байланыстың тиімділігіне тоқталар болсақ:
Оқушылар үшін: 1-ден, рефлексия-оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды; 2-ден, рефлексия арқылы оқушының  қажеттілігін біле аламыз; 3-ден, рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады; 4-ден, рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады және рефлексияның нәтижесінде оқушының сыни көзқарасы қалыптасады, өз-өзіне баға бере алады.
Мұғалімдер үшін тиімді жағы:1-ден,оқытудағы кемшін тұстарын анықтайды; 2-ден, келесі сабақтың жоспарына өзгерістер енгізуге, түзетуге яғни оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді; 3-ден, уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндіктер береді.(3.15-б)
Кері байланыстан күтілетін нәтижелер:
-мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсарады;
-оқушы өзінің мықты, осал тұсын анықтайды және алға жылжуға ықпал етеді;
-оқушы тек бағалауды ғана емес, өз жұмысынан хабардар бола отырып, оқуға қызығушылығын арттырады;
-мұғалім мен оқушы кері байланысына қарай өз жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталады;
Сондықтан да кері байланыстың  тиімділігі арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсартуға болады деп ойлаймыз.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында , ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында». Сондықтан біз ұстаздар ХХI ғасырдың біздің алдымызға қойып отырған барлық талаптарына сай болып , үздіксіз білімімізді көтеріп отыруымыз қажет.
Пайданылған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші басылым-2012 жыл2. «Оқытудың нәтижелерін бағалаудың әдістемесі» - Зулкашева Ш.М. Орал 2013