«К?ксерек» ??гімесіні? негізінде жазыл?ан сахналы? шы?арма (Мектеп сахнасына арнал?ан драмалы? шы?арма)


«Көксерек» әңгімесінің негізінде жазылған сахналық шығарма
(Мектеп сахнасына арналған драмалық шығарма)
І перде
Құрмаштың әкесі:Мә,Құрмаш. Жеті күшіктің бесеуінің көзін жойдық.Екеуін тірі
қалдырдық. Біреуінің тілерсегін қидық. Ең кенжесін саған алып келдік. Мә,ала ғой,Құрмаш.
Құрмаш: Мұның атын Көксерек қоямын.Енді әжесінің қасына жатпаймын.
Көксеректі қасыма алып жатамын.
Әжесі :Мейлің өзің біл. Бұл қасқырдың күшігі – сенің күшігің,балам.
ІІ перде
Жұмаш:Кәпір,өскен сайын жота жүні үрпейіп,үдірейіп тұрып алады.Тісі батып,
қинап бара жатса да,дыбыссыз ғана езуін ыржитады.
Әкесі: Кәпір,қырыс,тағы емес пе! Кеудесін бермейді жасымайды!
Әжесі: Ұры,асырасаң да, мал болмайды.Тұқымы жау емес пе?
Жұмаш: Түнде қозының құйрығын иіскелеп жүреді.Қойды үркіте береді.Иттен
қорыққаннан ғана үйде жатады.
Құрмаш: Бәрі бір өсектеріңді елемеймін.Көксерек зіңгттей көк шолақ қасқыр
болып шықса да,өзі ешкімге ізденіп соқтықпайды.Әжем екеуміз шақырсақ келеді.Өскен сайын сызданып,суықтанып келеді.Бірақ Көксеректі ешкімге қимаймын.
Әкесі: Енді бұны өлтіріп,терісін алу керек.Осы кәпір түбінде ел болмайды.
Жұмаштың әкесі:Өткенде екі қасқыр ауылға шапқанда,солардың артынан
тұмсығын жерге салып тоқтамай,Көксерек те кетті ғой.Келгенде қайта-қайта жер тырнап,жер иіскелеп,тыныштала ала алмағанын көрдік қой өзіміз.
Құрмаштың әкесі: -Туү,мына кәпірдің көі жап-жасыл болып кетіпті-ау.Тұқымын
сезген екен, мына жүзіқара,қой балам,енді мұны өлтіріп,терісін алайық дедік қой сонда.
Әжесі: Ой,Көксерек өзі таңертең сол күннен соң,тағы бір жоғалып кетіп, қайтып
келді емес пе! Өлтіруге Құрмаш екеуміздің қимауымыз осыдан.
Құрмаштың әкесі: Ой,бұл негізі түбі жат,кетіп тынынады.Көксеректі өлтіріп,
терісін алғаннан дұрысы жоқ.
Құрмаш: Бүкіл ауыл болып,жазықсыз Көксеректі өлтіргілерің келеді. Бермеймін,
Көксерегімді.
Жұмаш: Сенің қасқырың негізі ауылда тұрмайды. Қашып кетеді.Болмаса
шақыршы, менің қара ала төбетім талап жесін.
Құрмаш: Көксерек! Көксерек!
Жұмаш: Айттым ғой,жоқ. Қасқырың қашып кетті. Таба ғой,Көксерегіңді.
Құрмаш: Көксерек! Көксерек!
(Барлығы кетеді.)
ІІІ перде
Ақсақал: Қараадырды екі қасқыр шулатып-ақ болды. Кісіден қорықпайды.
Әсіресе,бір көк шолақ бар. Сойыл соғым жерде келгенше қашпайды.
Арыстанбек: Ауыл қорасына қорықпай түседі.Қасқырмен таласуға жарайтын
ер,сақ иттер де желінді. Мен бәйге жиренмен ізіне түсіп едім,адырға түсіп адастырып кетті.
Құрмаштың әкесі: Осы қасқырды құртпасақ болмас.Жаздай жеген қозы,
бұзауының саны 50-60 –қа жетті.
Арыстанбек: Оның бірін құрттық-ау.Екі рет қуғын болды.Бірақ екеуінде де көлге
түсіп кетіп,судың тап ортасына барып,дүңкиіп жатып алады.Батпақ құтқарып қалып жүр.
Әкесі: Осы көк шолақ,әсіресе,жаңбырлы,желді түндерде,ай қараңғысында,ақ
жауындарда қатты құтырады. Ауыл берекесін алып бітірді.
Арыстанбек: Бұл топ қасқыр болып,соңғы кезде жалғыз атты шаналы жүргіншіні
де қамады.Атын жеп,адамның өзіне шабуыл жасады. Ауыл адамдары қарсы
шығып,айырып алып қалды.
Ақсақал: Анау Бейсенбайлар түйеге мініп,мылтықпен атқан екен,сонда да өлтіре
алмапты. Көк шолағын атқан екен,санын қаып тастап,қашып құтылыпты.
Құрмаштың әкесі: Тасты құдықтағы ауылдың үш-төрт атын жаралап,көк шолақ
атын жеп кетіпті.Ол сол Бейсенбайлар атқан жырынды көк шолақ болу
керек,сірә.
Ақсақал: Қой,кеш болып қалды.Мал алдынан шығайық.Бұл көк шолақтың жыры
бітпес.Бүгін Құрмашты қойға жіберіп едім.Алыдынан шығайын.
Тарасақ ,тарайық.
ІҮ перде
Әжесі: Жалғызым-ай, Құрмашым-ай!
Әкесі: Жалғызым-ай! Құрмашым-ай! Қайдасың,Қасен?
Туыстығың рас болса,жалғыз балам,ерке Құрмашымның кегін қайтар.
Әжесі: Не жазып еді,құлыным.
Әкесі: Сол жалғызымды өлтірген қасқырды қолыма әкеліп беріп,көзін
ойғызбасаң,сен маған туыс емессің.
Қасен: Мақұл,ол жауызды іздеп тауып,аққасқаға алдырамын.
Әкесі: Бүгін аққасқа не өлсін,не өлтрсін.Осыдан басқа жерге итіңнің керегі жоқ, тіпті.
Қасен: Жүріңдер жігіттер! Іздеп табайық,қаңқұйлы көк шолақты.
Бейсенбай: Мына жерде үлкен із жатыр.Тастықұдыққа кетіпті.Ақсорадағы
жылқыға қарай тартыпты.Бұл із – соның ізі.
Қасен: Жылқышыларға соға кетейік.
Жылқышыларға: Өткен түнде көк шолақ жылқыға шауып,бір жабағыны жеп
кетті.Жалғыз өзі бір семіз жабағының жарты етіне жақынын жепті.Бұл
деген жалмауыз екенін білмейміз?!
Қасен: Ол ұзаған жоқ.Ол болса,осы ақсораның айналасынан табылады.
Жылқышылар: Соңғы уақытта қасқырдан тыныш едік.Осы жалғыз қасқыр
кешеден келіп араласты.Ізі тайдың ізіндей.
Бейсенбай: Іздегенімідің өзі сол.Ел мен қосқа кезек тиеді. Бір кәпір сырқынды.
Бәрін істеп жүрген сол.Әттең дүние,соны ғана қолға берсе-ау.
Қасен: Ал,жігіттер,тезірек аттанайық.Із көмескіленбей Аққасқаны көк шолақтың
ізіне салайық.
Бейсенбай: Ана қара,сары жотаның үстінде жотасы күдірейген,құйрығы шоп-
шолақ,бойы тау басында тайдай көрінген,ертегінің көкжалы тұр.
Босат, Аққасқаны!
Қасен: А,құдай! А,құдай!
Иә,сәт! Иә,сәт! Иә,аруақ! Иә,ақсарбас!
Арыстанбек:Ойпыр-ай! Ойпыр-ай!
Бейсенбай: Жарайсың,Аққасқа!
Дұшпанымызды өлтріп,табанға салып бердің.Іздегенімізді қолға бердің. Жарайсың,Аққасқа!
Балалар: Қасен аға келе жатыр. Көк шолақты қанжығасына бөктеріпті.
Ақсақал: Сол жақтағы тілік құлақтың жартысы салпылдап тұр.Мынау – сол ит.
Көксерек.
Әжесі: Қуарған-ай,неңді алып ем?! Буырына салып өсіргеннен басқа не қып
менің құлыным. Мә,саған,мына басыңа лағнет айтып тебейін.
Соңы.