К?ктем бояулары а?ылшын тілі (Технологиялы? карта)


Оқу қызметі: Ағылшын тілі
Білім беру саласы: Шығармашылық, Коммуникация
Тобы: Бәйтерек
Тақырыбы: «Көктем бояулары»
Мақсаты: «граттография» тәсілімен таныстыру және осы тәсілмен жұмыс жасай біліуге үйрету. оқушының қызығушылығын ,ынтасын арттыру; байқағыштық, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту; білім-білік дағдыларын кеңейту. тәрбиелік: эстетикалық тәрбие беру; оқушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, тазалыққа баулу
Teachers work Pupils work
Шаттық шеңбермен сәлемдесу.
«Good morning» әнімен оқу қызметті бастау.
Сұрақ-жауап.
-How do you do pupils!
-How are you today?
-What season is it now?
-What day is it today?
Жарайсыңдар балалар. Балалар өткен оқу қызметімізде не өттік? -How do you do teacher!
-We are fine O’K
-It is Spring
-Today is Tuesday
-«Түстер».
Түстерді ағылшын тілінде не дейміз? Қандай түстермен таныстық?Сиқырлы шеңбер көмегімен өзімізге таныс «I see colors everywhere» әнін орындаймыз. Ал балалар есімізге түссе бүгін түстерді «Көктем бояулары» атты тақырыпта одан әрі жалғастырамыз.Көктем бояулары қандай болады деп ойлайсыңдар? Көктем мезгілінде айнала қандай түске боялады? Қазір сиқырлы тақтаға назар аударамыз.
Сергіту сәті: Орманға саяхатқа барамыз, оған бару үшін бірнеше кедергілерден өтуіміз керек. Бірінші кедергі алдымызда өзен тұрады, өзеннен қалай өтеміз? Ол үшін мына мнемосхемалы сөйлемді оқып шығуымыз керек. Алдымызда шөптер бар екен, қалай өтеміз? Таудан қалай өтеміз? Таудың артында біз не көріп тұрмыз? Қараңдаршы біз орманғада келіп жеттік. Орманда кім бар екен? Ғажайып сәт: Таус құсы мұңлы әнмен билеп шығады?
Таус құсы: Саламатсыңдар ма балалар?
Балалар таус құсы мұнайып отырған секілді, әуенінің өзі мұңлы екен.Өзінен сұрап көрейікші.Таус құсы неге мұнайып отырсың?
Таус: Қазір көктем мезгілі бола тұра ең алғашқы гүлдерді көрмей тұрмын.Мен орманның ішінен достарымды таппай жүрмін. Сол себепті мұнайып отырмын. Таус құсы сен еш мұнайма қазір балалар барлығымыз саған көмектесеміз. Солайма балалар? Ендеше ең алдымен біз мына жерді гүлмен безендірейік. Ол үшін қазір пластмасс ыдысты үшбұрыштап қиып, оның түбіне ермексазды жабыстырып шөптердің жанына шыққан гүлдерімізді орналастырамыз.Ал қандай гүл жасадық? Оны ағылшын тілінде қалай атаймыз?Енді балалар екі топқа бөлініп, тапсырма орындайық. Бірінші топ таус құсына көктем бейнесін генетикалық түрлі түсті құм арқылы жасап береді, ал екінші топ граттаж әдісі арқылы таус құсының достарын жасап шығады. Осылайша біз таус құсына өз көмегімізді береміз.
Таус құсы: Балалар сендерге көп рахмет, мен енді көңілді жүремін. Өз достарымды ала кетейін. Сау болыңдар! Ал балалар біз енді өз балалабақшамызға қайтайық.
«Балабақшаға оралу.» -Colors
-Red
-Blue
-Green
-Yellow
Балалар фонетикалық дыбыстарды өлеңмен қайталайды.
Балалар көктем туралы тақпақ айтады.
Слайдтағы сұрақтарға жауап берді.
Tulip-Тюльпан-Қызғалдақ
Snowdrop- Подснежник- Бәйшешек
-Балық секілді жүзіп




-Саламатсыз ба Таус құсы!
-Ия біз саған көмектесеміз.
Балалар қызғалдақ гүлін пластмасс ыдыстан жасап шығады.
Қызғалдақ- Тюльпан- Snowdrop
Бірінші топ балалары генетикалық құммен жұмыс жасады.
Ал екінші топ балалары өткен оқу қызметімізде танысқан граттаж әдісін жалғастыра отырып,таус бейнесін қыру әдісі арқылы жасап шығады.
Сау болыңыз!
Қорытынды.
Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметті қорытындылау.
Балалар біз қайда бардық?
Орманды ағылшын тілінде қалай атаймыз?
Орманда кімді кездестірдік?
Таус құсы қалай аталады?
Оған қалай көмектестік?
Достарын қалай атадық?
Қандай жыл мезгілдің бейнесін жасадық?
Ал қандай түстерді білеміз?
Балаларды мақтап, мадақтау.
The lesson is over. Good bye pupils! -Орманға
-Forest
-Таус құсын
-Peacock
-Достарын табуға
-Friends
-Көктем
-Spring
Балалар түстер жайлы өз тақпақтарын айтады.
Good bye teacher!
Good bye guest!