Балаба?шада?ы ?аза? тілі Тілдер фестивалі


Қазақстан халықары тілдері күніне арналған ертеңгілік
Жүрг.: Анамның тілі – айбыным менің,
Анамның тілі – ай-күнім менің.
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі өмірді думан.
«Қолды соғып бәріміз,
«Көгершінді» ортаға,
Шақырайық, өнермен,
Орыс, грузин халқы ортада».
«Сонау ыстық шығыстан,
Оңтүстіктен өз ағам,
«Қарлығаштар» ортады,
Өзбек пенен украйн».
«Солнышконың» ұл-қызымыз,
Қазақтардың нұр-күніміз,
Татарлардың тапқырымыз,
Бөбектің біз бақ туымыз» - деп ортаға бүлдіршін өнерпаздарымызды шақырамыз.
Армысыздар! Бүгін біздің байтақ еліміз Қазақ елінің халықтарының тілдерінің күні. Тілдер туралы халық арасында аңыз бар. Адамдар жиналып үлкен ғимарат тұрғызбақшы болып бірге жиналыпты. Бірақ бір-бірінің айтқанын тыңдамапты. Әркім өз айтқанымен істегісі келіпті. Ғимараттың жоғарғы жағына келіп қалғанда ғимарат бұзылып құлады. Құлап түскен адамдар енді бір-бірін түсінбей қалыпты. Содан бастап жер бетінде көптеген тілдер пайда болыпты. Біздің Шәмші Қалдаяқов ауылының өзінде: қазақ, орыс, неміс, украйн, марай, өзбек, шешен, молдаван, татар, башқұрт. Бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміздің алғашқы сөзін балабақша меңгерушісі Гүлнәр Рахимназарқызына береміз.
Ертеңгілігіміздің ашылуын «Солнышко» тобы бастайды.
«Селт еткізер» қойылымы
Денис: Сәлеметсіз бе, сұлу қыз,
Мойныңызды бұрыңыз.
Селт еткізер қабыл ал,
Мынау біздің сыйымыз.
Кристина: Амансың ба, батырым,
Аман ба алыс, жақының,
Халқымның салған жолы еді,
Сыйыңды қабыл алдым мен!
Дима: Ана тілің біліп қой
Еркіндігің теңдігің,
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Рамина: Қазақстан халқының,
Қазақ тілі тірегі.
Қазақ тілде айтылар,
Әнұраны жүрегі.
Баяғы өткен заманда бір ханның жалғыз қызы болыпты. Сол қызы тұрмысқа шығып алысқа кетіп бара жатқанда, хан қызынан: «Не қалауың бар?» деп сұрапты.Қыз: «Әке қаражорғаңды берші, сені көргендей болып жүрейін» деп сұрапты. Хан қызының сөзін қимай, қара жорға деген тұлпарын қызына сыйлапты. Бірақ атын сағынғанда сарай бишілеріне қара жорғаның жүрісін, іс-қимылын салыңдар деп бұйырыпты. Сонда бишілер ортаға шығып билеп беріпті.
Татар халық ойындары.
«Көгершін» тобы өз өнерлерін көрсетсін.
Орыс әні: «Осень к нам пришла»
Грузин биі: «Лезгинка»
«Қарлығаш» тобына кезек беріледі. Өзбек биі және украйн тақпақтары
Құттықтау сөз балабақша әдіскері Гүлайым Зайнуллақызына беріледі
МКҚМ «Бөбек» МДҰ

(Қазақстан халықтары тілдері күніне арналған ертеңгілік)
2014 жыл