«А?ылшын тілі саба?ында жа?а технологияларды пайдалану»
«Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану»
Шет тілдерін үйрену- әсіресе ағылшын тілін үйрену қазіргі заманның қажеттілігі.Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республикалық білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ сьезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі – шығармашылық тұрғыдан бәсекелестікке сай үш тілді жетік меңгерген, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны оқытып – тәрбиелеу деп атап көрсетті. Бұл жерде негізгі ролді білім беру жүйесі алып отыр.
Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі, осы орайда мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды. Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн.
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе – тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде.
Жаңа технологиялар – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек.
Ағылшын тілі бесінші сыныптан басталады, сол кездің өзінде-ақ қай оқушының шет тіліне қандай екенін байқауға болады. Бесінші сыныпта ешқандай өзгеріс бола қоймайды, барлығы біркелкі оқитын сияқты болып көрінеді. Әрине, қандай жұмыс болсын оның нәтижесін көру үшін көп шығармашылық керек. Сол кезде оқушының ұқыптылығын, зейінінің тұрақтылығын, еңбек ету қабілетінің жоғарылығын байқаған соң ғана тілге бейімдеп, сынып ерекшелігіне қарай қосымша тапсырма бере бастаймын.
Мысалы: бесінші сыныпта оқушылар диалогты оқып, мазмұнын түсініп отырса ол оны кітапсыз, есіне сақтау қабілетін қосып рольмен ойнап береді. Осы кезде жиі-жиі рольдерін ауыстырып отыру керек, және диалогты өз ойыңмен аяқта, тірек сөздерін сақтау керек екенін ұмытпағаны жөн. Екі бала бір-бірімен сөйлесуге мүмкіндік туады, бірінің қатесін бірі тауып, толықтырып, бір-бірімен жарысып, бір деңгейде болуға тырысады. Осы кезде барлық оқушылардың әр-түрлі жұмыс істейтін қабілетін байқап, олардың шығармашылығын дамытуда дамыта оқыту технологиясын қолданамын. Дамыта оқытуды ұйымдастыру балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасайды. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды басты назарда ұстаймын. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынтасы артады, білім алуға әрекеттенеді.
Шәкірттерінің сабақтағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ойлау,шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын көтеруде жаңа технологиялардың әдіс – тәсілдерін пайдаланудың мәні зор.
Жаңа технологияны сабаққа енгізу қорытындысы:
- оқу үрдісіне деген қызығушылықтың артуы;
- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік береді;
класта «қайырымды білім» атмосферасы қалыптасады.
Мен ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында ойын технологиясын қолданамын.
Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз- педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
Ойын ойнау арқылы балалар өздерін көрсете алады, өзара қарым – қатынасқа түседі, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады. Мектепке дейінгі кезеңде ойын – балалардың ең негізгі әрекеті болды.Күнде дәстүрлі сабақ өткізу арқылы, қалаған нәтижеге жете алмайтынымды түсіндім.Сабақта ойын әрекеті болу керек екендігін аңғардым.Бірақ қандай деңгейде?Сабақтың қай кезеңінде?Қай кезде жақсы нәтиже береді?Бұл сұрақтар мені үнемі толғандыратын. Ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болатынын түсіндім, сабақта қолданатын дидактикалық ойындарды 4 топқа бөлуге болады(сурет 1). Сабақта жиі қолданып жүрген ойындардан үлгілерді ұсынамын.
Сурет 1. «Дидактикалық ойындар»
1.Фонетикалық ойындар.
Мақсаты: Оқушыларды ағылшын дыбыстарын еш қиындықсыз дыбыстауға, алфавитті меңгертуге үйрету.
[ai] [e][d]
[i] [ju:] [m][i:][p][l]
[n] [u:][b]
Pen,desk,tie,six,lamp,book,pupil,nine,see,man,big,ten.
Аралар ойыны
Құрал-жабдықтар: ағылшын арасы мен қазақ арасының суреті
Ойын барысы:Мұғалім екі араны таныстырады.Ағылшын арасы [ð] деп (тілімізді тістеп «з» деп айту)ызылдайды, ал қазақтың арасы [ʒ]деп ызылдайды.Екі ара бір гүлдің үстінде кездесіп қалып бір-біріне екі елдің жаңалықтарын айтып жатыр.(кезек-кезек [ð], [ʒ]деп айту)
«Story» Белгілі бір дыбысқа арналған кез-келген сөздерді пайдалануға болады. Содан соң әңгіме құрастырылады.Әңгімеде сол дыбысқа арналған сөздер кездессе- балаларға оны карточкадан көрсетіп,олар оны хормен айтады.
Мысалы: Бір күні (Rabbit) болыпты. Оның тамаша (rope) бар екен. Біздің(Rabbit) өзінің (rope)мен (road) арқылы жүргенді жақсы көрді.( (road) бойында өте әдемі (roses) өседі екен. Егер күнде таңертең (rain) жаумаса, біздің (Rabbit) әдемі (roses)дерді теріп алып өз достарына апарып берер еді! Etc.
«Is it true or not?»
Ойынды доппен өткізуге болады. Допты кез келген ойыншыға лақтыруға болады және бір сөз тіркесін айтып:»Is it true or not?» деген сұрақ қояды,.Ойыншы допты қағып алып «Yes, it’s true», немесе «No, it’s not true» деп жауап береді. Содан соң сол адам допты басқа ойыншыға лақтырады.(кесте1.)
Мысалы:
Yellow lemon Pink pig
Orange bear Brown monkey
White snow Red crocodile
Purple mouse Green grapes
Grеy elephant Purple cucumber
Blue apple Black sun.
2.Лексикалық ойындар
Мақсаты: өткен тақырып бойынша сөздік қорларын кеңейту және бекіту.
Алтыншысын ата
Ойын барысы: Ойыншылар дөңгелектеніп отырады.Ойынды бастаушы өткен лексика бойынша сөздерді атай бастайды.Мысалы,5 спорттың түрі,5 мамандық,5 мектеп құралдары,5жануар т.с.с.Жалғастыруға ұсынған адам 6-шысын атайды.Егер тез айтса, сол адам жүргізуші болады.Біраз ойланып айтса,бұрынғы адам бола береді.
-15621094615
Мысалы:a rubber, a desk, a ruler, a chair, a board…(a pen)[2]
3.Грамматикалық ойындар
Мақсаты: Грамматикалық тақырыптар бойынша білім,білік,дағдыларын бекіту.
Күн мен түн ойыны
Ойын барысы: Мұғалімнің командасымен «night» деп айтқанда оқушылар көздерін жұмады, ал «day» дегенде тапсырманы орындайды.
Мұғалім қазақша айтады,оқушылар ағылшын тіліне аударады.
Мұғалім ағылшын тілінде сөйлем айтады,оқушылар болымсыз түрі мен сұраулы сөйлем жасайды.
Мысалы: T: «мысық» ,P: «a cat»;
T: «мысық жақсы көреді», P: «a cat like»;
T: «мысық доппен ойнағанды жақсы көреді», P: «a cat likes to play with a ball»;
4.Орфографиялық ойындар
Мақсаты: сауатты жаза білуге дағдыландыру
Гусеница ойыны
Құрал-жабдықтар:магнит,әріптер жазылған дөңгелектер.
Ойынның барысы: Тақтада домалақтардан құралған гусеницаның суреті бар.Бірінші гусеницада қысқа сөз жазылған.Әр гусеница бір домалаққа артығырақ (домалақтар бос),қатысушылар кезекпен тақтаға шығып ереже бойынша сөз жазады.
Ереже:барлық сөздер бірдей әріптен басталу керек.Алдындағы сөзден келесі сөз бір әріпке артығырақ болу керек.(сурет 4.)
house
Мысалы:
Сурет 4.
Тиімді қолдана білген ойын арқылы:
- Білім беру сапасы артады
-Оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады
-Қиын грамматиканы оңай,әрі қызықты етіп түсіндіруге болады.
-Оқушы белсенділігі артады
-Материалды меңгеруге түрткі болады
Ойын технологиясын қолдану арқылы барлық мәселе шешіле қалды деп айту дұрыс емес.Дегенмен,қиындықтар азайады.Себебі,ойын- бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек.Сонымен қатар,кроссвордтар, ребус, жұмбақтар, жаңылтпаштарды тез әрі дұрыс айттыру арқылы оқушылардың тілдері жаттығады, логикалық ойлау қабілеттері дамиды, шапшаң ойланатын болады.Сергіту сәтін ұйымдастырған кезде интернеттен онлайн жүйесінде «happy song », «Bingo» т.с.с.сияқты әндерді бейнеге қарап тұрып орындатса, оқушылар сергіп ,қызығушылықтары оянар еді деп ойлаймын.Бір жағынан, тілдері жаттығады,екінші жағынан, ағылшынша әндер жаттайды.
Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында ойын технологиясымен қатар, оқытудың ұжымдық әдісін қолданамын.
Оқытудың ұжымдық әдісі (ОҰӘ)
ОҰӘ – оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы. ОҰӘ принциптері: - жоғары жетістікке талпыну;
- алынған мәліметті бір- біріне лезде кідіріссіз жеткізу;
- оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық;
- әртүрлі деңгейлік;
- тақырып пен тапсырмалардың әртүрлілігі;
Қазіргі таңда оқушыларға білім беру жеке тұлға дамытуға бағыттала жүргізілетін болғандықтан, бағдарламалық материалдарды оқытуда олардың ғылыми ұғымдарын қалыптстыру мәселесіне баса көңіл бөлудің керектігі туындап отыр.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтатын болсақ, дидактикалық ойындарды дұрыс таңдау керек. Ал, дұрыс таңдау үшін оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білу керек.Тек қана осы жағдайда ғана ,біз күткен нәтижелерімізге қол жеткізе аламыз. Тиімді қолдана білген кез келген технология білім сапасын арттыратыны хақ.Дамыған елу мемлекеттің қатарына кіру үшін білімді ұрпақ тәрбиелейік.Себебі, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақтың қолында.Қазіргі жастар – ертеңгі Қазақстанның болашағы. Сөзімді ұлы Абайдың мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді.
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға!
ӘДЕБИЕТ
1. Верещагина И.Н.,Рогова Г.В. «Методика обучения английскому языку на начальном этапе в общеобразовательных учрежденях.»
2. English. Play and Learn.№7\2006
3. «Білім туралы» Заңы.2007ж.