К?ктем аруы!
Көктем аруы!
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
Көрнекілігі: «Қыз - елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал - мәтелдер, қанатты сөздер.
Мұғалім: Армысыздар, оқушылармен ұстаздар! Көктем аруы!байқауына қош келдіңіздер!Бұл байқау қыздарымызға эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға жан сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болғандығы жарасады. Сондықтан ибалы, инабатты қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен бастауға рұқсат етіңіздер.Байқауға 8 ә сынып оқушы қыздардарының арасында өтеді, толық таныстырып өтсек:
1.Мейрамқызы Қуаныш
2.Нұрбаева Жансая
3.Төлеубаева Гүлбану
Мұғалім:
Қызғалдақтарым, қарлығаштарым,Жаза алмай жүрген жалын дастаным.Жанартау болып жарылды кеудем,Жүректің әлди әнін бастадым. – деп қыздарға арнап жыр жазбаған ақын, ән шығармаған сазгер жоқ шығар сірә. Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қас, алма мойын – бұлардың барлығы біздің әсем қыздарымызға айтылған теңеулер. Ендеше өзіміздің сұлу да, ақылды қыздарымызға лайықты ықылас – ниетімізді білдіріп, қошемет көрсетіп отырайық.
Мұғалім:Бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.1. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін - өзі таныстырады.2. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу).3. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі.4. Шаш өру үлгісін көрсету
5. Тоқу өнері
(оқушылар мына жерден қағаз таңдасаңдар, кім – кімнен кейін екенін білу үшін)
Мұғалім:
Шалқытып бүгін біз ән салайық,Өнерпаз өрендерге тамсанайық.Әділдік пен шындықты арқа тұтқанӘділқазы алқасымен танысайық.1.
2.
3.
Мұғалім:
Олай болса байқауымыздың 1 - ші кезең «Таныстыру». (Арулар кезек - кезек өздерін таныстырады.)
1кезең бойынша әділқазылар алқасы бағаларыңыз
Мұғалім:Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,Еңбектегі әріптестер мақтаны.Өнеріңді ортаға сал, сайысқаӨнер көрсет, құрбылармен жарыс та. 2 - ші кезең «Өз өнерін көрсету»
2кезең бойынша әділқазылар алқасы бағаларыңыз
Мұғалім: 3 - ші кезеңі «Сұрақ - жауап»Ақылдылық қыздарға жарасады, Көзі ашықпен бәрі де санасады.Келесі сұрақ – жауап сайысындаСыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.
1 – сұрақ. Төрт мұратты ата
Дау мұраты – біту
Саудагер мұраты – ұту
Қыз мұраты – кету
Жол мұраты – жету
2 – сұрақ.Бес парызға не жатады?1. Иман.2. Намаз оқу.3. Зекет, садақа беру.4. Ораза ұстау.5. Қажылыққа бару.
3 – сұрақ . Қонақ түрлерін білесіз бе?1. Арнайы қонақ.2. Құдайы қонақ.3. Қыдырма қонақ.4. Қылқима қонақ.
4 – сұрақ. Халқымыздың қандай қолөнерінің түрлерін білесің?
Тоқыма өнері, құрақ құрау, қазақша зергерлік бұйымдар дайындау,киіз басу, ши тоқу,көрпені және киімді ою – өрнекпен әшекейлеу
5 – сұрақ. Халқымыздың ұлттық киімдерін ата
Қазақша көйлек, шапан, камзол, брезент, күпі, тон, сәукеле, кимешек,тымақ, бөрік,жаулық, орамал, күндік, желек,шәлі, бергек және т.б.
6 – сұрақ. Ұлттық қандай тағамдарыбілесің?
Бешбармақ , Сірне , Ми палау,Құйрық-бауыр ,Қуырдақ
Айран, Қатық, Бауырсақ, Шалап, Шұбат Май шелпек, Қымыз , Балқаймақ, Талқан, Тары, Кілегей ,
Қаймақ, Жент, Сорпа , Борша Құрт ,Сары май , Сүзбе, Уыз, Ірімшік Бидай
3кезең бойынша әділқазылар алқасы бағаларыңыз
Мұғалім: Келесі кезең 4 – ші кезең Шаш өру үлгісін көрсету
Қыздарымыз шаш өру үлгісін болғанша, Құраш Әминаның орындауындағы әнін қабыл алыңыздар
4кезең бойынша әділқазылар алқасы бағаларыңыз
Мұғалім: Келесі кезең 5– ші кезең Тоқу өнеріне кезек берсек (екі сыммен оң мен солды тоқу) Қыздарымыз тоқып болғанша Қасымтаева Назеркенің орындауында «Шақырады көктем»
әнін қабыл алыңыздар
Әділқазылар алқасы жұмыстың көлемі мен оң мен солдың дұрыс тоқылғанына көңіл аударыңыздар!
5кезең бойынша әділқазылар алқасы бағаларыңыз
Мұғалім: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың ұпайларын есептегенше, көрермендермен ойын ойнайық!Ал, көрермен, ойнайық,Ойнайық та, ойлайықҚандай жұмбақ болса да,Шешпей оны қоймайық – дегендей бірнеше жұмбақтарды шешіп көрейік.1. Құрғақ жерде сақтайсыңОнсыз тамақ татпайсың. (тұз)2. Екі семсер айқасқан,Оқта - текте шайқасқан. (қайшы)3. Қимылдаса қос шебер, қыруар - қыруар іс өнер. (Қол)4. Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегістеп шықты. (үтік)5. Біреуге киін дейді, ал өзі киінбейді. (Тігін машинасы)6. Аузынан ішкені мұрнынан шығады. (Шәйнек)
Енді, мақал – мәтелдің жалғасын табайық
1.Астың дәмін келтірген тұз әулие Елдің сәнін келтірген қыз әулие.
2.Асылдарға ой керек, Бозбалаға той керек, Сұлу қызға бой керек
3.Жақсы қыз біреу келсе есік ашар, Жаман қыз біреу келсе төрге қашар.4.Жақсы қызды жатқа жібермейді.5.Жақсы қыз жағадағы құндыз, Жақсы жігіт көктегі жұлдыз.
6.Қыз анадан көрмейінше үлгі алмас,Ұл атадан көрмейінше үлгі алмас
7.Қыз ауылдың көркі, Жігіт ауылдың еркі.8.Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?9.Қыз бала әкесіне жұлдыз, шешесіне күн.10.Қызға қырық үйден тию, 11.Қызды асырай алмаған күң етеді, Үлды асырай алмаған құл етеді.12.Қызды кім ілмейді? Қымызды кім ішпейді?13.Қыздың аңқауынан сақта, Ұлдың жалқауынан сақта.
Қорытынды: Әр кезеңге ұпай санын атай отырып, жалпы ұпай санын айтсаңыздар.Енді әділқазылар алқасына сөз берейік1 -орын2 -орын3 -орын
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз.