ФИЗИКАНЫ О?ЫТУДА?Ы ТАРИХИ МАТЕРИАЛДАРДЫ? РОЛІ Ж?НЕ ОНЫ ?ОЛДАНУ Т?СІЛДЕРІ



ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ТАРИХИ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ РОЛІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ
(А.Б.Усенова -Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, *- магистрант )
Физика пәнін оқытуда тарихи материалдарды қолдану мынандай мәселелерді шешуге: оқыту үдерісінде жастардың танымдылығын,тәрбиелігін,дамытушылығын,олардың ғылыми көзқарастарын, патриоттық, интернационалдық, адамгершілік, ғылымға деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жоғары оқу орындарында физика пәнін оқытуда тарихи материалдарды қолдану арқылы оқыту және тәрбиелеу мақсаттарын шешуде қолдануға болады. Оқытушы бұл мәселелер бойынша тек жалпы әдістемелік нұсқауларды ғана емес сонымен қатар сабақтың мазмұнына тікелей пайдаланатын нақты тарихи материалдарды қажет етеді.
Заманауи педагогикалық ғылымда және мектеп тәжірибесінде тарихилық принципін жүзеге асыру мәселесінің жағдайын талдау кезінде тарихилық таным тәсілі ретінде орта мектепте физикадан оқу бағдарламасының мазмұнын анықтауда қажетті шарт болып табылатыны анықталды.
Ғылым негіздерін оқыту кезінде тарихилық принципін жүзеге асыру теориясының даму тарихында жетістіктері мен кемшіліктері бар үш бағыт бөлініп қарастырылады.
Бірінші тәсіл ғылым тарихында осы сұрақтың заманауи жағдайына өту арқылы физикалық құбылыстар мен заңдардың ашылу тарихын жеткізуден тұрады. Осындай ойды айтқандардың алғашқысы В.И.Лебедев. Тарихилық принципіне ұқсас көзқарасты Р. Н. Щербаков, И. К. Турышев [1,2] ұстанды. Бұл бағытқа қарсы пікір ретінде төмендегілерді айтуға болады::
- оқу материалы көлемінің артуы, тарихи материалдардың шектен тыс көп болуынан,қазіргі заманғы теориялық негіздегі сұрақтар, ғылымның даму нәтижесі ретінде, физика курсының соңында қарастырылуы мүмкін;
- білім алушыларда эмпирикалық ойлау басым болады;
Бұл жетіспеушіліктер аталған тәсілдің мектептегі білім беру тәжірибесіне енгізуге септігін тигізе алмады.
Екінші бағыт тарихи материалға қатысты, мектеп тек ғылыми таным жүйесінде тұрақталған білімді ғана оқытуы тиіс деген бағытты ұстанады.Бұл бағытта логика және тарихилықтың қатынасы күрделене түседі , әрі келесідей жағдайларға әкеледі:
- оқушылар ғылыми танымдық әдістерін меңгермейді, ғылыми білім алу түрлерімен танысу мүмкіндіктерінен айырылады;
- оқушыларда физика өзгермейтін, дамымайтын ғылым деген ұғым қалыптасады;
- оқушылардың физикалық білімі әр түрлі фактілердің жиынтығы сипатына ие;
-дайын білімнің берілуі шығармашылық, зерттеушілік, әрекеттерден және мұғалімді проблемалық жағдай қою мүмкіндігінен айырады;
- оқушылардың пәнге, таным үрдісіне деген қызығушылықтың жоғалу қаупі бар.
Осылайша, осы тәсілдердің көрсетілген жетіспеушіліктері физиканы оқытуда тарихилық принципін мұғалімнің жүзеге асыруын қиындатады.
Физиканы оқыту әдістемесінде әрдайым мынадай негізгі міндеттер бар: мақсаттарды қою, физика оқу пәнінің мазмұны, оқу құралдары мен әдістерін, тәсілдерін анықтау.Атақты әдіскер И.И. Соколовтың жұмысында көрсетіледі, ол физика бойынша бағдарлама құрылымының негізгі принципінің бірі тарихилық принципі болып табылатынын атап өтті.[3] Бұл принцип бойынша ғылымның даму тарихының сұрақтары мектеп бағдарламасына қосымша мәлімет болып кіреді, оған қоса оқу үрдісінде мұғалімнің өндірістік қажеттіліктері мен талаптарынан ғылымның даму тарихының тәуелділігін ашу міндеті қойылады.
Жаңа білімді беру кезінде әрқашан математикалық аппараттарды және эксперименттерді қолдануға болмайды, теориялық жаңа білім логикалық ойлау жолымен дамиды немесе тарихи материалдарды қолдану арқылы іске асырылады.
Тарихи материалдарды қолданып сабақ өткенде:

Жаңа сабақты түсіндіру барысында тарихи материалдарды пайдалану әдісін іргелі физикалық мәселелерді ашу үшін пайдаланбаймыз, оқушыларға жаңа фактілер мен құбылыстарды таныстыру үшін қолданамыз.
Физиканы оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі П.А.Знаменский оқушылардың физика курсы бойынша тарихилық принципін ұстанды.Оның ойынша, тарих сұрақтарының мәні жоғары болғаны сонша, уақыт жетіспеушілігінен туындаған барлық қиыншылықтарды жеңу және оқу үрдісіне тарих элементтерін қосу үшін барлық мүмкіндіктерді қолдану керек. Менің ойымша, П.А.Знаменскийдің келесі қағидалар қызығырақ болып табылады:[4]
- ғылым тарихы физика адамзат танымының үздіксіз дамушы ғылымы мен жаңарушы аймағы болып табылатынын түсінуге мүмкіндік береді;
-  ғылым тарихы элементтерін қолдану арнайы тәжірибелік қажеттіліктер ықпалымен ғылыми мәселелердің қалай пайда болғанын және ғылыми зерттеулер қалай жүргенін, және өндіріс техникасы мен технологиясы дамуы ғылымға алдында тұрған мәселелерді шешуге қалай мүмкіндік бергенін, оның жаңа деңгейге көтергенін түсінуге мүмкіндік береді;
-физика тарихы физика енетін жалпылама тарихи байланысқан баспалдақтар қатарынан тұратыны туралы, және белгілі бір идеяның пайда болуы мен оны тәжірибеде жүзеге асыру арасында өте көп уақыт өтуі мүмкін екені туралы көрініс береді;
- ғылым тарихы ғылыми ашылулар жеке тұлғалардың ғана еңбегі емес, ғалымдар өзге елдерде және әр түрлі уақытта өмір сүрсе де олардың ұжымдық шығармашылығының да нәтижесі болды.
П. А. Знаменский физика және техника тарихынан очерктер көмегімен тарихи элементті жүзеге асыру, ғалымдар қызметінің өмірбаяны, тарихи реттілікпен физика курсының жеке сұрақтарына және тәжірибелеріне, жеке тарихи жұмыстарына сипаттама беру туралы айта отырып, ол атап өтілгендердің бір бөлігі сабақтан тыс уақытта да жүзеге асырылуы мүмкін екеніне көңіл аударды.
Ал, Е. В. Савелов өзінің кітабында орта мектепте физиканы оқытуда тарихи материалдарды таңдау принципін жасап шығарды;
-         тарихи материал орта мектептегі физиканың оқу бағдарламасымен логикалық түрде байланысқан болуы керек;
-         тарихи материал негізгі, басты сұрақтармен көрсетілуі керек;
- тарихи мәліметтер мазмұны бойынша физиканы оқыту алдында тұрған оқу-тәрбиелік міндеттерді атқаруға септігін тигізуі керек;
-сабақта тарихи мәліметтерді мазмұндау ғылым тарихы құжаттарымен, ғылыми әдебиет көздерімен негізделген болуы керек;
Оқушыларды ғылым тарихымен таныстыра отырып, біз физикалық теориялар қалай пайда болатынын, физика дамуында гипотезалардың рөлі қандай екенін, ғылыми эксперименттердің ерекшелігі неде екенін көрсетеміз. Физика курсында тарихи материалдарды қолдана отырып, біз оқушыларда оларды дүниетанымын қалыптастыруда аса маңызды болып табылатын физикалық зерттеу әдістері туралы көзқарас қалыптастырамыз.
Заманауи физиканың мәселелер жиынтығы қатарына бірінші кезекте сақталу, салыстырмалылық, корпускулярлы-толқындық дуализм және онымен байланысты оның заманауи түсінігіндегі жақын әрекет етушілік және атомизмнің(элементарлық) заманауи концепциясы идеялары, қайтымсыздық, симметриялық идеялары кіретін фундаментальды физикалық принциптер (немесе идеялар) қатарымен байланысты. Бүгінгі күнгі физика үшін әсіресе осы мәселелердің маңыздылығы күдік тудырмайды. Оған қоса осы идеялардың көбісі жаратылысы бойынша әдістемелік принципті болып табылады. Физика тарихына көңіл аудара отырып, осы фундаментальды идеялар физика ғылымының өмір ұзақтығында физикалық ой дамуының басты бағыттарын білдіргенін байқауға болады және тарихи үрдіс оның дамуын қалыптасу үрдісі ретінде және осы фунтаментальды идеялардың дамуы ретінде қарастыруға болады.
1-кесте.Физика тарихы бойынша мәліметтер қолданылатын сабақтардың түрлері
Жаңа материалдарды оқыту сабақтарында 93,6%
Оқу конференцияларын жүргізгенде 59,6%
Дәріс кезінде 55,3%
Жүйелеу және жалпылау сабақтарында 34%
Факультативтік сабқатарда 32%
Экскурсия жүргізгенде 42,4%
Семинарлар жүргізгенде және жобалық қызметті дайындау кезінде 100%-ға жуық
 
2-кесте – Оқу үрдісінде тарихи материалды қолдану шарты.
 
-егер ол бағдарлама талабына сай болса 19,2%
-егер тарихи материал оқушыларға жаңа мәселенің өмірлік маңызын уәждеуге және ашуға көмектессе; 70,1%
-тарихи материал оқулықта көрініс тапқанда 29,7%
егер тарихи материал оқу үрдісінде қалыпты жағдайды нығайтуға мүмкіндік туғызса; 46,8%
-сыныптың көңіл күйі мен психологиялық жағдайына тәуелді болса 25,5%
3-кесте – Тарихи материалды қолдану кезінде оқушыларда кездесетін қиындықтар
 
Бағдарламаны оқытуға кеткен уақытты шектеу 65,1%
Тарихи мазмұндағы материалды іздеуге кеткен уақыттың тапшылығы 53,1%
Тарихи мазмұндағы бар әдебиеттер туралы жеткіліксіз хабардар болу. 46,8%
Физика кабинетінің әдістемелік жабдықталуының тапшылығы(әдебиеттер,үлестірмелі және демонстрациалық материалдар) 34,2%
Қарастырылған мәселелер бойынша қосымша дайындыққа сұраныстың өсуі 35,1%
Барлық нәтижелер проценттік қатынаста көрсетілген, ол мектеп оқыту үрдісінде тарихи материалды қолданудың қазіргі рөлін бағалауға жақсы мүмкіндік береді.
Тарихи материалды таңдау және мазмұндау тәсілі дидактикалық принципке және оқыту әдістеріне сәйкес келуі керек.Көрнекілік принципін оқу үрдісінің өзінің материалистік сипатының кескіні ретінде қарастыру керек.Бұл принцип оқушылармен тарихи тәжірибелерді, ғалымдар портретін көрсету арқылы жүзеге асады..Ғылымилық принципі тарихи фактілер, түсініктер және заңдылықтар жүйесінің көзі ретінде ғылымға сүйенішті білдіреді. Оқушылар ғылымның өзінде тәжірибелік және психологиялық шынайы қиындықтарға дайын болуы керек. Жүйелілік принципі оқу үрдісінің өзінің логикасын кескіндейді. Физика курсының әр тарауында біреуі екіншісінен шығатын өзара байланысты түсініктер жүйесінен, басқа алдыңғы оқиғалардың орындалуымен шартталатын арнайы құбылыстарды байланыстыратын заңдылықтардан тұрады. Нәтижесінде оқушыларда оқылатын сабақтар туралы толықтай көзқарас пайда болады, барлық құбылыстың өзара байланысы мен өзара шарттасу негізінде қалыптасады. Бұл логикалық ойлаудың дамуына, дүниетанымның кеңеюіне әкеледі. Тарихилық принципінің құралдарымен оқытудың тәрбиелік мүмкіндіктері сабақтарда толығырақ жүзеге асырылады. Сабақта оқушылардың оқу материалын меңгеруі, оған өзінің қатынасын жасау, әр түрлі икемділік пен дағдылар қалыптасуы орын алады. Оқыту үрдісінде тарихи фактілерді анықтай және қолдана отырып маңызды тәрбиелік міндеттерді (эстетикалық, өнегелі, экологиялық тәрбие), ойлауды дамыту және дүниетанымды қалыптастыру, оқушылардың физикаға қызығушылығын ұстап тұру міндеттерін әсерлі шешуге болады.
Сонымен қорыта келе,физиканы оқытудағы тарихи материалдарды қолданудың ролі мынадай мәселелерді шешуге мүмкіндік береді: қоғам дамуының әр түрлі этаптарында өзгере алатын қоғамдық қызмет ретінде оқушылар алдында әлемнің ұлы физикалық суретін, қиын және диалектикалық-қарама-қайшылық таным үрдісін ашады, ғылым дамуының негізгі заңнамалары және ғылыми таным әдістері туралы көзқарасты қалыптастырады.Теорияны жасау және ашылулар тарихымен оқушыларды таныстыру міндетін шешу үшін оқытудың кейбір әдістерін анықтаған дұрыс. Оқу үрдісінде тарихи мәліметтерді қолдану кезінде әңгіме, сұхбат, экскурсия, жаттығу қосымша әдебиетпен жұмыс сияқты әдістерді қолдануға болады.
Физиканы оқытуда тарихи материалдарды қолдану аясы бойынша мынандай тұжырымдар жасауға болады:
-тарихи материал орта мектептегі физика пәнінің оқу бағдарламасымен логикалық жағынан байланысты болуын қамтамасыз етеді;
-мазмұны жағынан тарихи мәліметтер физиканы оқытудың алдында тұрған оқу-тәрбиелік міндеттердің іске асуына ықпал етеді;
-сабақта тарихи материалдардың баяндалуы ғылым тарихының негізделген құжаттары, ғылыми әдебиеттің қайнар көзі болып табылады;
- физиканы оқытуда тарихи материалдар оқушылардың білім сапасын жоғарлатуға көмектеседі;
-тарихи материалдар, ол оқушылардың физиканы оқыту кезіндегі дүниетанымын қалыптастыру құралы;
Тарихи материалдарды қолдану әдістемесі осы талаптарды толықтай қанағаттандырады деп ойлаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Турышев И. К. История развития методики физики в России. - Вып. 2: Методы преподавания физики в дореволюционной средней школе. Владимир: Владимирский Гос. Пед. Институт, 1975.- 172 с.
2. Щербаков Р. Н. Историзм в преподавании физики // Физика в школе. 1977. - № 1. - с. 32.
3.Савелова Е. В. Вопросы истории физики и техники в курсе физики средней школы. 1956. - 192 с.
4.Соколов И. И. Методика преподавания физики в средней школе. М.: Учпедгиз, 1991. - 590 с.