К?сіпкерлік іс-?рекет ж?не оны? формалары


Кәсіпкерлік іс-әрекет және оның формалары
Сабақтың тақырыбы:Кәсіпкерлік іс-әрекет және оның формаларыСабақтың мақсаты:Білімділік:кәсіпкерлік азаматтар мен заңды тұлғаның пайда алуға бағытталған қызмет екендігін, оның түрлері мен ұйымдық-құқықтық пішіндері жалы тиянақты білім беру.Дамытушылық: оқушылардың қазіргі нарық жағдайында өмір сүруге бейімдеу, танымдық қызығушылығын оятып, белсенділігін дамыту.Тәрбиелілік:еркін сөйлеуге, өз ойын ортаға салуға, өзгелердің пікірін тыңдауға, тапқырлыққа, ізденіп шешім қабылдауға тәрбиелеу.Сабақтың түрі: теориялықОқытудың әдістері мен әдістемелік амалдары: дамыта оқыту жүйесінің сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының «ой қозғау стратегиясы», пікір-талас, салыстыру, сұрақ-жауап, талдау әдістері.Көрнекті оқу құралдары мен техникалық құралдар:мультимедиялық тақта, кестелер, сызбалар, плакаттар, эрудит ойыны.Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру бөлімі:-Салемдесу-Оқушыларды түгендеу2. Өткен тақырыпты тексеру: Үйге берілген тапсырма өткен тақырыптарды қайталап келуге берілген болатын. Олай болса әр сұраққа жауап берген оқушыға фишкаларды таратамын және жинаған фишкалардың саны бойынша бағалаймын сондықтан да сабаққа белсенді қатысып отыруларыңыз сұралады.І.Сұрақ- жауап. Кім жылдам?1.Қаржы дегеніміз не?2. Бюджетті қалай түсінесіз?3. Бюджет шығындарын атаңыз.4. Бюджет кірістерін айтып беріңіз.5. Трансферттік шығындарына не жатады?6. Трансформациялық шығындар дегеніміз не?7. Дотация дегеніміз не?8. Субсидия дегеніміз не?9. Сувенсия дегеніміз не?10. Салықтың түрлерін атаңыз.ІІ. Фишбоун стратегиясы1. Тауар құнының ақшалай өлшемі? (баға)2. Экономика қатысушылары арасындағы бақталастық? (бәсеке)3. Нарықта бір ғана қатысушы әрекет етеді? (монополия)4. Әлемдік экономиканың жалпы заңдарын қарастырады? (мегоэкономика)5. Қажеттілікті қанағаттандыратын зат? (игілік)6. Интелектуалдық меншікке не жатады? (тауар белгісі,фирма атауы)Жаңа тақырыпты түсіндіру: Сабақты бастамас бұрын мынадай сұрақтарға жауап беріңіздерші.-Кәсіпкер деген кім?-Қандай жаңа кәсіпкерлік түрлерін білесіз?-Кәсіпті бастау үшін не керек?Сабақ жоспары:1. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны әлеуметтік – экономикалық мәні және белгілері.2. Кәсіпкерліктің түрлері және ұйымдастыру формалары.3. Кәсіпкерлік қызметтері.1.Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары Ричард Кантиллионның еңбектерінде баяндалды. Кейінгі 250 жыл шегінде кәсіпкерлік теория әртүрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамытылды да, олар бірте-бірте кәсіпкерлік-бұл адамның тәуекел мен жаңартпаға деген бейімділігі ғана емес, қорыта айтқанда жаңа кәсіпорын құруды білдіретін ұғым дегенге келді.Алғашқыда «кәсіпкерлік» термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір тәуекел мен жауапкершілікті өз мойнына алатын адаммен байланыстырылды.Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883 – 1950 жж.) мән берген. Оның айтқан сөзін эпиграф етіп алуға болады: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол жайлы француз экономисі Жан Батист Сәй (1767-1832 жж.) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».Кәсіпкерлік ұғымын ашатын анықтамаларАвторы МазмұныАдам Смитт (1723-1790 жж)Альферд Маршалл-ағылшын ғалымы (1883-1950) «Кәсіпкер дегеніміз-пайда табу мақсатымен экономикалық тәуекелге баратын адам»«Рыноктық экономиканың басты қасиеті – өндіріс пен кәсіпкерліктің еркіндігі»ҚР Азаматтық кодексі. 10-бап. 1-тармақ. Кәсіпкерлік-меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың (жұмысқа,қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік)негізделген ынталы қызметіВ.Крымова. Экономикалық теория. Алматы. АРКАИМ,2003 ж. Кәсіпкерлік дегеніміз – өз ісін ұйымдастыратын, пайда табу жолында басын қатерге, тәуекелге тігіп,мойнына жауапкершілік алып жұмыс істейтін адам.Жаңа сабақты түсіндіру сәтіКәсіпкерліктің субъектілері: мемлекет, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, серіктестіктер, арендалық ұжымдар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.Кәсіпкерліктің объектілері: шаруашылық қызметтің кез-келген түрлері, коммерциялық делдалдық, инновациялық, кеңес беру іс-әрекеттері, құнды қағаздармен операциялар.Кәсіпкерлік белгілері- шаруашылық субъектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі;- экономикалық мүдделілігі;- шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі;- белсенді ізденуі, жаңашылдығы2. Кәсіпкерлік қызметінің барлық көптүрлілігі әр түрлі белгілері бойынша классификацияланады: қызмет түріне, меншік формасына, меншік иесінің санына, ұйымдық-құқықтық және ұйымдық экономикалық формаларына, жалдамалы еңбекті пайдалану деңгейіне және т.б.Кәсіпкерлік қызметті түрі бойынша өндірістік, коммерциялық, қаржылық, консультативтік деп бөлуге болады. Осы түрлердің барлығы бірге немесе бөлек қызмет етуі мүмкін.Меншік формасы бойынша кәсіпорын мүлкі жеке, мемлекеттік, муниципалдық болуы мүмкін. Жеке кәсіпкерлік кезінде меншік бір физикалық тұлғаға тиесілі. Ұйымдық кәсіпкерлік – бір уақытта әр біреуінің үлесін анықтаумен немесе үлесті анықтаусыз бірнеше субъектілерге тиесілі меншік. ұйымдық меншікте болатын мүлікті пайдалану, иелік ету және иемдену барлық меншік иелерінің келісі бойынша жүзеге асырылады.Кәсіпкерлік формасын өз кезегінде ұйымдық – құқықтық және ұйымдық – экономикалық деп бөлінеді. Ұйымдық-құқықтық формаға серіктестік, қоғам, кооперативтік жатады..Командиттік серіктестіктерде серіктестердің бір бөлігі шексіз, ал екіншісі шектеулі жауапкершілікте болады.жауапкершілігі шектеулі серіктестік және командиттік серіктестік жауапкершілігі шексіз серіктестік толық серіктестік қатысушылардың әр біреуі салымшылардың көлемінен тәуелсіз тең материалдық жауапкершілікте болады. Серіктестіктердің қатысушылары 2 топқа бөлінедіСеріктестік – бұл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін тұлғалардың бірігуі. Серіктестіктердің басты артықшылығы қосымша капиталды мүмкіндігі болып табылады. Осы кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық формасының кемшіліктеріҚоғам шаруашылық қызметті жүзеге асыру мақсатында салымдарын біріктіру жолымен кем дегенде екі адам немесе заңды тұлғалардың келісімі бойынша құрылады. Жауапкершілігі шектеулі қоғам қатысушылары оның міндеттері бойынша жауап бермейді. Олар тек қана өздерінің салған салымдар құны шегінде жауап береді. Ал, қосымша жауапкершілігі бар қоғам қатысушылары өздерінің барлық мүліктерімен жауап береді.Акционерлікқоғамкеңтаралғанболыптаралады. Олардыңерекшелігібағалықағаздардышығаружолыменкеректіқаражаттардыиемденуқұқығының бар болуы. Осы акционерлік қоғам қатысушылары оларға тиесілі акцияның құны шегінде өз қызметінің нәтижесі үшін жауапты болады.Өнеркәсіптік немесе басқашаруашылы ққызметтері үшін тұлғалардың тобымен құрылған кәсіпорын кооператив деп аталады.Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдық-экономикалық формаларына концерн, ассоциация, консорциум, синдикат, картельдер, қаржылық-өнеркәсіпті ктоптар жатады. 3.Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтері:1.Новаторлық қызметі. Әрбір кәсіпкер өзінің мақсатына жету үшін кәсіпкерлікті ұйымдастырудың жаңа формаларын, жаңа технологияларды қолдануға мүдделі болады. Бұл қызмет өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сапасы туралы мәселелерді шешеді.2.Ұйымдастыру қызметі. Әрбір кәсіпкер минималды шығын жұмсау және максималды пайда табу мақсатымен ең тиімді өндірісті таңдайды. Өндірісті ұйымдастыру кезінде кәсіпкер жер, еңбек, капитал ресурстарын бір процеске біріктіреді.3.Басқару қызметі. Әрбір кәсіпкер шаруашылықты жүргізуде негізгі шешімдерді қабылдау инициативасын өз жауапкершілігіне алады: кадр мәселесі, өнімді сатып өткізу, банк жүйесімен байланысты мәселелерді шешеді.4.Тәуекелге бару қызметі. Әрбір кәсіпкер тәуекелге бару үшін істелетін істің айқындылығын талдап , қорытындысына не болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің серіктестіктерінің немесе акционерлерінің қаржыларын тәуекелге салады.3.Жаңа сабақты бекітуСіз белгілі бір өнім өндіретін кәсіпкерсіз. Сізге сұрақ.1.Кәсіп түрін таңдау, өнімді өткізу, пайданы иелік ету жауапкершілігін кім орындайды? (Дербестік, тәуелсіздік)2. Әр басқан қадамыңыздан пайда тапқыңыз келе ме? (Экономикалық ынталық)3. Қараша айында табысыңыз қазан айымен салыстырғанда 10% -ға кеміді. Соған қарамастан, желтоқсан айына жоғары жоспар белгіледіңіз. Жоспардың орындалатына сенімдісіз бе? (Тәуекелшілдік)4. Желтоқсан айына белгіленгенжоспарларды орындау үшін жаңа технологияны пайдалануды ұсындыңыз. Осы бағытыңыздың нәтижесі қандай болмақ? (Жаңашылдық)5.Нағыз бизнеске тән қасиеттердіатаңыз, бизнесмен қандай болуы керек?6.Кәсіпкерлік ұғымын енгізген ғалым:7.Тауар өндіру мен қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерлік. Мына әріптерден басталатын экономикалық терминдерді жазуЭрудит ойыныК- кәсіпорын,кәсіп ...Ә-әлемдік сауда,С-сауда, салық, сұраныс ...І-ішкі сауда..П-пайда, пайыз, пай...К-кеден, квота...Е- еңбек, еңбекақы...Р-ресурс, рента...Оқушылар «Егер мен кәсіп ашсам» тақырыбында өз ойларын айтты.Жаңа сабақты бекіткеннен кейін сабақ барысында жинаған фишкаларды санай отырып бағалаймын.4.Үйге тапсырма беру:Кәсіпорындардың ұйымдасқан формалары,. Эссе жазу «Егер мен кәсіпкер болсам», дәрісті оқу