Саба? жоспары Дене температурасыны? оны? молекулаларыны? жылдамды?ына т?уелділігі. Затты? агрегатты? к?йлері ж?не оларды молекулалы?-кинетикалы? к?з?арас негізінде т?сіндіру. (7 сынып)


Сабақ: 12 Күні: 11.10.2016 Ғ.Ә.Өмірбеков Пәні: физика Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы Дене температурасының оның молекулаларының жылдамдығына тәуелділігі. Заттың агрегаттық күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.
Мақсаты Заттың агрегаттық күйлері туралы түсініктерін қалыптастыру
Міндеті А) заттың үш күйін және олардың қасиеттері туралы түсінік беру;
В) өздігінен эксперименттік тапсырманы орындай алуға баулу;
С) ұжымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Күтілетін нәтижелер А) – заттың үш күйін біледі;
- олардың қасиеттерін біледі;
В) –өздігінен эксперименттік тапсырманы орындай алады;
С) – ұжымшылдыққа, ізденімпаздыққа дағдыланады.
Керекті жабдықтар Оқулық, дәптер.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
5 мин Ұйымдастыру. Амандасу. Заттың күйлерімен 3 топқа бөлу.
Үй тапсырмасы: §9.
Үй жұмысын жеке тапсырмалар арқылы тексеру. Тапсырма критериалды бағалау арқылы бағаланады. Оқушылар берілген сөздердің заттың қай күйіне жататынын тауып, 3 топқа бөлінеді.
Оқушылар жеке-жеке тапсырмалар орындайды.
Тұсаукесер
3 мин Ой қозғау сұрақтары арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Заттар қандай күйде бола алады деп ойлайсыз?
Мұз, су және газ арасындағы байланыс қандай? Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін айтады.
Негізгі бөлім
25 мин
1-топқа тақырыптың 1 және 3 бөлімдері, 2-топқа 2 бөлімі, ал 3-топқа 4 бөлім тапсырылып, оқып, топта постер қорғауға беріледі. Оқушылар оқулықтан тақырыппен танысады да тапсырмаларды орындайды. Постерге «екі жұлдыз, бір ұсыныс » айтады.
Қорытынды
7 «Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақты қорытындылау Тапсырманы орындайды
Рефлексия
3 мин Кері байланыс парағын тарату Кері байланыс парағын толтырады.
Үйге тапсырма
2 мин §10 оқу, 63-беттегі үйде орындалатын тапсырмалар. Үй жұмысын тексеру.
«Заттың құрылысы»
1. Молекула дегеніміз не? Молекула туралы не білесің?
2. Температура деген не? Температура туралы не білесің?
3. Диффузиф дегенімізне?Мысал келтір.
4. Атом дегеніміз не? Атом туралы не білесің?