MS Word м?тіндік редакторы. Жа?а ??жат ??ру, са?тау, ашу. М?тінді пішімдеу ж?не редакциялау 8-шеберлік сынып
Күні:18.02.2015 ж. Сыныбы:8
Сабақтың тақырыбы: MS Word мәтіндік редакторы. Жаңа құжат құру, сақтау, ашу. Мәтінді пішімдеу және редакциялау
Сабақтың мақсаты:
білімділігі: MS Word мәтіндік процессорының мүмкіндіктерімен таныстыру, мәтіндік редактормен жұмыс жасауды үйрету;
дамытушылығы:оқушылардың ақыл ой әрекетін, жадын, зейінін, салыстыра білу, сараптау, қорытынды шығару тісілдерін дамыту;
тәрбиелігі: оқушыларды танымдық қызығушылыққа, жауапкершілікке, жеке тұлға ретінде қалыптасуына тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижесі: интерфейсті, құжаттарды құруды және сақтауды үйренеді.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: миға шабуыл, топтық, жұптық жұмыс, ішіне-сыртына стратегиясы, Insert әдісі.
Көрнекі құралдар: дербес компьютер, электронды оқулық, түрлі-түсті маркерлер, А3 формат.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
2 мин «Жылы сезімдер» жаттығуын ұйымдастыра отырып, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.
Бірінші оқушы жанындағы сыныптасының қолынан ұстап жақсы тілек тілейді. Тілектің соңғы әріпіне сәйкес келесі сыныптасыңызға жақсы тілектер жеткізесіз. Осылайша жалғаса береді. Соңғы оқушы тілегін мұғалімге жеткізеді. Оқушылар парта бойымен жақсы тілектерді бір-біріне жеткізе отырып, сабаққа деген жағымды психологиялық ахуал қалыптастырылады.
Үй тапсырмасы
3 мин Миға шабуыл
* Модель дегеніміз не?
* Модельдеу деген не?
* Модельді қандай топтарға жіктеуге болады?
* Статистикалық модель мен динамикалық модельдің айырмашылықтары қандай?
* Материалдық модель дегеніміз не?
* Ақпараттық модель дегеніміз не?
* Вербальдық модель дегеніміз не?
* Көрсету әдісіне қарай модель қандай топтарға жіктеледі?
* Компьютерлік модельдеу не үшін қажет?
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, өткен тақырыпты еске түсіреді және ойлары жаңа тақырыпқа бағытталады.
Топтастыру
2 мин Топтастыру әдісі
«Мозаика» жаттығуы.
Пішімдеу, стандарттық, қалып күй сөз кескінін құрастыру арқылы сынып
3 топқа бөлінеді.
Жаңа сабақ
Постер қорғау
15 мин компьютерден электрондық оқулық MS Word мәтіндік редакторын көрсету бойынша тақырыбын ашу.
Мәтіндік редактордың көмегімен жасалған файл мәтіндік құжат деп аталады. Ол алфавиттік цифрлық символдарды, графикалық объектілерді және мәтінді пішімдеу туралы басқарушы басқарушы ақпаратты қамтуы мүмкін. Мәтіндік құжаттарды магниттік дискіде құруға, өңдеуге, құжат пішімін өзгертуге мүмкіндік беретін қолданбалы программа мәтіндік редактор деп аталады.
Әр топ өздеріне берілген тақырыптар бойынша постер қорғайды.
«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бір бірлерінің жұмыстарын бағалайды
1-топ.Ms word-қа кіріспе
2-топ. Мәтіндік құжаттарды жасау.
3-топ.Мәтіндік құжатты пәшәмдеу
INSERT кестесі
5 мин Білемін Жаңа ақпарат білдім мен ойлаймын ойламаймын сұрағым бар
кестесін оқушыларға беремін. Оқушылар INSERT кестесін дәптерлеріне сызып, толтырады, топпен талқылайды.
Сабақты бекіту
7 мин Sin kaz эо №6 модуль (MS Word бағдарламасында жұмыс істеу) 2,3,4,5 тапсырмаларды орындау. Оқушылар дк- де Sin kaz арқылы тапсырмаларды орындайды.
«Ішіне-сыртына»
5 мин Сабақты бекіту кезеңі.
тақтада MS Word мәтіндік редакторға қатысы жоқ сөздер жазылып тұрады. Оқушылар MS Word мәтіндік редакторға қатысты сөздерді, ішіне, қатысы жоқ сөздерді сыртына жазады.
Сергіту сәті
2 мин Жаңылтпаштар
Ол аралда да марал,
Бұл аралда да марал.
От екен маралға арал,
Оттасын аралда марал. Жаңылтпаштарды айтып көңілдері көтеріліп қалады.
Қорытынды
Кері байланыс
2 мин Кері байланыс парағын толтыру бойынша сабақты қорытындылау. Сабақтың өту барысында оқушылар стикерге үйрендім және үйренгім келеді бойынша өз ұсыныстарын жазады. Кері байланыс парағына іледі.
Үй тапсырмасы
1 мин Оқулықтағы 7 тарау Оқып, конспект жазу
Бағалау
2 мин № Аты, жөні Бағалау критерийлері Жалпы
баға
Миға шабуыл
Постер қорғау Эо тапсырмалар Ішіне-сыртына Бағалау парағы арқылы топ бойынша бірін-бірі бағалап отырады.
1-топ.Ms word-қа кіріспе
2-топ. Мәтіндік құжаттарды жасау.
3-топ.Мәтіндік құжатты пішімдеу
1-топ.Ms word-қа кіріспе
2-топ. Мәтіндік құжаттарды жасау.
3-топ.Мәтіндік құжатты пішімдеу
1-топ.Ms word-қа кіріспе
2-топ. Мәтіндік құжаттарды жасау.
3-топ.Мәтіндік құжатты пішімдеу
№ Аты, жөні Бағалау критерийлері Жалпы
баға
Миға шабуыл
Постер қорғау Эо тапсырмалар Ішіне-сыртына № Аты, жөні Бағалау критерийлері Жалпы
баға
Миға шабуыл
Постер қорғау Эо тапсырмалар Ішіне-сыртына № Аты, жөні Бағалау критерийлері Жалпы
баға
Миға шабуыл
Постер қорғау Эо тапсырмалар Ішіне-сыртына Білемін Жаңа ақпарат білдім мен ойлаймын ойламаймын сұрағым бар
Білемін Жаңа ақпарат білдім мен ойлаймын ойламаймын сұрағым бар
Білемін Жаңа ақпарат білдім мен ойлаймын ойламаймын сұрағым бар
№ Дихан орта мектебі
8-сынып
Пәні: информатика
Тақырыбы: MS Word мәтіндік редакторы. Жаңа құжат құру, сақтау, ашу. Мәтінді пішімдеу және редакциялау
Мұғалім: С.Болатбекқызы