Технологиялы? карта: Геометриялы? фигуралар. Д??гелек, шаршы, ?шб?рыш.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы:
Тобы: 3
Күні:
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ
Тақырыбы: Геометриялық фигуралар. Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш.
Мақсаты:
а) балаларды дөңгелек,шаршы, үшбұрыш тәрізді геометриялық фигуралармен таныстыру, оларды ажыратуды үйрету; кеңістікте бағдарлау қабілетін қалыптастыру.
ә) балалардың сөйлеу және талдау қабілетін дамыту.б) сұраққа толық жауап беруге тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Балаларға терезеге қарап, қазір жылдың қай мезгілі екенін сұрайды. Ал біздің суретімізде жапырақтар төгіліп жатыр (Демонстрациялық материалдар 2-кесте). Осы жапырақтарды топтарға бөлуге көмектесіңдер. Өз нұсқаларыңды айтыңдар. Балалар жыл мезгілін анықтайды және тапсырманы орындауға кіріседі. Жапырақтарды мөлшеріне қарай үлкен, кішкентай, түсіне қарай- сары, қоңыр, жасыл деп жіктейді.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Тәрбиеші өткен тақырыптарды жақсы меңгергені үшін балаларды мадақтайды және топтасып осыған ұқсас тапсырманы орындауды ұсынады. 3 топқа шеңбер, шаршы, үшбұрыштар таратып, тапсырма береді (3-6 кестелер). Содан соң балалар оларды үлкен және кішкентай топқа, сондай-ақ 3 түске жіктейді. Балалардан осы жұмыс барысында қолданылған заттардың қалай аталатынын сұрайды. Тәрбиеші әр топтағы фигуралардың атын атап, оларды кезекпен көтеруді сұрайды. Мысалы: шаршылар. Қолында шаршысы бар балалар фигураны көрсетеді. Содан соң балалардан фигураларды хатқалтаға салып, тапсыруларын сұрайды.
Тәрбиеші:
- Балалар, бәріміз бірге бала- бақшадағы алаңға шықтық деп елестетіңдер. Алдымен сергіту сәтін өткізеді.
Балалардан алаңдағыдай секіріп, жүгіріп ойнауларын сұрайды.
Содан соң:
- Балалар, енді дәптерлеріңді ашып, 1-тапсырманы табыңдар. Біз қандай фигураларды кездестіреміз?
Олардың арасында үшбұрыш, шаршы, шеңбер бар ма? Үшбұрышты (дөңгелек, тіктөртбұрышты) заттардың қай жерде тұрғанын тауып, сипаттап беріңдер. Содан кейін балаларды жаңа шартты белгі- пішінмен таныстырады. Бұл шартты белгінің заттың пішінін білдіретінін түсіндіреді.
- Кәне, балалар, 2-тапсырманы шартты белгілер бойынша «оқып» көрейік. Балаларға тапсырманы түсініп оқуды үйретеді: түс, пішін, өлшем. Содан соң жапсырма таңдап алып, 2-тапсырманы орындауды сұрайды. Балалар шеңберлеріңді, шаршылар мен үшбұрыштарды топтастырады. Әр топтың нұсқасы әртүрлі болуы мүмкін. Біреулер фигураларды түсіне (ондай фигуралар тобы үшеу), біреулер көлеміне қарай (ондай топ екеу болуы мүмкін) топтасырады. Сұрақтарға жауап береді: әр топ өз фигураларының атын атайды: үшбұрыштар, шеңберлер, шаршылар.
Айналадан және суреттен дөңгелек, төртбұрышты, үшбұрышты заттарды табады және оларды сипаттап береді.
Олардың кеңістіктегі орнын суреттейді.
Балалар 2-тапсырманы орындайды.Тапсырма бойынша жапсырманы таңдап жапсырады.
Рефлексиялық- түзетушілік Балаларды мадақтайды. Бақылау үшін 3-тапсырманы әркім өз бетінше орналайды. Тапсырманы түсіндіріп, оны орындауға уақыт береді. Содан соң балалардан бүгін қандай фигуралармен танысқанын сұрайды. Дәптерден сол фигураларды көрсетуді өтінеді. Контур бойынша сызып көрсетеді. Балаларға алғыс айтып, сабақ барысында қолданған құралдарды қалай жинау керектігін көрсетулерін сұрайды. Лабиринт-сызық бойынша кімнің қай суретті салғанын табады. Оны бояйды . Сұрақтарға жауап береді.
Сабақты қорытады. Заттарды үстелге ақырындап орналастырады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: шеңбер, үшбұрыш, шаршы сынды фигураларды атауды;
Игереді: айналадағы заттардың пішіні қандай фигураға ұқсайтынын ажырата білуді:
Меңгереді: айналадан шеңбер, үшбұрыш, шаршы пішіндес заттарды табуды, фигураларды бір-бірінен ажыратуды және олардың түсі өлшемдерін табуды.