Геометриялы? фигуралар. Т?ртб?рыш (шаршы ж?не тікт?ртб?рыш). Сопа?ша.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы:
Тобы: 3
Күні:
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ
Тақырыбы: Геометриялық фигуралар. Төртбұрыш (шаршы және тіктөртбұрыш). Сопақша.
Мақсаты:
а) Сопақша, төртбұрыш (шаршы және тіктөртбұрыш) туралы түсінік беру; заттардың пішінін анықтап, оларды пішінін басқа заттармен салыстыруды үйрету; заттарды түсіне, пішіні мен көлеміне қарай ажырата білу қабілетін қалыптастыру;
ә) заттың маңызды белгілерін тауып, саралау және кеңістігік ойлау қабілетін дамыту;
б) заттарды ұқыпты ұстауға, орнына қоюға жинақылыққа тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Балалардан отбасының не екенін сұрайды.
- Балалар, сендер жақындарыңды жақсы көресіңдер ме? Сендерде олардың суреттері бар ма?
- енді дәптердегі отбасының суретін бәріміз бірге қарап шығайық. Балалар тәрбиешінің отбасы, жақын адамдар жайлы сұрақтарына жауап береді.
Дәптердегі суреттерді қарауға кіріседі.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Дәптердегі 1-тапсырма бойынша фотосуретте кімнің суреті бейнеленгенін және оның сыртындағы жақтауының пішіні қандай екенін сұрайды. Балалардан өткен сабақта танысқан фигураларды атап беруін өтінеді.Ол үшін: 3-6 кестелерден бірнеше фигураны алып, балаларға көрсетеді. Содан соң тапсырма береді: «Не өзгерді?».
Екінші және үшінші жағдайда балалардың бәрі бірдей фигуралардың пішінін атап көрсете алмайды. Тәрбиеші сопақша, тіктөртбұрыш сынды жаңа атауларды қолданысқа енгізеді. Фигураларды салыстыруды ұсынады. Шаршы мен тіктөртбұрышты салыстырған кезде олардың бұрыштарын (төбелерін) санау қажеттігін айтады.
Оның төртеу екенін анықтайды.
Фигуралардың екеуін де төртбұрыш деп атауға болатынын айтады. Басқа 4 бұрыштардың бұрыштарын санап, олардың арасынан шаршы мен тіктөртбұрыштарды табуды ұсынады.
Балалар өзге фигураларды танып жатса, оларды мадақтау қажет.
Сергіту сәті.
Одан кейін тәрбиеші 2-тапсырманы ұсынады. Тапсырманы орындауға уақыт береді. Фигуралардың көлемі, түсі, пішіні сияқты қасиеттерін бірнеше рет қайталатады. Балалар отбасы мүшелерінің суреттері қандай пішіндегі жақтауларға салынғанын табады.
«Не өзгерді?» ойынына қатысады. Сопақша, тіктөртбұрыш сынды жаңа атауын педагогпен бірге қайталайды. Шаршы мен тіктөртбұрышты табады, олардың бұрыштарын (төбелерін) саусақпен санайды, төртбұрыштарды табады.
Содан соң фотосуреттердегі жақтаулардың пішінін анықтауға кіріседі.
«Бұл-әжей.Оның суреті тіктөртбұрышты жақтауға салынған немесе «Тіктөртбұрыш пішіндес жақтауға әжейдің суреті салынған» деген сияқты пікір айтады.
2-тапсырманы орындайды: фигураларды белгілі бір өлшемге, түсі мен пішініне қарай бояйды.
Рефлексиялық- түзетушілік Тәрбиеші сабақты қорыта отырып, балалардан бүгін қандай фигуралармен танысқанын сұрайды. Сол фигураларды тауып, суретті саусақпен сызып көрсетулерін сұрайды. Ауада қолымен белгілі бір фигураның суретін бейнелейді. Еденде оң аяқпен, сол аяқпен фигуралардың суретін сызады. Содан соң балалардың сабақты қаншалықты түсінгенін тексеру үшін оларға 3-тапсырманы береді.
Балаларды мадақтайды. Сұрақтарға жауап береді, сабақты қорытады, ауаға немесе еденге фигуралардың суретін бейнелеп, көрсетеді. 3-тапсырманы орындайды. Үстелдің үстін реттейді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: тіктөртбұрыш, шаршы, сопақша сияқты фигуралардың атауларын;
Игереді: төртбұрыш пен оның түрлері туралы түсінікті:
Меңгереді: заттар мен фигураларды үш белгісі- түсі, пішіні мен көлеміне қарай салыстыруды.