Технологическая карта на тему: ?зын-?ыс?а. Заттарды бір-біріні? ?стіне ?ойып салыстыру. Фигуралар туралы ?ткенді пысы?тау. Таным. ?арапайым математикалы? т?сінікті ?алыптастыру.
«Тексерген»
Оқу ісінің меңгерушісі ___________ Сарсенова А.М.
Технологиялық карта
Ұйымдастырылған оқу қызметі «Ботақан» ІІ -кіші аралас тобында
Тәрбиеші: Жуманова А.Б.
Күні,айы,жылы: 13.02.2017 ж.
Білім беру саласы: Таным.
Оқу қызметінің түрі: Қарапайым математикалық түсінікті қалыптастыру.
Тақырыбы: «Ұзын-қысқа. Заттарды бір-бірінің үстіне қойып салыстыру. Фигуралар туралы өткенді пысықтау».
Мақсаты: таңертең (таң) –тәулік бөлігімен таныстыру
БМ: таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) және санына қарай салыстыруды үйрету.
ДМ: қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.
ТМ: Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: әңгімелесу, түсіндіру
Әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап
Көрнекілігі: түрлі түсті жолақтар, жұмыс дәптері
Билингвальді компонент: ұзын-длинный-long, қысқа-короткий-short.
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Қызығушылығын ояту кезеңі Ғажайып сәт. «Дымбілмес»
Есіктен Дымбілмес кіріп, балалармен амандасады. Дымбылмес өзімен бірге қорапқа салынған жолақшаларды алып келеді. Ол педагогтен заттардың ұзындығын салыстыруды сұрайды.
Дымбілмес сен біздін оқу іс-әрекетіне қатыс. Балалар мен Дымбілмеске екі жолақты көрсету біреуі ұзын, біреуі қысқа.
-Балалар бүгін біздер Дымбілмеспен бірге заттарды ұзындығына қарай салыстыруды үйренеміз. Қызығушылық танытады.
334645199390Дымбілмеспен амандасады.
Балалар мұқият тыңдайды.
Іздену ұйымдастыру «Ұзын-қысқа» ойыны.
-Мен жасыл жолақтың үстіне ақ жолақты қоямын
-Қайсысы ұзын екен?
Ендеше, жасыл жолақ ақ жолаққа қарағанда ұзын деуге болады. Енді оларды қатарластырып қоямыз. Қазір де жасыл жолақтың аққа қарағанда ұзын екені көрініп тұр.
«Атты дұрыстап қой?» ойыны.
Үлестірмелі материалдар: қызыл, көк жолақшалар және ойыншық аттар.
Қызыл жолақша-қысқа, ал көк жолақша-ұзын.
-Жолақшалардың қайсысы ұзын, қайсысы қысқа екенін анықтандар?
-Түсі қандай жолақша ұзын?
-Түсі қандай жолақша қысқа?
-Үстінгі жаққа қысқа жолақшаны, астына ұзын жолақшаны қой.
Қысқа жолаққа бір атты, ал ұзын жолаққа көп атты қоюды тапсыру.
-Бір ат тұрған жолақ ұзын ба, әлде қысқа ма?
-Көп ат тұрған жолақ ұзын ба, әлде қысқа ма№
ұзын-длинный, қысқа –короткий.
Сергіту сәті. «Отбасым»
Саусақтарымызды жаттықтырамыз.
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, санайық екеуміз:
Атам, әжем, әкем, шешем және мен. Алақай! Біз бесеуміз!
«Ұзын-қысқа» ойыны. Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Жұмбақ.
«Тізбектелген көп үйлер,
Көшіп жүрген көп үйлер» (Пойыз)
-Жұмбақ не туралы?
-Аю қандай пойызды жүргізіп келе жатыр?
-Ал қоян қандай пойызды жүргізіп келе жатқанын сұрау.
-Аю мен қоянның пойыздарының ұзындығы бірдей ме, әлде әртүрлі ме?
-Олардың айырмашылығы қандай?
-Кімнің пойызы ұзын екен?
-Кімнің пойызы қысқа?
-Паравоз қандай дыбыс шығарады екен, балалар?
«Тап және боя» ойыны.
-Дымбілмес геометриялық фигуралар: шеңбер мен үшбұрыштың қандай екенін ұмытып қалыпты.
Оған геометриялық фигуралардың ішінен үшбұрышты тауып көк қарындашпен, ал шеңберді тауып қызыл қарындашпен бояуға көмектесейік.
20320351790Балалар жолақтарды қалай салыстырғанын бақылайды.
Қызыл және көк жолақшалардан алады.
Қызыл және көк жолақшаларды қатарластырып қойып салыстырады.
-Көк жолақ ұзын, қызыл жолақ қысқа
-Көк
-Қызыл
Тапсырманы орындайды.
Қысқа жолаққа бір атты, ұзын жолаққа көп атты қояды.
-Қысқа
-Ұзын
-Қызыл
-Көк
Қайталайды.
Балалар саусақтарын кезек-кезек бүгіп жаттығу жасайды.
Жұмбақты мұқият тыңдайды. Және шешуін табады.
-Пойыз туралы
Балалар екі пойызға қарап салыстырып, сұрақтарға жауап береді.
-Әртүрлі
-Аюдың пойызы қояндікіне қарағанда ұзын
-Аюдың
-Қоянның
-Ду-ду
Балалар шеңбермен үшбұрышты тауып бояйды.
Рефлексивті қорытындылау -Аю қандай пойызбен келе жатыр?
-Ал, қоян қандай пойызбен келе жатыр?
Дымбілмес ұзын жолақты қысқа жолақтан ажырата білуді және геометриялық фигуралар; шеңбер мен үшбұрышты ажырата білуге үйреткендеріне балаларға рақметін айтып, қоштасады. -Ұзын
-Қысқа
Күтілетін нәтиже:
Біледі: заттардың көлемін (ұзын-қысқа) .
Игереді: көлемі бойынша қарама қайшы заттарды қалай салыстыруға болатынын.
Меңгереді: геометриялық фигураларды белгілі бір түске қалай бояуға болатынын, заттарды бір-бірінің үстіне салу және жанастыру тәсілдері.