Разработка внеклассного мероприятия Мы гордимся нашим президентом на казахском языке
Тақырыбы : Елбасы - біздің мақтанышымыз
Мақсаты:1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың өмір жолы , туып-өскен , оқып білім
алған , қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын ,
халқын сүюге , ержүректілікке , азаматтыққа , ұлттық
патриоттық сезімге тәрбиелеу
3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін
ояту , құрметтеу
Көрнекілігі : слайд , бүктеме «Нұрсұлтан Назарбаев -тұңғыш президент»
Елбасының портреті
Әдісі : ой қозғау , шығармашылық жұмыстар
Жүрісі:1. Ұйымдастыру
2.Шаттық шеңбері
Күлім қағып қолымды
Бір,екі,үш деп соғайын
Қарап тұрған көршіме
Қолымды мен бұлғайын
Жылы-жылы жүзбенен
Маңдайыңнан сипайын
Жылы-жылы сөзбенен
Жүрегімді сыйлайын
Ыстық алақаныммен
Қолыңды бір қысайын
Амандасып өзіңмен
Құшақтап бір алайын
3.Ой қозғау
Еліміздің егемендігін , ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған , ұрпақ-
тың саналы болуына мән беріп , ар мен намысты биік ұстаған ,ата-
баба дәстүрін сақтаған кемеңгер кім ?
Бүгінгі сынып сағаты кім туралы екен ?
4 «.Аралас,қатып қал » стратегиясы
Сұрақ:Желтоқсан айында қандай мерекелер бар ?
5.Топтарға бөліну : 6. Ой бөлісу
-Қазір сендердің бақытты балалық шақтарыңды көріп ата-әже , әке-шеше-
лерің қуанып Елбасымызға айтар рахметі шексіз Елбасымыздың балалық
шағы , еңбек еткен жерлері туралы білетінімізді ортаға салайық
1 топ : Елбасының балалық шағы
(1940 ж 6 шілде , Іле Алатауы баурайында, Әбіш - Әлжан , Мырзабала ,
Сұлтан
2 топ : Бала Нұрсұлтан қандай болған ?
Қайсар,арманшыл,ата-анасына қолғанат,қиыншылықты көп көрген,
білімге ынтазар, алғыр,ақылды , зерек
3 топ .:Біздің Елбасы
Н.Назарбаев -Қарулы Күштерінің Жоғарғы Қолбасшысы , Қазақстан
Халқының Ассамблеясының төрағасы ,Қазақстан Дүниежүзі Қауым-
дастығының төрағасы , «Ғасыр адамы » , Экономика ғылымының
Докторы , академик , Гимннің авторы , жазушы , алымды да алғыр
басшы , көреген саясаткер , Қазақстан Тұңғыш президенті
7.Ой қорыту
1 топ
«Бүгінгі елім осындай »
Өз ойларын қағаз бетіне түсіреді
Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет , Астана-саяси,әкімшілік орталығы , әлемге әйгілі мемлекет т.б
2 топ
«Жүрегімнен жыр арнаймын »
Туған ел , Отан , Елбасы туралы білетін өлең шумақтарын
айтқызу
3 топ
Туған жер , Отан туралы мақал-мәтелдер айту
8.«Алтын балық » жаттығуы
«Егерде алтын ұстап алсаңыз . еліміз , Отанымыз , болашағымыз
үшін не тілер едіңіз ?»
Қорытынды
Еліміздің болашағы -біздер Елбасының халыққа жолдауында « хх 1 ғасыр -білім ғасыры » делінген Біздің міндетіміз-болашақ Қазақстанды
өркендету үшін жақсы оқып , жан-жақты білім мен ғылым алу
болып табылады
Елбасымызды , мемлекеттік рәміздерді мақтан тұтып , қазақ елінің
гүлденіп көркеюіне бар жан-тәнімізбен аянбай еңбек етеміз , сапалы
білім алып , саналы азамат болып өсеміз
Бекітемін: