Разработка внеклассного мероприятия Астана-экспо 2017 на казахском языке


Сабақтан тыс тәрбиелік іс-шара.
Сынып: 10
Тақырып: «Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң»
Мақсат:
1.Білімділік: келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихы және 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі туралы білімдерін тереңдету. 2.Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделілік қасиеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу. Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ЭКСПО дүниежүзілік көрмелері және сайыс бөлімдерінің тапсырмалары туралы слайдтар.
Іс-шараның барысы:
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар және ұстаздар! Бүгін өткізгелі отырған «Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бәрімізге белгілі 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Еліміз елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік.
Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды.
Анна: Энергия будущего всем нам нужна, Для нас и для всех поколений.Чтоб развивалась наша страна,И не прошли даром ученых стремления.Проведение EXPO в нашей стране,Событие важное, громкое.Энергию в ветре, в солнце, в воде,Должны использовать строго мы.От форума этого зависит немало,И энергия, и экология.Похоже, время такое настало,Что меняться надобно опытом.Долг молодежи нашей и детей,Приумножить знания предков.Чтоб цвет наших полей и степей,Оставалось зеленых оттенков!
Келесі кезекті оқушылардың зерттеу жұмыстарына берсек.
Аружан: Халықаралық көрмелердің тарихы Алғашқы халықаралық көрмені лондондық Гайд-паркте, арнайы жасалған әйгілі Хрусталь сарайы өткізген уақыттан бастап есептегенде 2012 жылы 161 жыл толыпты. Бұл, қатысушы-елдер қонақтарға өз өндірушілерінің шеберлігін және бірдей, бірақ әр-түрлі елде жасалған тауарлардың сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып, ұлттық өндірістің заттарын бір жерде және бір мезгілде көрсетуге келісті. Дәл осы кезде сол көрмелік тұрғылар тәжірибеге енгізіле бастады, уақыт өте келе олар міндеттіге айналып, кейін тиісті халықаралық нормативтік актілерге белгіленді. Бүкіләлемдік көрмелер өзінің ауқымы, жалпы-саяси және эконмикалық мәнділігі бойынша теңдессіз оқиғалар болып табылады. Олардың басты мақсаты – жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы-елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі. Олар көп жерде халықаралық экономикалық және ғылыми байланыстардың дамуы мен кеңеюіне ықпал етеді. Бүкіләлемдік көрмелер әр-түрлі елдерде тұратын, бірақ бірдей құндылықтар, мүдделер және мақсаттармен біріккен адамдардың араласуының бірегей мүмкіндігін сыйлайды. Қазірдің өзінде 63 көрме өткізілді. 160 жыл ішінде ХКБ-нің өзіндік мұрасы пайда болды: Лондондағы Хрусталь сарайы; Париждегі Эйфелева башня; Париждегі Александр III көпірі; Венадағы Ротонда – әлемдегі ең үлкен күмбез астындағы павильон; Мельбурндегі патшалық көрме павильоны. ХҚБ экспозициялары екі түрге бөлінеді Бүкіләлемдік әмбебап көрмелер және Халықаралық мамандырылған көрмелер. Бүкіләлемдік әмбебап көрмелері (International Registered Exhibition) жарты жылға созылады және әр бес жыл сайын өтеді, мұнда олардың ауданы мен тақырыбы шектелмейді. Мысалы, мамыр мен қазан айларының аралығында Шанхайда «Жақсы қала —жақсы өмір» ұранымен өткен EXPO-2010 жұмысына 190 ел қатысты. Жалпы алғанда көрмеге 100 миллион адам келді. Халықаралық мамандырылған көрмелер (International Recognised Exhibition) екі Бүкіләлемдік әмбебап көрме арасында өтеді және үш айға созылады. Мұнда көрме ауданы 25 гектардан аспауы тиіс және тақырыбы міндетті түрде ұйымдастырушылармен белгіленіп алады. Әдетте, тақырыптары нақты саладағы, гуманитарық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерді қоса, ғылыми, технологиялық және экономикалық жетістіктердің көрінісі болады. Мысалы, соңғы Сарагосадағы өткен EXPO-2008 көрмесінің тақырыбы: «Су және тұрақты даму» болды. Мұнда көрме тақырыбы міндетті түрде тек Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ғана емес, басқа да бүкіләлемдік ұйымдармен, соның ішінде БҰҰ-мен келісілуі тиіс. Қазақстан өткізуге үміттеніп отырған кезекті Халықаралық мамандырылған көрме 2017 жылы болады. Қазіргі типтес бірінші әмбебап көрме Англия астанасы - бүкіл әлемнің жетекші өнеркәсіптік нүктесі, өзінің орасан зор билігі арқасында Викториандық дәуір кезінде еркін сауда жүргізумен көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, гүлденген Лондонда 1851 жылы өткен. 1889 жылғы Париж көрмесінің мәдени қолжетістігі Эйфель мұнарасы болып табылады. Осыдан соң үлкен қалалардың басқалары да мұндай өндірушілер мен шеберлерді тартуға қызығушылық таныта бастады. Ең табысты халықаралық көрмелер қатарында Вена, Амстердам, Брюссель, Барселона, Сент-Луис, Турин және Филадельфияда өткен көрмелер деп танылды. Әлім: Қазақстан & EXPO 1997 жылдан бастап Қазақстан Халықаралық Көрме Бюросына мүше-ел болып табылады. Мемлекетіміз Экспо Көрмелерінде 2005 жылдан бастап белсене қатысады. Экспо Сарагоса Көрмесінің нәтижесінде, қатысушы "C" категориялы елдер ішінде, Қазақстан Республикасы жүлделі үшінші орынды алып, қола медальмен марапатталды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, осындай шараның Астана қаласында өткізу маселесін, алғаш рет Экспо Сарагоса көрмесіне ресми сапары кезінде айтқан болатын. Казахстанның EXPO көрмелеріне қатысуы туралы мәліметтер: «EXPO 2005, Аичи» Жапония • Келушілердің саны: 370 000 адам • Қазақстан экспозициясының алаңы: 324 ш.м. • Тақырыбы: «Табиғат даналығы» «EXPO 2008, Сарагоса Испания Корольдігі Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі безендіру критерийлері бойынша Қола жүлдеге ие болуы; • Келушілердің саны: 361 500 адам • Қазақстан экспозициясының алаңы: 590 ш.м. • Тақырыбы: «Су және тұрақты даму» «EXPO 2010, Шанхай» Қытай Халық Республикасы • Келушілердің саны: 446 000 адам • Қазақстан экспозициясының алаңы: 1500 ш.м. • Тақырыбы: «Астана – Еуразия жүрегі» Данель: "Халықаралық Көрме Бюросы" ұйымы Халықаралық Көрме Бюросы 1928 жылы 22 қараша айында, Париж қаласында қол қойылған Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенция өтінімдерін қамту және бақылау негізінде құрылды. Оның мүшесі болып мүше-мемлекеттердің Үкіметтері болып табылады. ХКБ штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан. Бюроның құрамына Бас Ассамблея, Президент, Атқарушы комитет, Мамандандырылған комитеттер кіреді (1928 ж. 22 қарашада, Париж қаласында қол қойылған Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенцияның 25 бабы). Қазіргі таңда Халықаралық көрмелер бюросы ұйымында 157 қатысушы ел бар. Қазақстан ХКБ ұйымы қатарына 1997 жылы қабылданды. EXPO көрмелері екі түрде өткізіледі: Халықаралық Тіркелген көрме (Әмбебап), ұйымдастыру жиілігі - 5 жылда бір рет; ұзақтығы - ең көбі 6 ай; алаңы – шектелмеген; тақырыбы – барлық қатысушыларға ортақ. Халықаралық Танылған көрме (Мамандырылған), ұйымдастыру жиілігі – екі Халықаралық Тіркелген көрме аралығында өткізіледі; ұзақтығы - ең көбі 3 ай; алаңы – ең көбі 25 га; тақырыбы – мамандырылған. Жансая: Астананың өтініш беруі 2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев ХКБ-нің Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті. Кездесу барысында Рапиль Жошыбаев ҚР Премьер-Министрі қол қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінімін тапсырды. Сөйтіп 10 маусымда Казақстан Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлау нақанына кірісті. Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі жыл соңына дейін өтінім құжаттамасын (көрмені өткізу тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары, қонақтардың қауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақұрылымдық шешімдер) дайындап оны Халықаралық көрмелер бюросына тапсырады деп күтілуде. ХҚБ талаптарына сай көремені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласының әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн. адамды қабылдайтындай шамасы болу керек. Қазақстанның астанасы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрме өткізілетін орын болып сайланды. Астана – жеңімпаз қала. Астанадағы ЕХРО- 2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме болмақ. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады. Қазақстан энергетиканы дамытуға өз үлесін қосуға және Астанада альтернативтік энергетика саласында таңдаулы ойшылдар мен жобаларды жинауға ұмтылып отыр. Бұл тақырып энергия сақтау бойынша таңдаулы әлемдік технологиялармен, әлемде бар альтернативтік күн, жел, теңіз, мұхит және термалдық су энергияларын пайдалану бойынша жаңа жобалар мен технологиялармен кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді. Қорыта келгенде, күннен күнге дамып жатқан заманауи технологияларды тиімді пайдалану үкіметтік деңгейде қолға алынса, біздің дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділігімізді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туар еді. Сонда біз қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай, көптеген жұмыс орнын құрып, сатып алу қабілеттілігін арттыра аламыз. Сондықтан да біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор. Әрбір қазақстандық біздің жеңіске жететінімізге сенеді және Көрмелердің халықаралық бюросы делегаттары оң жауап береді деген үмітте. Өйткені біз үшін жеңіс маңызды
Гүлбану Тайлақова, Жітіқара қ.
№10 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі