?аза? ?дебиетінен ашы? саба? ?.Т?жібаевты? «Тола?ай» ?деби ертегісіндегі Тола?ай бейнесі (5-сынып)


Сабақтың тақырыбы: Ә.Тәжібаевтың «Толағай» әдеби
ертегісіндегі Толағай бейнесі
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Ә.Тәжібаевтың «Толағай» әдеби ертегісін қаншалықты меңгергендерін байқау,Толағайдың бейнесіне талдау жасай отырып, әдеби кейіпкер ретінде сипаттау.
ә) тәрбиелік: Толағай бейнесі арқылы адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу. Оқушы бойына ерлік, батылдық қасиеттерді дәріптеу.
б) дамытушылық: ұйымшылдыққа, бір-бірінің пікірін тыңдап, бағалай білуге, қауымдасып жұмыс істеуге, Отанын, елін сүйе білуге баулу.
Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды топқа бөлу. Мақал-мәтелдер жазылған қағаз қиындыларынан
3 топқа бөліну.
Батыр туса- ел ырысы, жаңбыр жауса- жер ырысы
Қоянды қамыс өлтірер, ерді намыс өлтірер
Батырға оқ дарымайды, батылға жау жоламайды
Бұл мақал-мәтелдердің қандай тақырыпта? Бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар?
1-топ. Қайсарлар
2-топ. Батырлар
3-топ. Батылдар
І.Қызығушылықты ояту
Кіріспе.
«Жұртым» - деп жұмылып, «елім» - деп езіліп қызмет ет». Б.Момышұлы
Үй жұмысын тексеру. Ертегіні композициялық құрылымына талдау.
«Ақиқат, жалған» әдісі
Әдеби ертегінің авторы белгісіз болады.
Әдеби ертегілер өлең не қарасөз түрінде айтылады.
М.Жұмабаев “Жүсіп хан” әдеби ертегісін жазған.
Ә.Тәжібаев Алматы қаласында дүниеге келген.
Ә.Тәжібаевтың әкесі Нартай ақынмен айтысқа түскен.
Ақынның “Күй атасы”, “Ақын”, “Портреттер” атты дастандары бар.
Ақын әдеби ертегі өзі ойлап тапқан.
ІІ.Мағынаны тану.
«Кубизм» әдісі
І топ. Салыстыр. Ертегі кейіпкерлерін салыстыру
Кендебай Ұқсастықтары Толағай
ІІ топ. Зертте. «1 тезис, 3 дәлел» әдісі
Тезис 1-дәлел 2-дәлел 3-дәлел
ІІІ топ. Талда. «Үш жақты күнделік» әдісі
Мәтіндегі ең маңызды өзіңізге ұнағаг үзінді Өзіңіздің пікіріңіз Лайықты мақал
Сергіту сәті. Бейнебаяндағы «Ертегілер» әнін оқушыларға орындату.
Көрсетілім. «Толағай» мультфильмінен үзінді көрсету.

ІІІ.Толғаныс.
І топ. Шығармашылық жұмыс.
Эссе. «Толағай» ертегісіндегі «Ең бақытсыз жан кім?» деп ойлайсыз?
ІІ топ. «Ортада қаламсап» әдісі
Егер сіз автор болсаңыз, бұл әдеби ертегіні қалай аяқтар едіңіз?
ІІІ топ. РАФТ әдісі. Толағайға арнап хат жазу.
Қорытынды сөз.
«Толағай» атауы бұрыннан қайдан таныс?
Неге бұл бағдарлама «Толағай» деп аталады?
Толағай секілді батыр болу қолдарыңыздан келе ме?
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы-жастардың қолында» деп, сіздер сияқты жас ұрпаққа сенім артып отыр.Олай болса, бүгінгі жастар қандай болу керек?
Еліміздің үміт артып отырған бүгінгі Толағайлары сіздерсіздер. Осы атымызға лайық болайық. Мен сіздерге сенім артамын.
Кері байланыс. Кеменің суреті бар қағаз таратылады. Оқушылар бояу керек.
Бағалау. Топ басшылары бағалайды.
Үй жұмысы.
«Туады ерлер ел үшін» тақырыбында шағын эссе жазу