Махамбет ?теміс?лы. ?мірі мен шы?армашылы?ы 9 класс
Кистаубаева Эльмира Турсунбаевна
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Алматы облысы Жамбыл ауданы
9-сынып Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы . Өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығымен танысады.
Қажетті құрал-жабдықтар: Оқулық, хрестоматия, «Ежелгі Қазақстан аңыздары» кітабы «Аруана» баспасы 2006ж., флипчарт, маркер, стикерлер
Пән аралық байланыс: география, тарих
Күтілетін нәтиже: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығымен таныса отырып, ұлы күрескер бабамыздың тарихи тұлғасын, киелі әруақ иесі екендігін таниды.
Сабақтың барысы:
Кіріспе бөлім (7 мин.)
Оқушылармен сәлемдесу «Жүрек жылуы» тренингі
Топқа бөлу Ашық хат құрастыру арқылы сынып үш топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын сұрау Тест
Тест тексеру (дұрыс жауаппен салыстыру арқылы сыныптасының жұмысын тексеріп, бағасын қояды)
Негізгі бөлім
БІЛУ (10 мин.) «Бағдаршам» әдісімен бағаланады
Оқушыларға жаңа сабақты өз беттерімен меңгеруіне уақыт беріледі.Әр топқа хат келеді. Хатта жаңа сабақтың түсіндірмесі беріледі. Берілген мәтінді топта талқылайды. Қайта топ құрылады.Түсінгендерін қайта құрылған топта айтып береді. (Топтан құрылған шағын топтар оқу бөлмесінің кез келген жеріне барып тұрады)
ТҮСІНУ ҚОЛДАНУ (8 мин.) «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалау
Электронды оқулықтан Махамбет туралы видео көрсету.Сол бойынша тапсырма орындау.
1- топ «Топтастыру» 2 -топ 5 жолды өлең стратегиясы 3- топ «Акроним» әдісі
Сергіту сәті (5 мин.) Поэзия минуты Оқушылар Махамбеттің өлеңдерін оқиды
ТАЛДАУ ЖИНАҚТАУ (5 мин.) «Бармақ» әдісімен бағалау
1-топ Атауларға анықтама беріңдер (картадан көрсет)
2-топ Махамбеттің өмірі мен шығармашылығына қатысты хронологиялық кесте толтырады
3-топ Биопоэма
БАҒАЛАУ (5 мин.) Постермен жұмыс Постерге дауыс беру арқылы бағаланады
Еліміздің өркендеуіне Махамбет сияқты қандай үлес қосар едің?
Қорытынды бөлім (5 мин.)
Қорытынды бағалау
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін «Ұстазға хат» арқылы жазады.
Келесі тапсырма Махамбет туралы тарихи деректер