Саба?ты? та?ырыбы: Махамбет ?теміс?лы. ?мірі мен шы?армашылы?ы.


Әдебиет 5 сыныпСабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы. Өмірі мен шығармашылығы.Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларға ақынның кім екендігін, оның шығармаларының тақырыбын, мақсатын, тарихын аша отырып, ақынды тағы да жаңа қырынан танытуДамытушылық: Оқулық пен қосымша деректерді пайдалануға, өз ойларын еркін айтуға, өз пікірлерін қорғап, ақын поэзиясын насихаттап, әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру;Тәрбиелік: Ақын өміріндегі ұлтжандылықты ұғындыру, батылдыққа, бірлікке, туған жерін, елін, сүюге, қорғауға тәрбиелеу;Сабақтың түрі: жаңа сабақСабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, ой қозғау, мағынаны тану, сұрақ – жауаптар, СТО әдістеріСабақтың көрнекілігі: Ақынның портреті, оқулықтар, интербелсенді тақта, хронологиялық кестелер, тірек - сызбаларСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:а) сәлемдесу;ә) түгендеу, оқу құралдарын тексеруб) зейіндерін пәнге аудару.ІІ. Үй тапсырмасын сұрауҮй тапсырмасына А. Байтұрсыновтың өмірі мен «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» әңгімесін Венн диаграмма әдісі бойынша талқылау IІІ. Жаңа сабақМахамбет Өтемісұлы 1803 жылы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы - 20. 10. 1846, қазіргі Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылы Қараой жерінде - ақын, күйші, Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің (1836 - 38) көсемі әрі жалынды жыршысы. Бала кезінен мұсылманша, орысша оқыған. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған.ІV. Өмір жолын хронологиялық кестемен түсіндіру.Жыл ------- Оқиға1803 Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жанқұс жерінде туған.1816 Сүйінішқали сұлтан шауып, дүние - малын алып кетеді.1817 Өтеміс (Махамбеттің әкесі) қайтыс болды. Махамбет анасымен, Исатай ағасымен тәрбиеледі.1824 - 1828 Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайының қасында болды.1829 Махамбет Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталын, Калмыков бекетіндегі абақтыға 2 жылдай қамалды.1831 Түрмеден қашып шықты, бірақ артынша ақталды.1833 Орынбордағы Неплюев кадет корпусында оқиды.1834 Исатай батырымен бірігеді.1836 - 1838 Бөкей ордасында көтеріліс.1837 Көтерілістің кульминациясы. 15 - қарашада Тастөбе деген жерде жарыс болды.1838 12 - шілдеде Қилы өзеннің сағасындағы Ақбұлақ деген жерде кездесіп, ұрыс салады. Махамбет Хиуаға жүгіріп кетті.1839 Бұқараға экспедиция (жетекшісі - Ковалевский).1841 7 - шілдеде сот "бүліншілікке" тағы араласса, қатаң жазалансын деген үкіммен тұтқыннан босатып, шекарадан өтпеуін қатаң есертті.1846 20 - қарашада Атырау облысында жалдама өлтірушілер Махамбетті өлтірді.V. Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына тоқталу.Өлеңдері«Мұнар күн»«Ереуіл атқа ер салмай»«Ұлы арман»«Еріскедей ер болса»«Арғымаққа оқ тиді»«Исатай деген ағам бар»«Азамат ердің баласы»«Біртіндеп садақ асынбай»«Қызғыш құс»«Тарланым»«Исатай сөзі»«Баймағамбет сұлтанға»VII. Өзіндік жұмыс. М. Өтемісұлы өлеңдерін мәнерлеп оқу. Кеспе қағаздарға жазылған өлеңдерді таратамын.Мен - мен едім, мен едім!Мен Нарында жүргендеЕңіреген ер едім.Исатайдың барындаЕкі тарлан бөрі едім.Қай қазақтан кем едім?Бір қазақпен тең едім.Өздеріңдей хандардың,Қарны жуан билердіңАтандай даусын ақыртып,Лауазымын көкке шаңыртып,Сұлтанын суға сұлатып,Ханшасын қақпа алдында