Ашы? саба?: Исатай Тайман?лы мен Махамбет ?теміс?лы баста?ан ?лт-азатты? к?теріліс (1836-1838жж).
-451485173355Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы,
Қаратоғай селосы, Қаратоғай орта мектебі
Тарих пәнінің мұғалімі Еримбетов Рустем Калбайулы
Ашық сабақ жоспары
Күні,айы: 25.11.2013ж.
Пәні. Қазақстан тарихы.
Класы: 8 «Б»
Тақырыбы: Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1836-1838жж).
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Бөкей ордасының құрылуы жайында баяндау. И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық күресінің себептері мен алғышарттарымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың белсенділіктерін арттырып, тарихи білімдерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Тарих санасы қалыптасқан, отан сүйгіштік, патриоттық сезімдері мен ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Слайд, карта, сызбалар.
Әдісі: Ауызша баяндау, интеллектуалды ойын, картамен жұмыс, мәтінмен жұмыс.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, география,орыс тілі.
Сабақтың барысы:
І) Ұйымдастыру бөлімі.
1) Есептеу комиссиясын сайлау.
2) Үй тапсырмасын тексеру. Интеллектуалды шоу ойыны.
3) Жаңа сабақты баяндау.
4) Сабақты қорытындылау.
Жоспар: Оқушыларды үш топқа бөліп, топ басшыларын сайлау.
1)«Бәйге» (шарты: 20,30,40 балдық ұяшықтарды тандау арқылы сұрақтарға жауап беру. )
20 балдық сұрақтар:
Кенесары Касымұлы бастаған көтеріліс қамтыған аумақ?
( Бүкіл үш жүз)
Кенесары мен Қоқан хандығымен қарым-қатынасының шиеленісіп кетуінің себебі? (1836 жылы оның туған бауыры Саржан сұлтанды, 1840 жылы әкесі Қасым төрені өлтірген болатын)
Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс қай жылдарды қамтиды? (1837-1847жж.)
30 балдық сұрақтар:
Көтерілістің басты мақсаты? (Қазақтардың Абылай хан тұсындағы тұсындағы жерді қалпына келтіру, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою)
1841 жылдың қыркүйек айында үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында қандай тарихи оқиға болды? (Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Қазақ Хандығы қалпына келтірілді )
1845 жылы Кенесары хан Қоқан хандығынан қандай бекіністерін тартып алды? (Жаңақорған, Созақ, Жүлек)
40 балдық сұрақтар
1841 жылы тамызда болған оқиға? (Кенесары қолы Ташкентке жорыққа атанды)
Бейне сұрақ.
1845 жылы Кенесары хан ордасына келген патша елшілерін ата? (Долгов пен Герн)
2) « Ширату»: (Шарты:Үш топқа үш түрлі сұрақ беріледі, сұрақтың жауабын тауып оны орыс тіліне аудару.)
1) Кенесары хан енгізген, халықтан жиналатын «зекет», «ұшыр» деп аталған? (салық, дань)
2) Орынбор, Ор, Жаңақорған, Созақ...? (бекініс, крепость)
3) Қырғыз манаптары қалай аталды? (номадтар, номады).
3) «Кім жылдам» (Шарты: Топ басшыларына уақытқа 3 сұрақ қойылады.)
1) Оқушы: 1) Кенесары Қасымұлы көтерілісі кезеңіндегі Ресей патшасы? (Николай І)
2)1822 жылы Орта жүзде хандық биліктің жойылуы қай құжатта сипатталды? («Сібір қырғыздары туралы жарғы»)
3) Кенесары Қасымұлы қай жылы,қай жерде қаза табады? (1847ж., Майтөбе)
2)Оқушы: 1) Көтерілістің қозғаушы күштері? (қазақ шаруалары )
2) 1842ж Орынбор губернаторы болып тағайындалған? (В.А. Обручев)
3) 1836 ж. Кенесарының ағасы Саржанды өлтіруге бұйрық берген хан ? (Қоқан ханы)
3)Оқушы: 1) Кенесарының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен? (Ағасы Саржан)
2) XIX ғасырдың 20-30 жылдары Хиуа хандығы қандай руларға қысым көрсетті?(шекті, төртқара, байұлы,табын)
3) Патша үкіметі 1845 жылы отарлауды жалғастыру үшін, қай өзендердің бойына бекіністер салды? (Ырғыз, Тобыл,Ұлытау)
Жаңа сабақтың жоспары:
1.Бөкей ордасының құрылуы.
1. 1801 жылы Нұралы әулетінен шыққан сұлтандардың бірі Бөкей орыс императоры І Павел патшаға өзін ауылдарымен қоса бодандығына алуды өтініш жасайды.
2.І Павел патшаның жарлығымен 1812 жылы Бөкей ордасы немесе Ішкі орда деп аталатын хандық құрылды. Негізін қалаушы Бөкей хан.
3.Бөкей хан 1815 жылы 12 мамырда қайтыс болып, орнына мұрагер ұлы Жәңгір отырады. Алайда Жәңгір ер жеткенше Бөкей ордасын інісі Шығай билейді.
4.1823жылы хан тағына Жәңгір отырады. Хан шұрайлы жерлерді өз туыстары мен ақсүйектерге бөліп бере бастайды. Өйткені Ішкі орданың хандары билікті ұзақ ұстап отыра алмайтындықтарын жақсы түсінді.
2. Шаруалар көтерілісінің басталу себептері.
1.1818 жылы патша үкіметі қазақтардың Жайық өзінінен өтуіне,Бөкей Ордасына көшіп келуіне тыйым салатын бұйрық шығарады. Князь Юсупов қазақтардан өз аймағын қыстап шыққаны үшін салық алады. Осының бәрі жергілікті қазақтардың ашу-ызасын тудырып, көтеріліске итермелейді.
2. Көтеріліске 1833 жылы Жәңгір ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий теңізі өңіріндегі қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы түрткі болады. Сондай-ақ Жәңгір ханның халықты орыс отаршылдарынан қорғауды өтінге өтініштерін орындай алмауы, ішкі тартысты жылдан-жылға шиеленістіре түсті.
3.Көтерілістің негізгі қозғаушы күші-қазақ шаруалары болды. Старшын,билер де қатысты.
3.Жүру барысы және патша үкіметінің көтеріліске қарсы шаралары.
1.Көтеріліске би әрі батыр И.Тайманұлы мен атақты ақын М.Өтемісұлы басшылық жасады. 1812 жылы Жайық бөлімінің старшыны,1814 ж.Орынбор Шекаралық комиссиясы сташындыққа бекіткен. Алайда 1817 ж. бастап Исатай батырдың патша үкіметімен байланысы салқындай түседі. Орынбор генерал нубернаторының мәліметтері бойынша 1817-1823 жылдары сотқа тартылған Исатай ақталып шығады.
2.Қарауылқожаның жүгенсіздігіне байланысты Исатай 1835 ж Жәңгір ханға наразылық хатын жолдап,онда ханнан халықты қорғауды талап етеді. Жәңгір хан өз жауабында Исатайды халықты жанжалға араңдатып отырсың деп кінәлайды. Алайда ханның, Қарауылқожаның халыққа қарсы іс әрекеттерін тыймауы Исатайды мазалайды. Ол халықты ханның бұйрықтарын орындаудан бас тартуға шақырады.
3. Исатайдың жауынгер серігі ержүрек ақын М.Өтемісұлы да беріш руының старшыны болатын. Сауатты Махамбет Ішкі орда қазақтары арасында белгілі болды. Исатай мен халықтың атынан үндеу таратқан Махамбет шаруаларды көтеріліске,күреске шақырудағы орны ерекше.
4.Қозғалыстың басты мақсаты- хан озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын жақсарту, жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршыл саясатын тоқтату.
4.Көтерілістің жеңілуі, тарихи маңызы.
1.Көтерілістің соңғы кезеңінде Исатайдың мақсаты-Ішкі ордаға қайта оралып Жәңгір ханға күтпеген жерден соққы беру және орыс помещиктері басып алған жерлерді иелеріне қазақ шаруаларына қайтару болды. Исатайға қарсы күресу үшін патша үкіметі бар күшін пайдаланып,барынша тездетіп басып жаныштағысы келді.
2. Сипаты жағынан ұлт-азаттық тартыс отаршылдыққа да, әлеуметтік езгіге де бағытталды; хандық басқарудың күйрегенін тағы да дәлелдеді.
Сабақты бекіту:
Сұрақ-жауап, венн диаграммасы
Үш топқа қойылатын сұрақ: 1836-38жж Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс ұлт-азаттық сипат ала алдыма?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §14 оқып келу, Кенесары мен Исатай бастаған көтерілістеріне салыстырмалы сиппаттама жасап, кестеге түсіру.