М?тіндік процессоры туралы жалпы ма?л?мат, программа интерфейсі. ??жаттарды ??ру ж?не са?тау. 6 сынып саба? жоспары


Сабақ жоспары «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
__________________________
Пән аты: Информатика
Күні: 26.12.2015ж
Cынып: 6 «Г»
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік процессоры туралы  жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. Құжаттарды құру және сақтау.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға мәтіндік процессор жайлы түсінік бере отырып, алған білімдерін кеңейтіп, қажет кезінде пайдалана білуге үйрету, компьютерде емін- еркін мәтіндік процессорда құжаттарды құруға, сақтауға  үйрету.
Білімділігі:білімділікке, салауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
Тәрбиелігі:икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
Дамытушылығы:оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыруСабақтың типі:аралас  сабақКөрнекілігі:Интерактивті   тақта, компьютерлер,  компьютер (MS Word прогаммасы), тапсырма жазылған бетшелер, оқулық, слайд-шоу.
Пән  аралық  байланыс:   геометрия,қазақ  тіліСабақтың жоспары:
Сабақтың өту барысы:I. Ұйымдастыру: оқушылардың сабаққа қатысын және дайындығын қадағалау.II. Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:II. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
1.Модель дегеніміз не?2. Динамикалық модель?3. Модельдіқандайтоптарғажіктеугеболады?4. Модельдеудіңнешекезеңі бар?
III. Жаңа сабақ.MS Word – бұл құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және басып шығару үшін арналған Microsoft Office жүйесінің құрамына кіретін программа.MS Word іс жүзінде қазіргі мәтіндік процессорлардың барлық қажетті сапаларына ие:§ құжаттарды құру және теру;§ қаріптер жиынын пайдалану арқылы оларды форматтау;§ кестелер, графиктер, математикалық формулаларды пайдалану;§ емле ережесін тексеру және сөздерді автоматты тасымалдау;§ іскер хаттарды, келісім-шарттарды, есеп беру формаларын және т.б дайындауға Шеберді (Мастер) және Шаблонды пайдалануСонымен қатар мәтіндік процессордың кемшіліктері де бар:§ математикалық формулаларды енгізу күрделі;§ растрлық графикаларға арналмаған.
Мәтіндік процессорларды бірнеше әдіспен іске қосуға болады:1. Негізгі менюден Жіберу → Бағдарламалар→ Microsoft Office → MS Word командаларын орындау арқылы;2. Жұмыс үстеліндегі таңбашасынан;3. Microsoft Office тақтасындағы батырмалармен.Word программасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу батырмасын басу арқылы.Word терезесін жабу кезінде құжатқа енгізілген өзгерістер сақталмаса, экранға диалогтық терезе шығады. Осы диалогтық терезе арқылы біз файлдағы өзгерістерді сақтай аламыз.Мәтіндік процессорды іске қосқан кезде экранда терезе пайда болады.Word терезесінің негізгі элементтері Office қосымшалары үшін ортақ болып табылады. Мұның жоғарғы бөлігінде негізгі меню орналасқан. Онда: Файл, Түзету, Түр, Қою, Формат, Сервис, Кесте, Терезе, Анықтама орналасқан.Жалпы терезе мынадай бөліктерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, «Стандартты» құрал-саймандар тақтасы, «Форматтау» құрал-саймандар тақтасы, сызғыш, жұмыс алаңы, бейнелеу режимін таңдау батырмаларынан, қалып-күй жолынан тұрады.
MS Word – бұлқұжаттарды  құру, қарапшығу, өзгертужәнебасыпшығаруүшінарналған MS Office  құрамынакіретінбағдарлама.
MS Word
Ісжүзінде  қазіргі  мәтіндік    процессорлардың   барлыққажеттісапаларынаие:
-  құжаттардықұружәнетеру,
-  қаріптержиынынпайдалануарқылыолардыпішімдеу,
-  кестелер,графиктер,математикалықформулалардыпайдалану,
-  емлеережесінтексеружәнесөздердіавтоматтытасымалдау,
-  іскерхаттарды,  келісім-шарттарды,   есеп беру  формаларындайындауға   Шеберді (Мастерді)   және   Шаблонды    қолдану.
Мәтіндікпроцессордың    кемшіліктері:
-  математикалықформулалардыенгізу   күрделі,
-  растрлық   графикаларға   арналмаған.
Программалық интерфейс (Interface—inter—өзара, і face—бет жағы) — программалаушылардың кәсіптік тілінде — өзара әрекеттесу «жазықтығы», пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара мәліметтер алмасуын жасақтайтынаппараттық-программалыққұралдардың жиынтығы;
Жаңа құжатты құру.Жаңа құжатты құру үшін Файл менюінен Құру (Создать) командасын таңдаймыз немесе «Стандартты» құрал-саймандар тақтасындағы белгісін басу арқылы ашамыз. MS Word құжаттары шаблондарының кеңейтілуі doc және таңбасымен белгіленеді.Құжатты ашу.Бар құжатты ашу үшін Файл менюінде Ашу командасын таңдау немесе «Стандартты» құрал-саймандар тақтасындағы батырмасын шертуміз қажет, сонан кейін Құжатты ашу диалогтік терезесі ашылады. Бума өрісінен қажетті құжаты бар диск таңдалады.Құжатты сақтау.Құжатты сақтау үшін Файл менюінен Сақтау командасын таңдаймыз немесе Стандартты» құрал-саймандар тақтасындағы батырмасын шертеміз.Құжатты бірінші рет сақтағанда Файл менюінен Қалай сақтау… командасын таңдаймыз, сонда мынадай Құжатты сақтау диалогтық терезесі пайда болады.Мұндағы Бума өрісінде дискіні, ал төмен орналасқан өрістен құжат сақталатын буманы, ал Файл типі (Тип файла) өрісінде құжат сақталатын форматты таңдаумызға болады. Ал Файл аты өрісінде файлдың атын жазамыз содан кейін барып қана Сақтау батырмасын басамыз.Қайталап сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі шықпайды. Құжат автоматты түрде сол файлда қайта сақталады.Сергіту  сәті.
Тапсырма. «Артық сөзді тап» Мәтіндік редакторға байланысты емес сөзді табу керекСөздер; операциялық жүйе, мәтіндік процессор, абзац, пішімдеу, қиып алу, графикалық редактор
 БАҒАЛАУ.   
Үйге тапсырма: Мәтіндік процессор  тақырыбына  дайындалып келу.