Саба?ты? та?ырыбы: Жал?ы есім мен жалпы есім.Жал?ы есімні? жазылу емлесі


Тоғыз орта мектебі
Жалқы есім мен жалпы есім
қазақ тілі
2-сынып
Пән мұғалімі: Жусупова К.С
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Жалқы есім мен жалпы есім.Жалқы есімнің жазылу емлесі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:Оқушылардың зат есім туралы білімдерін бекітіп,жалқы есім мен жалпы есім туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге ,ажырата білуге үйрету.Жалқы есімдердің әр уақытта бас әріппен жазылатынын меңгерту.
2.Дамытушылық:Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру,шығармашылық ойлау қабілеттерін,сөздік қорын дамыту, сабаққа қызығушылығын арттыру.
3.Тәрбиелік:Ұйымшылдыққа, тиянақтылыққа,ана тілін сүюге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: оқушылар зат есім жалқы есім және жалпы есім болып бөлінетінін, жалқы есімдер,олардың жазылу емлесін меңгеріп,сөйлем ішінен таба білуге үйренеді.
Сабақтың көрнекілігі:қима қағаздар,суреттер,тірек сызба,видео ролик.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:ойын,топтық,жеке жұмыстар,
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
р/с сабақтың кезеңдері әдіс -тәсілдер мұғалімнің әрекеті оқушының әрекеті
1 Ұйымдастыру
кезеңі
психология-
лық дайындық Оқушыларды түгелдеп, сабаққа назарларын аударады. Күн,
Мен сенен жылу аламын.
Жүрегіме саламын.
Досыма сыйлаймын.
Сәттілік тілеймін.
2 Қызығушылықты ояту Ойын
«Адасқан сөздер»
Ойжұмбақ
Ереже есіңде ме?
«Ыстық орындық» Оқушыларға қала, адам, өзен-көл, жан-жануарлар аттары жазылған сөздер бойынша топқа бөліну ретін түсіндіреді.
Үй тапсырмасын тексеру
332-жаттығу.
-Ол аспанда,жерде
де болады, шөлейт
жерлерде де жүреді
ата-әжелеріңнің қолында болуы,тіпті партаның үстінде де тұруы мүмкін,оны жеуге де болады,
ол-барлық адамда болады.
-Ал енді осы сөздер қандай сөз табына жатады?
-Қандай сөз таптарын білесің?
-Зат есім деген не?
-Адамға байланысты сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
-Заттарға,жануарларға қатысты сөздерге қандай сұрақтар қойылады? Оқушылар алған сөздеріне сұрақ қойып мағынасына қарай топқа бөлінеді.
І топ-қалалар
ІІ топ-өзен-көлдер
ІІІ топ-адам аттары
ІҮ топ-жан-жануар
атаулары
332-жаттығудағы сурет бойынша құраған әңгімелерін оқиды.
Оқушылар бейнені жалғастырып салады.
Көзілдірік,алма,жүрек,
бұлт,құс,түйе,тау т.б.

Әр топтан бір оқушы шығып, жауап береді.
3 Мағынаны таны Интерак
тивті тақтамен жұмыс
Түрткі сұрақ
Сәйкестендіру -Шақырады тақтамыз
Бірі жеміс, бірі қыз,
Бірі гүл, бірі және қыз,
Ал,қарайық баршамыз.
-Неге сөздердің бірі кіші әріппен,екіншісі үлкен әріппенжазылған деп ойлайсың?
-Мына есімдерді өз тұлпарларымен сәйкестендір.
-Қандай сөздер бас әріппен жазылып тұр?
-Біз қандай мекен жайда тұрамыз?
-Қандай сөздер бас әріппен жазылған? Балалар суреттерді салыстырып,адам аттары бас әріппен жазылатынын еске түсіреді.
Қобыланды Байшұбар
Алпамыс Құлагер
Ақан сері Қарақасқа
Қамбар Тайбурыл
Жан-жануарларға қойылған атаулар бас әріппен жазылатынын
еске түсіреді.
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шілікті ауылында тұрамыз
Жер-су аттары бас әріппен жазылатынын еске түсіреді.
Тірек сызбамен жұмыс
Оқулық
пен жұмыс
Дптермен жұмыс
Картамен жұмыс Зат есім
Жалқы жалпы
есім есім
Ережемен таныстыру
334-жаттығу
Арман атай,
Аралағаны-Тарбағатай.
Арман атай атын
Тарбағатайда тағалай алмай,
Айқайға салған атай.
Күннің жадын жазады.
335-жаттығу
Жалқы есімдерді қатыстырып сөйлем құрайды.
Жетісу өлкесі,Іле өзені,Балқаш көлі туралы әңгімелеу.
Видео ролик.
«Жер жаннаты-Жетісу»
336-жаттығу орындалады. Оқушылар оқулықтағы ережені оқып,жалқы есім туралы түсінік алады.
Әр топтан оқушылар жаңылтпашты жатқа айтады
І топ-Сырым
ІІ топ-Тайбурыл
ІІІ топ-Ертіс
ІҮ топ-Бөрібасарр
Әр топтан бір оқушы тақтаға орындайды.
Сөйлемдерді көшіріп жазып,сөздердің бас әріппен жазылу себебін
түсіндіру.
4 Ой толғаныс «Сиқырлы қалпақ» Берілген жалпы есімдерден жалқы есім жасау.
-Зат есімнің қандай түрлерімен таныстық?
-Жалқы есім деген не?
-Жалқы есімдер қалай жазылады?
-Мысал келтір.
Мысалы:
тау-Алатау
қыз-Айгүл
тұлпар-Тайбурыл
ит-Таймас
өзен-Іле
көл-Балқаш
ұл-Айбек
мұғалім-Күлаш апай
Сұраққа жауап береді.
5 Үй тапсырмасы 337-жаттығу.Ереже жаттау
6 Бағалау «бағдар
шам» Қызыл түс-5
жасыл түс-4
Сары түс-3 Сабақ барысында оқушылардың жауаптарына сәйкес түстер таратылады.
7 Кері байланыс Бүгінгі сабақ ұнады ма? Сабақ ұнаса-қызыл түс
Сабақ орташа өтсе-жасыл
сабақ ұнамаса-сары түсті бағдаршам макетін көтереді