Тема урока Сын есімді ?айталау



Шынаргүл Сағындыққызы Мальшубаева
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы
№12 жалпы орта білім беру мектебі
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сын есімнен алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың тапқырлық ізденімпаздық, танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ана тілінің заңдылықтарын сүйе білуге үйрету, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, карточкамен жұмыс, талдау, практикалық, проблемалық жағдаят, қайталау, іздендіру, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, сөзжұмбақ, сызбалар, карточкалар, сурет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасу, түгендеу.
ә) Психологиялық дайындық.
Қазір сендер бір-бірлеріңе есімдерінің бірінші әрпінен басталатын мінездеріне байланысты жақсылық сөзін сабаққа ұран етіп сыйлайсындар.
Қабылжан – сен қабілеттісің.
Аңсат – сен алғырсың.
Әсем – сен әсемсің.
Бауыржан – сен білімдісің.
Айдын – сен айбаттысың.
Даниял – сен дарындысың.
Айлаза – сен аяулысың.
Дінмұхаммед – сен досшылсың.
Ұлфат – сен ұқыптысың.
Ізбасар – сен ізденімпазсың.
Әбілмансұр – сен әйгілісің.
Шыңғыс – сен шыдамдысың.
Рамазан – сен рақымшылсың.
Рахат – сен ризашылсың.
Руслан – сен рушылсың.
Индира – сен инабаттысың.
Альмира – сен ақкөңілсің.
Тамерлан – сен талаптысың.
Камила – сен көңілдісің.
Ерсін – сен ержүрексің.
Әсем – сен әдемісің.
Сәния – сен сымбаттысың.
Рамазан – сен расшылсың.
Аяжан – сен ақылдысың.
Данияр – сен думаншылсың.
Осы айтқан қасиеттерін қандай сұраққа жауап береді?(Қандай?)
Қай сөз табының сұрағы?(Сын есім)
Ендеше, бүгін сабақта сын есімді қайталаймыз.
Оқушылар мақсатты өздері айтады.
Бүгінгі сабағымыз бірнеше бөлімдерден құрастырылған, әр бөлімде үш дәрежелі деңгейлік тапсырмалары бар.
ІІ. «Тапқырлар аялдамасы» (Проектор)
Ұяшықтармен жұмыс, ережені қайталау.
ІІІ. «Жауап тапқанға қолқа жоқ»(Проектор)
ІІІ деңгей – Негізгі, туынды сын есімдерді екі топқа бөліп жазу.
Үлкен, аласа, желсіз, жеңіл, еріншек, жүзгіш, тебеген, мықты, жіңішке, сұлу, тұсаулы, көтеріңкі, көк, қатты, түнгі, ұнамды.
ІІ деңгей – Бір зат есімге бес сын есім жазу.

Оқушыжеркітап


І деңгей – Берілген мақалдардағы көп нүктенің орнына лайықты сын есімдерді қойып, орысша-ағылшынша аудар.
Өнер алды ... тіл.
... қыз – жағадағы құндыз.
... жігіт жол бастар.
... адамды жақынға санама.
... еңбектен ... нан. IV. «Сұраймын, жауап бер»Әр оқушыға кесте тарату.
ІІІ деңгей – Графикалық диктант, яғни сын есім мен зат есімдерді сәйкестендіру.
ЖазғыОқушы
Сары Ырым
АуырБала
БиікДауыс
ЖаманБалапан
ӘдептіАдам
КөтеріңкіЖүк
БілімдіСөз
ҚабілеттіАктёр
ТүйіндіҮй
ДарындыДемалыс
ІІ деңгей – Ойын: бір сөзбен айтқанда қандай адам.
Қиыстырып, тауып сөйлейтін адам? (Шешен, тапқыр)
Айтқанға сене салатын, еш нәрсені байқамайтын адам? (Аңқау, ашық ауыз)
Тез ашуланатын адам? (Ашущаң)
Көрінгенге соқтыға беретін адам? (Тентек, сотқар)
Ертең орындаймын, кейін жазамын дейтін адам? (Жалқау, еріншек)
Әркімнің сыртынан жаман сөз айтып жүретін адам? (Өсекші)
Көп білетін адам? (Білгіш)
Жан аямай көп жұмыс істейтін адам? (Еңбексүйгіш, еңбекқор)
Керексіз көп сөйлейтін адам? (Мылжың, көкезу)
І деңгей – Семантикалық картаны толтыру. Жұппен жұмыс.Бір партаға біреуден беру.
Сын есім Дара Күрделі Сапалық Қатыстық
Жеңімпаз + +
Қымбат + + Сыншыл + +
Шұбар ала + + Балалы-шағалы + +
Үлгілі + +
Биіктеу + + Әдеби + +
Апалы-сіңлілі + +
Қызыл-жасыл + + V. «Жалғастыр»
ІІІ деңгей - Туынды сын есімдермен сөйлемдер құрастыру.
Еріншек, қабаған, түнгі, атақты, ұмытшақ, қарулы.
ІІ деңгей – Сөзжұмбақ шешу. Мына төркөздерді сын есімдермен толтыр.(Проектор)
С А Л М А Қ Т Ы
Т У Ы Н Д Ы Н У Л Ы Ә Д Е П Т І С А Р Ы Ә Д Е М І М Ы Қ Т Ы
І деңгей – Сатылай кешенді сын есімге талдау жасау.
Қайратты, шұбар ала
VI. «Шығармашылық жұмыс»(Проекторда суретті көрсету)
Сын есімдерді қатыстырып, мини шығарма немесе бір шумақ өлең шығару.
VІI. Бекіту. Тест сұрақтары. Әр оқушыға біреу, көршісімен ауыстырып тексеру. (Жауаптарын тақтаның артына жазып қою)
Сын есім:
А) заттың санын білдіреді; Ә) заттың атын білдіреді; Б) заттың сапасын білдіреді;
Сапалық сын есімді тап:
А) қызыл;Ә) білгіш;Б) ашущаң;
Сын есімнің сұрақтары:
А) не істеді?Ә) қандай? қай? Б) қанша? неше?
Туынды сын есімді тап:
А) жылтыр;Ә) тәртіпті;Б) биік;
Негізгі сын есімді тап:
А) таза;Ә) әлсіз;Б) кешкі;
Қатыстық сын есімді тап:
А) заңғар; Ә) ымыртБ) өнегелі;
Дара сын есімді тап:
А) тап-таза;Ә) ақ;Б) өте жақсы;
Көршілерімен алмасып тексеру.
VІІI. Үйге тапсырма.
І нұсқа – 154 жаттығу.
І нұсқа – 155 жаттығу.
ІХ. Бағалау.
Оқушылар көршілеріне баға қойып, стикерді суретке сәйкес жабыстырады.