Конспект урока на тему Сын есімді ?айталау (3 класс )
Cабақтың тақырыбы:Сын есімді қайталау.
Сабақтың мақсаты:Жаттығулар орындау арқылы сын есім және оның түрлері туралы алған білімдерін қайталап бекіту.
Тапсырмалар мен сұрақтар арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту.Оқушының тілін дамыту,сауатты ,көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі:қайталау сабағы.
Сабақтың көрнекілігі:зымыранның,тазының суреттері,сын есімдер жазылған плакат,деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы:1 Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылықтарын ояту.
- Балалар,мына өлеңге көңіл аударыңдаршы.
Қабанбайдың ұланы
Бөгенбайдың қыраны
Айтылатын мәнгілік
Қазағымның жыр әні
Ерлікпенен жыр егіз
Оны жастан білеміз
Біз Тоқтардың есімін.
Ту ғып ұстап жүреміз.
- Тоқтар ағамыз кім?
-Бүгін қандай күн?
Мереке құтты болсын.
Бүгінгі сабағымызда ,сендердің жоғарғы білімдеріңді көргім келеді.
2 Үй жұмысын тексеру.
Шығармашылық тапсырма
3 Өткенді қайталау.Сызба арқылы.
- Қандай сөз таптарын өттік?
- Зат есім дегеніміз не?
- Етістік дегеніміз не?
- Сын есім дегеніміз не?
4 Жаңа сабақ.
Балалар, бүгінгі сабағымызда сын есім туралы алған білімдерімізді бекітеміз.
Сабағымызда түрлі тапсырмалар орындау барысында бір сурет шығады.
-Дайынбыз ба?
Ендеше, дәптерлерімізді ашып бүгінгі күннің ретін жазып
Мына көркем жазуды жазып алайық.
Сәуірдің он екісі
Сынып жұмысыҒарыш
1-інші тапсырмамыз
Шашылған сөздердің ішінен сын есімдерді тауып жазу.
Құлыншақ,әдемі,жылтырады, ,қайық,ащы,қызық
сопақ,,демалыс, жалпақ,алғыр,салқын.
(оқып отыра жазу.)
Жарайсыңдар,балалар.
Заттың бір бөлігін ілеміз.
2 -інші тапсырмамызға көшеміз.
Негізгі : жүйрік,биік,қысқа,зерек,үлкен,қалалық.
Туынды:тоғайлы,өнерлі,қысқы,гүлді,білгіш,жұқа.
Мағынасына сәйкес зат есімді жазайық.
(зымыранның бөлігін ілу)
Балалар ,кішкене демалайық.
Сергіту сәті.
«Тауып ал»-ойынын ойнаймыз.
Маған анам бір зат әперді өзі жұмсақ,дөңгелек,әдемі...(доп)
Үстелдің үстінде қызыл, тәтті,төртбұрышты,дәмді..(торт)
Бөлмемде тік төртбұрышты,сұр,қызықты, әдемі суреттер көрсетеді..(теледидар)
Жақсы,балалар.Келесі
3 –інші тапсырмамызда екі нұсқаға салыстырмалы шырай жұрнақтарынан сын есім жазып 2 сөйлем құрастыру.
1 нұсқа.-дау –деу,-шыл,-шіл.
2 нұсқа.-лау,-леу,-ғыш,-ғылт.
(келесі бөлегін ілу)
4-інші тапсырмамыз.
Кітаппен жұмыс 399- жаттығу.
Заттың түсі:қызыл,шұбар,сұр.
Заттың көлемі:ұзын,аласа.
Заттың сапасы:таза,қалың,қызық,суық,жүйрік,тегіс,өткір.
Заттың дәмі:дәмді,тәтті,тұшы,ащы.
Заттың пішіні: үшкір,дөңгелек,сүйір,доғал,жалпақ.
Жарайсыңдар,балалар.
(тағы бір бөлегі міне)
5 –інші тапсырмамызда мәтінмен жұмыс күтіп тұр.402- жаттығуға назар аударайық.
Тапсырмасын бір оқушыға оқыту.
Тазының суретін ілу.
Әр сөйлемнен сын есімдерді тауып алу.
( сөздерді іліп отыру)
Тықыр
Ірі
Сұңғақ
Ұзын
Сүйір
Жүйрік
Байсалды
Жанарлы
Міне балалар тазы итін сын есімдерді қолданып сипаттап беруге болады.Қане кім оқып береді?(келесі бөлігі ілінеді)
Енді балалар,әрқайсысыңды жеке тексергім келеді.
Қазір алдарыңдағы деңгейлік тапсырмаларыңды орындайық.
Шыққан суретке назар аудару.- Ненің суреті екен?
Білімдерің осы зымырандай биіктен көріне берсін.
Қорытындылау.
Бағалау.
Үйде 402 жаттағу.Сипаттап жаз