?аза? тілі мен ?дебиеті. Сын есімні? жасалуы


Сабақтың тақырыбыСын есімнің жасалуы
СілтемеКүнтізбелік жоспар, орта мерзімдік жоспар, оқулық. Мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО стратегиясы, 6- сынып оқулығыЖалпы мақсатыОқушылардың білімін одан әрі дамыту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, сауаттылығын арттыру. Сын тұрғыдан ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін үнемі жетілдіру, өздігінен ізденіп білім алуға, ой қорытып, пікір айта білуге дағдыландыру. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесіСын есім туралы, оның сұрақтарын, тұлғасына қарай негізгі сын есім және туынды сын есім болып бөлінетіндігін, туынды сын есімдердің жұрнақтар арқылы есім сөздерден де, етістіктерден де жасалатындығын біледі.
Оқыту формасыЖеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізуОқуда қолданылатын модульдер мен әдістерТоптастыру, топпен жұмыс, (сыни тұрғыдан ойлау), бақылау, (оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау), деңгейлік тапсырмалар, (оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу)
Құрал – жабдықтаркөрнекі құралдар, оқулық, семантикалық карта
КезеңМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті1 кезеңҰйымдастыру 2 мин
Үй тапсырмасын тексеру 4мин Қызығушылықты оятуӘр топқа әр түрлі әріптер таратылып беріледі. «Бүгінгі көңіл-күйіміз қандай?» деген сұрақтарға жауап арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру
ІІ. «Кім тез табады?» жұптық ойын.
Өткен тақырып бойынша оқушылар жұп болып бір-біріне сұрақтар қояды.
Сын есім дегеніміз не?
Есім сөздерден сын есім тудыратын негізгі жұрнақтарды атаңдар.
Етістіктен жасалған туынды сын есімдерге мысалдар келтіріңдер
125-жаттығу. Туынды сын есімдердің жасалу жолын түсіндіріңдер. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілеу арқылы амандасады.
Үй жұмысын орындау. Қосымша сұрақтарға жауап береді
2 кезең
Қызығушылықты ояту
3 мин
Мағынаны тану 15 мин (жаңа сабақ бойынша тапсырмалар, сергіту сәті 2 мин) І. Блум таксономиясы бойынша.
1.Мағынаны ашу. Түсіну.
Үзінділерден сын есімдерді тауып, оларды тұлғасы мен құрамына қарай талдаңдар.
І топ. Шеген сұлу, сұңғақ денелі, бұлшық еттері  болаттай иірілетін, күге күйген, тобылғы торы екен. Қақпақ жауырынды, қыздай қыпша бел, кеудесі шалқақ біткен, бәйге атындай жарау, өте оңтайлы бала екен. Келте мұрын аз ғана аузы үлкенірек, қоңыр көздеу  болғанмен, маған ол өте сымбатты көрінді. Табаны жалпақ та емес, аяғының үсті биік, бар денесі шақпақтай, әлде ақсиған тістері ме, әлде ақ көңілділігіме, әлде қабағына қақ тұрмайтын ойнақшығаны ма, әйтеуір шеген мені біржола тартып әкетті. (жағымды, сүйкімді, тартымды, әдемі бала) 
ІІ топ. Ақбота әдемі ақ келіншек болыпты. Жасында дөңгелек жүзді, жұмсақ мұрындылау, арықтау, аласалау еді, қазір ашаң жүзді, қыр мұрынды, бойшаң болуға бет алыпты. 
ІІІ топ. Аласа маңдайына кепкасын бастыра киген, сіріңке қара жігіт маған бірден ұнамады. Жас баланың өкшесіндей тайпиған ғана кішкене иек, сояудай тістерін әрең жасырып, құлағына дейін созылған қалың ерінді, бақа ауыздау жігіт екен. Мойыны қылқиған, айыр желке, ала көзде. Желке мен төбесінің арасы төрт – ақ елі, құлын жауырын, қалақша жігіт, өте бір сүйкімсіз жан көрінді. 
Ережені қайталау.
2.Қолдану.
І деңгей. «Семантикалық карта» Асты сызылған сөзге берілген кесте бойынша талдау жаса.1. Жүйелі сөз жүйесін табар,Жүйесіз сөз иесін табар.2. Жақсыдан үйрен,Жаманнан жирен.3. Ақылды ұл білім іздер.ІІ деңгей. «Ішке-сыртқа» стратегиясы.Берілген сөздерден негізгі, туынды, дара, күрделі сын есімдерді тауып «ішке» бөліміне жаз , қатыссызын «сыртқа» бөліміне жазыңдар.Қалың, тұп-тұнық, сары ала, бозаң, әдемі, жіңішке, қоңырқай, малшы, ән, адам, биік-биік, сүйкімді, қонымды, аққу, белбеу, өткір көзді, аққұба, ақылды, әдепті, ақ сақалды, жирен қасқа.ІІІ деңгей. Төмендегі сөйлемдерде қарамен жазылған сөздердің қайсысы сын есім мағынасында қолданылғанын тап.1. Сыз жерге отырма, сызықты түзу сыз. 2. Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей? Қақпаңды аш, хабарыңды айт, білдір маған. 3. Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел. Сонда шал Әзімге арқан, қанжар берді, - Маяның ішіне еніп, сен жат! – деді.Тыныштық сәті. Оқушылар жұптасып, топқа бөлінеді. Бір- біріне сұрақтар қою арқылы және әр түрлі тапсырмалар арқылы жаңа тақырыпты меңгеріп отырады.
3 кезеңСабақты бекіту 10 мин 3.Талдау.
Жеке оқушымен жұмыс.Тақтада сөйлем талдау.1. Сыпайы сырын сақтар, әдепті арын сақтар.2. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.3. Жақсыдан қашпа, жаманға баспа.4. Көгілдір аспанда бозторғай ән салады.5. Ол домбырада шебер ойнады.
4.Жинақтау.
“Дұрысын тап” ойыны
Бос торкөздерге берілген сөзге әріп саны бірдей қарсы мәнді сөздер тауып жаз.к е ң т а ре с к і ж а ң аж а қ с ы ж а м а на қ ы л д ы а қ ы м а құ ш қ а л а қ с а л м а қ т ы
Сергіту сәті Белсенділік таныту. Жинаған білімдерін қолдану
4 кезең
Сабақты қорыту 2 мин Ой толғаныс Не білдік?
• Сын  есім заттың  қандай  белгілерін  білдіреді? 
• Сын есім қандай  сұрақтарға жауап береді? 
•Әр оқушы есіміне  байланысты  сын  есімдер  арқылы  өзін  сипаттайды.  Бағалау 2 мин Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады. Бақылаушылар формативтік баға қояды.
Үйге тапсырма 2 мин 127-жаттығу. Көркем әдебиеттен мысалдар келтіріп көріңдер, мысалдарыңды кестеге жазыңдар. Рефлексия 3 мин