Дара, к?рделі сын есімдер, сын есімні? жасалуы


ПӘН: қазақ тілі СЫНЫП: 6
КҮНІ: 14.11.2012
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. Дара, күрделі сын есімдер, сын есімнің жасалуы
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: сын есімнің жасалу жолдарын меңгерту.
1. БІЛІМДІЛІК: негізгі, туынды, дара, күрделі сын есімдер жайында түсінік беру.
2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: оқушылардың тілдік сезімдерін дамыту, өз ой-пікірлерін жүйелеп айта білуге баулу.
3. ТӘРБИЕЛІК: өз тілін құрметтей білуге ықпал ету.
САБАҚ ТҮРІ: жаңа сабақ.
ӘДІС –ТӘСІЛДЕРІ: түсіндіру жолымен ой қозғау, талдау.
КӨРНЕКІЛІГІ: оқулық, таратпа қағаздар, грамматикалық кестелер.
САБАҚ БАРЫСЫ:
САБАҚ КЕЗЕҢДЕРІ: ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ:
I . ҰЙЫМДАСТЫРУ
КЕЗЕҢІ:
II. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН
СҰРАУ:
III. ЖАҢА САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫН, МАҚСАТЫН ХАБАРЛАУ :
ІV. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:
V. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
БЕРУ:
VІ. ОҚУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ:
Оқушылармен амандасу:
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Отырыңдар.
Кезекшімен сөйлесу:
Сыныпта кім кезекші?
Бүгін сыныпта кім жоқ?
Оқушылар сабаққа дайын ба?
Үйге қандай тапсырма берілді?
Үйге: 63-64 беттердегі 127 – 131 – жаттығуларды орындау. Сын есім туралы түсінікті қайталап оқу.
1. Қайталау сұрақтары:
Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
Қандай мағыналық белгілері бар?
2. «Кім шапшаң» ойыны.
Тақтаға тапсырма жазылған кесте ілінеді. Тапсырманы ең бірінші болып аяқтаған оқушы «шапшаң оқушы» болып саналады.
Берілген сын есім сөздердің сындық мағыналарын анықтап, тиісті зат есімдермен тіркестіріп жазыңдар.
Үлгі: Ұзын арқан. Ұсақ моншақ.
Ұзын. Қысқа. Аласа. Биік. Жеңіл. Қатты. Жұмсақ. Сұлу. Ащы. Тұщы. Лас. Таза. Нас. Қызыл.Ақ. Жаман.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Сын есімнің жасалуы.
Сабақтың мақсаты: сын есімнің жасалу жолдарын меңгерту.
Сын есімнің жасалу жолдары23806155651500
ЖұрнақтарМысалдар-лы, -лі, - ды, -ді, -ты, -ті
-лық, -лік, - дық, -дік, -тық, -тік
-сыз,-сіз-дай, -дей, -тай, -тей-шыл, -шіл-паз
-шаң, -шең-и
-қы, -кі, -ғы,-гіатақ-ты, пайда-лы, су-лы, сүт-ті
ауыл-дық, егіс-тік, шай-лық (сүт)
үй-сіз, бала-сызқар-дай (аппақ), тау-дай, сүт-тейұйқы-шыл, ақ-шыл, көп-шілөнер-паз, білім-паз
ашу-шаң, тер-шеңәдеб-и, тарих-и
жаз-ғы, кіз-гі, арт-қыМұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі:
Ешбір жұрнақсыз түбір күйінде айтылатын сын есімді н е г із гі с ы н
е с і м дейміз.
Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді т у ы н д ы с ы н е с і м дейміз.
158051514605000Сын есім тұлғасына қарай:

НегізгіТуынды
ақ, таза, жақсы, терең, тазалау, жастау, өнерлі,
үлкен, көк, аласа сусыз, көтеріңкі
Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар үлкен екі топқа бөлінеді:
1133475196850027285951968500
есім сөздерден сын есім етістіктен сын есім
тудыратын жұрнақтар тудыратын жұрнақтар
қыс-қы, су-лы, ағаш-сыз,тау-дай қорқ-ақ, бас-ыңқы, ту-ынды,
қала-лық, бой-шаң, білім-паз, тарих-иқаш-аған, ұрыс-қақ, көр-гіш
272859533972500158559533972500Сын есімдер, сондай-ақ қосарлану және тіркесу арқылы да жасалады. Бұлар құрамына қарай
Дара сын есімдер Күрделі сын есімдер
қара,көк,таза,қысқы,сөзшең үлкен –кіші, балалы-шағалы,
шұбар ала
Жаттығу жұмыстарын орындау:
132- жаттығу. Мақал –мәтелдердің мәнін ашыңдар. Олардағы сын есімнің мағыналарын айқындап, негізгі және туынды сын есімдерді ажыратыңдар.
Кеңпейілді атаның – қандай атаның? кеңпейілді - сын есім, заттың сапалық белгісін, сипатын білдіріп тұр.
Құрамына қарай –дара, тұлғасына қарай – негізгі.
І қатар. 133-жаттығу. Берілген сын есімдердің сындық белгілерін анықтаңдар. Негізгі сын есімдерді бір бөлек, туынды сын есімдерді бір бөлек көшіріп жазыңдар.
Үлгі: негізгі сын есімдер: қысқа туынды сын есімдер: тоғайлы
ІІ қатар. 134-жаттығу. Көп нүктенің орнына төмендегі жақшада берілген сын есім жұрнақтарының тиістісін қойып, сөйлем құрап жазыңдар.
Үлгі: Әдепті бала – арлы бала.
ІІІ қатар. 135- жаттығу. Өлең жолдарын оқып, құрамындағы туынды сын есімдерді қанда жолмен жасалғандығын түсіндіріңдер.
Сұрақ –жауап:
Біз бүгін сабақта нені білдік?
Сын есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
Негізгі сын есім дегеніміз қандай сын есім?
Туынды сын есім дегеніміз қандай сын есім?
Құрамына қарай сын есім нешеге бөлінеді?
Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар нешеге бөлінеді?
Үйге: 136-137 – жаттығуларды орындау. Сын есім туралы түсінікті қайталап оқу.
Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.