Разработка урока по казахскому языку на тему Зат есім мен етістікті? байланысы
Ашық сабақ: Қазақ тілі
Тақырыбы: Зат есім мен етістіктің байланысы
Мақсаты: Білімділік: Жаттығулар орындай отырып, зат есім мен етістіктерді ажырата білуге баулу, байланысын түсіндіру.
Дамытушылық: Сауатты жазу дағдыларын,талдай білу қабілеттерін, танымдық қызығушылықтарын, тілін, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Байқампаздыққа, сауаттылыққа, ұқыптылыққа, таза және әдемі жазуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кесте, суреттер, үлестірмелер
Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік, әңгімелеу.
Түрі: қайталау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа әзірлік жасау.
Қазақ тілі пәніне қажетті құралдарын тексеру.
Психологиялық дайындық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген тапсырманы тексеріп, талдау жұмыстары, сұрақтар арқылы бағалау, бекіту, қорытындылау.
389-жаттығу. Соңғы сөздердің мағынасына қарай өлең құрастыру.
... торғайды
... қорғайды.
... ойнаймыз,
... ойлаймыз.
Соңғы сөздер нені білдіріп тұр? (іс-қимылды яғни етістік)
ІІІ. Өткенді қорыту:
Етістік дегеніміз не?
Етістіктің қандай түрі болады?
Зат есім дегеніміз не?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады.
Ү. Білімдерін тексеру:
Талдау: 390-жаттығу .Сөйлемді көшіріп жаз. Етістіктерді тап.
д.е. к.е.
Ажар биледі. Әсет сурет салып отыр.
Іздену: 392-жаттығу . Орны ауыстырылып берілген сөздермен сөйлем құрап жазу.
Тиін тоғайда болады. Дидар тақтайды сүргіледі. Біз малды суардық.
Орны ауыстырылып берілген сөздермен не құрап жаздық? (сөйлем)
-Олай болса, сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлемнің неше түрі бар? (хабарлы сөйлем, лепті сөйлем, сұраулы сөйлем)
- Мына хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге ауыстырып көрейікші. (Дидар тақтайды сүргіледі ме? )
Сергіту сәті: Ал, балалар, тұрайық,
Екі қолды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.
Ауызша: 394- жаттығу. Суретке қарап, шағын әңгіме құрап, күрделі және дара етістіктерді табу.
- Ендеше, мәтін дегеніміз не?
- Мәтіннің неше түрі бар?
- Біз құраған әңгіме мәтіннің қай түріне жатады?
ҮІ. Бекіту: 391-жаттығу. Суреттегі зат атауларын олардың қимылын білдіретін сөздермен қосып айту.
248919917653000161924917653000161925027876400872489176530001562091765300015621027876400Қораз шақырады. Шыбын ызыңдайды. Ит арсылдайды.
ҮІІ. Қорыту: - Зат есім дегеніміз не?
Зат есімнің қандай түрлері болады?
Жалқы есім және жалпы есім дегеніміз не?
Етістік дегеніміз не?
Етістіктің қандай түрі болады?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 393- жаттығу. Дәлелдеу: Мағынасы қарама- қарсы етістіктерді жұптап жазып, қарама- қарсы екенін дәлелдеу.
Байлады- шешті, шашты- терді.
Бағалау.