?аза? тілі п?нінен Зат есімге жатты?у ж?мыстары та?ырыбында ашы? саба?
Сабақтың тақырыбы: Зат есімге жаттығу жұмыстары
Сабақтың мақсаты: Зат есім туралы түсініктерін бекіту, зат есімнің жекеше және көпше
түрі, жалпы мен жалқы есім туралы алған білімін пысықтау.
Оқушылардың сөздік қорларын молайту, ойлау, есте сақтау,
өз ойларын толық, еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Бірін-бірі тыңдай білуге, сыйластыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кестелер, қима қағаздар, гүл күлтешелері, семантикалық карта, сөзжұмбақ, т.б.
Сабақтың әдісі: «Ой қозғау», «Топтастыру» стратегиялары.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту
Сабақтың ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Оқушыларды түгендеу. Сабаққа назар аударту.
ІІ. Психологиялық ахуал.
Ынтымақтастық жағдай туғызу.
Бес болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табармыз.
Өнер- білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.
ІІІ. «Ой қозғау» стратегиясы.
Оқушылар тез арада зат есімге қатысты не білетіндерін сұрақтар арқылы айтып шығады. Алдымен әр оқушы жеке-жеке жазады, содан кейін бір-бірінің айтқандарын толықтырады.
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Зат есімнің сұрақтары қандай? Кім? Не? Кімдер? Нелер?
3. Зат есімнің қандай түрлерін білесіңдер? (Жекеше, көпше түрі.)
4.Тағы қандай түрлері бар? (Жалпы есім, жалқы есім)
1. Зат атаулары
2. Туыстық атаулар
3.Жәндік аттары
4.Құстардың аттары
5.Сөйлем ішінде кіші әріппен жазылады
1. Зат есім
2.Заттың атын білдіреді
3.Сөз
4.Кім? Не? Кімдер? Нелер?
1.Жер - су аттары
2. Кісі аттары
3.Тау аттары
4.Өзен, көл аттары
5.Қала аттары
6.Үй жануарлары
ның аттары
7.Бас әріппен жазады
ІҮ.Мағынаны тану кезеңі
1.Тақтаға бірнеше зат есім жазып ілемін:
Жаңбыр, шегіртке, шыбын, сауыншы, нағашы, немере, тасқын, сатушы, қоңыз, әпке, жүргізуші, сіңлі, боран, ара, есепші, найзағай, мұғалім, туыс, аға.
1-жұп. Табиғат құбылыстары атауларын теріп жаз:
2-жұп. Мамандық атауларын теріп жаз:
3-жұп. Жәндік атауларын теріп жаз:
4-жұп. Туыстық атауларды теріп жаз:
2.Оқулықпен жұмыс.
Жетекші сұрақтар қою арқылы сұраққа толық жауап берулерін қадағалаймын.
13-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, кестені толтырады.
Жалқы есім Жалпы есім Көпше түрдегі зат есімдер Жекеше түрдегі зат есімдер
14-жаттығудағы жаңылтпашты оқып, жатқа жазу.
Жекеше және көпше түрдегі зат есімдерді табу.
Ү. Сергіту жаттығуы
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге карап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
ҮІ. Шығармашылық жұмыс. Тақтаға жазғызу.
Көптік жалғауының тиістісін қойып жаз. Көпше түрдегі зат есімдердің астын сызу.
ҮІІ. Өздік жүмыс.
16-жаттығу. Мәтінді іштей оқып шығып, көптік жалғауы бар сөздерді теріп жазу тапсырылады. Болған соң дауыстап оқытып тексеріледі.
ҮІІІ. «Гүл құрастырайық» ойыны.
Гүл күлтешелеріндегі сөздерді оқып, сұрағын қойып, тақтадағы орнына жапсырады.
Осылайша гүлді құрастырып, екі гүлдегі өзгерістерді байқатып, сабаққа бекіту жасатамын.
ІХ. Ойтолғаныс
1. «Заттың атын білдіретін сөздер қалай пайда болады деп ойлайсың?» деген сұраққа өз ойларын айтады. («Еркін сөйлеу» стратегиясы бойынша).
2. Сөзжұмбақ шешкізу.
ж а н т а қ н а н т р а м в а й а қ п а н қ а й ы қ с а ғ а т м ы с ы қ е л т а ң б а д о м б ы р а
а я з р а й х а н Сөзжұмбақтың сұрақтары мен жауаптары:
1. Түйе сүйіп жейтін шөп. (жантақ)
2. Ас атасы- .... (нан)
3. Табанында жолы бар,
Төбесінде қолы бар. (трамвай)
4. Қыстың екінші айы. (ақпан)
5. Суда жүзетін көлік. (қайық)
6. Уақыт өлшейтін құрал. (сағат)
7. Үй жануары. (мысық)
8. Еліміздің рәміздерінің бірі. (елтаңба)
9. Ұлттық аспап (домбыра)
10.Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. (аяз)
11. Қыз баланың есімі. (Райхан)
Х.Рефлексия.
Алдын ала таратылған стикерлерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін бейнелейді. Көңіл-күйлерін белгілейді.
ХІ. Бағалау.
Оқушылардың сабаққа араласуы, нақты берген жауаптары бойынша сараланып бағаланады.
ХІІ. Үйге тапсырма.
17-жаттығу. 149 бет.
Түсіндіріп беремін.