Открытый урок по казахскому языку на тему Міржа?ып Дулат?лы ?мірі мен шы?армашылы?ы. Шешені? балаларын с?юі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Куралбаева Марал Сейталиевна
03.02.2016ж. Қазақ әдебиеті 8в-сынып
Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі.
Сілтеме: С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде», Қарағанды 2011ж.
Жалпы мақсаттар: Міржақып Дулатұлының өмір жолы, шығармашылығы туралы білімдерін толықтыра отырып, «Шешенің балаларын сүюі» өлеңінің мазмұнын, идеясын ашу;
Өлең мазмұнын сатылай талдау арқылы басты кейіпкер «Ана» туралы ұғымдарын кеңейту;
Ақынның азаматтық қасиеттеріне баға беру, сыни ойлау қабілетін дамыту;
Блум жүйесі бойынша (Orlich, 1990) білі, түсіну, қолданы, талдау, синтез, бағалау дағдыларын дамыту;
Оқушыларды өлең кейіпкерінің жақсы мінез-құлық, орынды іс-әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, қамқорлық жасауға, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері: Осы тақырыптар оқушыларға төмендегідей көмек береді:
М.Дулатұлының өміріне қатысты негізгі оқиғаларды біледі; (хронологиялық кесте бойынша);
Шығарманың басты кейіпкеріне ассоциативтік қатар құрай алады;
Әр оқушы өз көзқарасын лайықты қорғап, қойылған сұрақтарға нақты, дәлелді жауап бере алады;
Оқығанын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете біледі;
Өз сұрақтарын қоя және оған жауаптар таба біледі;
Негізгі идеялар: Сын тұрғысынан ойлауын дамыту;
Логикалық ойын дамыту;
Теориялық білімдерін дәлелдеу;
Сабақта қолданылатын материалдар:
Ақын портреті;
«Ана» туралы мақал-мәтелдер;
Қосымша материалдар;
интерактивті тақта, слайдтық көріністер, ҚР картасы
Оқыту әдістері: сұрақ-жауап;
топтау (топтық жұмыс), жеке жұмыс;
сын тұрғысынан ойлау, түсіндіру, ізденушілік;
Дерек көздері: 8-сынып Әдебиет, Алматы «Арман-ПВ» 2011 ж. /авт. Қ.Әбдезұлы, Г.Д.Рыскелдиева, С.Ч.Тұрсынғалиева/ 177-181 бет.
Қазақ әдебиеті әдістемелік құрал. Астана: «Арман ПВ», 2013 жыл
Алматы Шың-кітап, 2013
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру (3-5 мин.) а) сыныптың сабаққа әзірлігін, керекті құрал-жабдықтардын түгел екендігін анықтау;
б) оқушылардың сабаққа әзірлігін анықтау, психологиялық ахуал туғызу;
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен.
Аманадасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Кіріспе сөз (3 мин.) Үй тапсырмасын тексеру
(5-7 мин.) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Шығарманың композициялық құрылысына талдау /жеке оқушыға тапсырма/
1.Шығарманың тақырыбы:
2.Оқиғаның басталуы:
3.Оқиғаның шиеленісуі:
4.Оқиғаның шарықтау шегі:
5.Оқиғаның шешімі:
6.Шығарманың басты кейіпкерлері: 1. «Батыр Баян» поэмасы. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік
2.шапқыншылық кезінде қалмақ қызының қолға түсуі
3.Ноянның қалмақ қызына ғашық болуы
4.Ноян мен қалмақ қызының Баян қолынан қаза табуы
5.Қомағай қара топырақ бүлкіл қағып, Асығып екі жастың қанын ішті
6. Абылай хан, Баян батыр, Ноян
Топпен жұмыс
1-топ: Поэмадан теңеуді табу
2-топ: Гиперболаны табу
3-топ: Эпитетті табу Сұрақ-жауап
1.«Батыр Баян» поэмасының бүгінгі таңда қандай маңызы бар?
2.Баян батырдың әрекетіне қандай баға берер едің?
3.Оның орнында болсаң не істер едің?
4.Ноянның әрекетіне қандай баға берер едің?
5.Ұлтжандық сезім туысқандық сезімнен биік болуы керек пе?
6.Бүгін де адамдардың бойынан осындай қасиеттер табылады ма? Топқа бөлу (3мин.) Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу /мақал-мәтелдерді дұрыс құрастыру арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді/
1-топ. Ананың басқан жерінде пейіш бар
2-топ.Ана сүтін ақтамағанды,
Ешкім мақтамайды
3-топ. Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атаңа ауыр жүк артпа.
Топ ережесі Әр оқушы берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарап, орындап, топта белсенділік танытуы керек,
Әр оқушының ойы құнды екенін есте сақтап, ұмытпауы керек;
Басқа топтың жауаптарын мұқият тыңдап, кедергі жасамауы керек;
Топтың құрған ережесін сақтауы керек.
Блум жүйесі (Orlich, 1990) Ең төменгі деңгей – бұл БІЛІМ деңгейі. Есте сақтауға, жаттауға, тануға, еске түсіруге бағытталады;
(10 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Хронологиялық кестемен жұмыс. Жылдар сөйлейді /интербелсенді тақтада слайдтар көрсетіледі/
Атаулы күндер мен жылдар Басты оқиғалар
25 қараша 1885Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы (қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылында дүниеге енлген
1897-1902 жылдары ауыл мектебінде орысша білім алады
1904 жылы Омбы қаласына келеді
1905 жылы Ахмет Байтұрсынұлымен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. Патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция /хат/ жазушылардың қатарында болады.
1906 жылы Петербургке барып қайтады
1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген өлеңін, жасырын атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды.
1909 жылы Петербургте "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді
1910 жылы "Бақытсыз Жамал"романы1913-1918 жылдары Ахмет Байтұрсынұлымен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады.
Орьнборда "Азамат" атты өлең кітабы
1915 жылы "Терме" атты өлең кітабы басылып шығады
1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетінде қызмет атқарады.
1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын "Есеп кұралы" оқулығын бастырады. "Балқия" пьесасын жазады.
1922 жылы жазықсыз қамауға алынады
1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады
1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipгe қамауға алынады да, он жылға сотталады
1935 жылы тұтқында қайтыс болады
1991 жылы Шығармаларының бip томдық, ал 1996-1997 жылдары екі томдық жинақтары жарык көрді. М. Дулатұлы шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды.
ТҮСІНУ деңгейі. Мазмұнын айту, ақпаратты бір күйден екінші күйге аудару, өз сөзімен жеткізіп айту; (7 мин)
ҚОЛДАНУ деңгейі. Мәселені шешу, нәтиже алу үшін ақпаратты қолдану мақсаты;
(3 мин)
ТАЛДАУ деңгейі. Бөліктерге бөлу арқылы тұтас нәрсені көру, қатысымдықтың ішкі құрылымын табу, себептерін анықтау (3 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті
«Шешенің балаларын сүюі» өлеңін интерактивті тақтадан көрсете отырып, мәнерлеп оқып беру:
Кім сендерді, //балалар, //сүйетұғын
Қуанышыңа қуанып, //қайғыңа //күйетұғын?
Түн ұйқысын // төрт бөліп, //кірпік қақпай,
Шешең байғұс// дамылсыз// жүретұғын.
Бұл өлең жолдары кім жайында айтылған?
Ананың балаға деген сүйіспеншілігін қандай тәсілдер арқылы жеткізген?
Өз анаң туралы не айтар едің?
Оқушының іс-әрекеті:
Мұғалімнің оқыған жерінен ары қарай жалғастырып оқиды:
Кім сендерді// балалар, //тербететін,
Еркелетіп, //ойнатып, //сергітетін?
Жалқау болсаң,// балалар,// жаман болсаң,
Қамқор анаң// көз жасын //көлдететін
Кім сандерді// сағынар //шетке кетсең,
Ғылым іздеп, //тез қайтпай, //көпке кетсең?
Бетін жуған// жасымен //сорлы анаңа
Хат жазып тұр,// төбесі //көкке жетсін
Кім сағынар //сендерді// келгеніңше,
Құлындарын //көзімен //көргенінше?
Сендер қайтып// келсеңдер// адам болып,
Еш арманым //болмас еді //өлгенімше...
Сұрақтарға оқушылар жауап беріп, өз ойларын ортаға салады
Мұғалімнің іс-әрекеті
Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау
/Әр топ постерге сатылай кешенді талдау жасайды/
Авторы:
Тақырыбы:
Жанр түрі:
Идеясы:
Шумақ-
Тармақ-
Бунақ-
Ұйқас –
Әдеби теориялық ұғымдар:
Эпитеттер: Оқушының іс-әрекеті
Авторы: Міржақып Дулатұлы
Тақырыбы: Шешенің балаларын сүюі
Жанр түрі: поэзия, өлең, сюжетті өлең, элегия
Идеясы: ананың балаға деген махаббаты, сүйіспеншілігі, қамқоршылығы
Шумақ – 4
Тармақ – 16
Бунақ – 48
Ұйқас – қара өлең үйқасы /ааба/
Эпитет:Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай, дамылсыз жүретұғын, көз жасын көлдететін, бетін жуған жасымен, төбесі көкке жетсін,
СИНТЕЗ деңгейі. Ауызша немесе нақты пән ретінде өзіндік, ерекше туынды жасау; (3 мин) Сабақты қорыту:
Аяулы жана «АНА» сөзіне ассоциативтік қатар құру Топтық жұмыс
«Ана» – мейірімді-қамқор-жанашыр-кешірімді-ақылшы-.....
Кейінгі тапсырмалар: М.Дулатұлының «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін жаттау;
«Мен анамды сүйемін» тақырыбына ойтолғау, өлең жазу; Өлеңді жаттайды
Оқушылар ізденіп, ойтолғау жазып келеді.
Арнау жазып келеді
Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу Әр топ өздеріне берілген мақалдардың мағынасын түсіндіре отырып өткен сабақпен байланыстырып, өз ойларымен сабақты қорытындылайды
БАҒАЛАУдеңгейі. Бағалау шешімдері қабылданады, қарама-қайшы немесе әртүрлі көзқарастар шешіледі; (3 мин) Бағалау критерийлерін анықтау Бағалау парағы
№ Оқушының аты-жөні Сабақ барысындағы жұмысы Сұрақтарға жауап беруі Ізденімпаздылығы, топтағы белсенділігі Қорытынды баға
Үй тапсырмасын ізденімпаздықпен орындауы Өлеңді сатылай комплесті талдауы «Анамның тілі» әнін хормен орындау (2 мин)
Рефлексия (3 мин) Сабақ бойынша ойыңды білдір
Маған бүгінгі сабақта ұнағаны........................................................................• Бүгін топ мүшелерімен .................................................жайлы ой - бөлістік• Мен бүгін............................................................................... екенін түсіндім• Маған............................................................................... түсіну қиын болды• Мен............................................................ жайлы толығырақ білгім келеді.
Сабақ бойынша ойыңды білдір
Маған бүгінгі сабақта ұнағаны.....................................................................................• Бүгін топ мүшелерімен ...............................................................жайлы ой - бөлістік• Мен бүгін............................................................................................. екенін түсіндім• Маған.............................................................................................. түсіну қиын болды• Мен............................................................................ жайлы толығырақ білгім келеді.