«Биология п?нінен ?БТ – ге дайындау барысында интербелсенді ?дістерді ?олдану» шы?армашылы? жоба


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫ МИНИСТІРЛІГІ
«ӨРЛЕУ Біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ филиалы
ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
«Ғылыми – жаратылыстану пәндерді оқыту әдістемесі және инновациялық технологиялар» кафедрасы
Шығармашылық жобаның тақырыбы:
«Биология пәнінен ҰБТ – ге дайындау барысында интербелсенді әдістерді қолдану»
Жобаны дайындағн:

Семей қаласы, Талица ауылы «Талица жалпы
негізгі білім беретін мектебі. КММ» химия - биология
пәнінің мұғалімі: Кудабаева Арайлым Бекбосыновна
Өскемен 2015 жыл
Мазмұны
І. Кіріспе _________________________________________________________3-4
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Теориялық бөлім:«Заманау сабақтарда қолданылатын жаңа педагогикалық технологиялар мен интербелсенді әдіс - тәсілдер»____________________5-11
2.2 Практикалық бөлім: Сабақта қолданылатын интербелсенді әдістердің түрлері_________________________________________________________12-19
ІІІ. Қорытынды___________________________________________________20

IY. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі_________________________________21
КІРІСПЕ
«Кісінің бойындағы үйрену құмарлығын оятқан адам – ең жақсы мұғалім» А.Фердинанд.
Ақпараттық кеңістікті кеңейту және әлемдік қоғамдастыққа кіру жағдайында адамзат ресурстарының қалыптасуындағы білім беру рөлінің өсуі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің өлшемдері ретінде мектептің білім беру жүйесін жаңа талаптар бойынша жоспарлауы үшін маңызды.Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын. Бұл мәселені жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл атқарады. Қазақстандықтардың әлеуетін ашу үшін жаңа мүмкіндіктер жасау саясатында, ерекше сапалы білім беру жүйесі бағытында жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі сабақ беру деңгейіне тарту міндетін қойған [1].
Оқыту сапасын арттыруда білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету; оқушылардың алған білімдері тез өзгеретін әлемде табысқа жеткізетіндігінен қанағаттану; жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру қажет [2].
Оқу мақсаты басымдылығының өзгеруі білім мен тәрбие мазмұнына елеулі түрде ықпал етіп, оны жаңартудың ең басты бағытттарын айқындауға және нақтылы міндеттер белгілеуге мүмкіндік береді. Жаңа мазмұнды оқытудың нәтижелілігі мұғалімнің шеберлігі мен ізденісіне көп байланысты. Сондықтан да қазіргі уақытта білім беруде және ҰБТ – ге даярлау барысында биология пәндерінен интербелсенді әдістерді қолдану өзекті мәселелердің бірі.
Жобаның мақсаты: Биология пәнінен ҰБТ – ге дайындау барысында қолданылатын интербелсенді әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, жоғары нәтижеге жету.
Жобаның міндеттері:
Заманауй сабақтарда қолданылатын жаңа педагогикалық технологиялар мен интербелсенді әдіс – тәсілдердің түрлерін саралау;
Интербелсенді әдіс – тәсілдердің сабақта және ҰБТ – ге дайындау барысында қолданылу жолдарымен таныстыру;
Күтілетін нәтиже: Егер биология сабақтарында жаңа педагогикалық технологиялар мен интербелсенді әдіс – тәсілдерді жүйелі қолданса, онда ҰБТ – де жоғары нәтиже көрсетуге болады.
Зерттеу нысаны: ҰБТ - де нәтижеге жету.
Зерттеу пәні: Интербелсенді әдіс – тәсілдерді қолдану
Зерттеу барысында мынандай әдіс – тәсілдерді қолдандық: іздеу,зерттеу, салыстыру, талдау, жинақтау, бақылау.
Зерттеудің жаңашылдығы: Қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, жан – жақты дамыған, функционалдық сауатты жеке тұлға қалыптастыру.
Зерттеудің практикалық құндылығы: Заман талабына сай оқыту үрдісінде оқушылардың жеке танымдық қабілеттері дамиды, жеке тұлға құзыреттілігі қалыптасады, оқушы субьект ретінде өз бетінше білім алып, әрекет ету арқылы ойлау дағдысы жетіледі, нәтижеге бағытталған білім беру жүзеге асады.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Теориялық бөлім: «Заманауй сабақтарда қолданылатын жаңа педагогикалық технологиялар мен интербелсенді әдіс - тәсілдер»
Әлемдік бәсекелестік заманында әрбір адамның білім сапасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіне өткір қойылып, адамның білімі мен біліктілігі қазіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бәсекеге қабілетті, интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Қай заманда да өркениеттің өрлеуі интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің негізінде іске аспақ. Осындай қабілеттердің дамып, шыңдалуы үшін өткізілетін конференция, семинар, курстар, дөңгелек үстел, пәндік олимпиадалар, интеллектуалдық ойындар, дебат, байқаулар – жеке тұлғаларға арналған іс-шаралардың бәрі де ұстаздың жаңашыл педагогикалық ойлауына, жеке адамды дамыту құралы болып табылатын оқыту үрдісін қалыптастыруға және шығармашылық дамуына, кәсіби шыңдалуына негіз болады.
Оқу мақсаты басымдылығының өзгеруі білім мен тәрбие мазмұнына елеулі түрде ықпал етіп, оны жаңартудың ең басты бағытттарын айқындауға және нақтылы міндеттер белгілеуге мүмкіндік береді. Жаңа мазмұнды оқытудың нәтижелілігі мұғалімнің шеберлігі мен ізденісіне көп байланысты. Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру ұстаздың білімділігін, жан-жақтылығын және кәсіби шеберлігін талап етері сөзсіз.
Мұғалім білімін көтермей, кәсіби шеберлігін шыңдамай, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие береміз деу қазіргі заман талабына сай келмейді. Бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Оның үдерісінен шығу – біздің міндетіміз.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» -  деген бүгінгі тәуелсіз  мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың  меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмән жоқ. Бала мектеп табалдырығын «білсем» деген үлкен ынтамен аттайды. Осы бала бойындағы ынта мен ерік, жігерді ары қарай ұштай білу әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндеті, оны атқару барысында ұстаз балалардың танымдық оқу іс-әрекетін инновациялық әдістерді, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы сауатты ұйымдастыра, басқара білуі тиіс.
Нарықтық қатынастар негізінде қалыптасып келе жатқан Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіндегі  негізгі приоритеттердің бірі  оқушылардың мүдделерін қолдау болып табылады. Осыған орай  әрбір мұғалімнің ең негізгі міндеті әрбір оқушының білім алуға деген қызығушылығын арттырып әрбір оқушының шығармашылық шабытының тууына жағдай жасау. Осының негізінде ең негізгі педагогикалық міндет шешіледі: Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру,өмірлік мамандығын анықтау және оның өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру.
Қазіргі  білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес.
Өзін - өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Интербелсенді оқыту технологиясының  (ИОТ) тиімділігін оқытушының оны жүзеге асыру сапасына да көп байланысты болды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасына мұғалімдердің өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар білім сапасының  алдында  шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Интербелсенді әдістеме – өзара әрекеттесу мен әрекет арқылы үйрету
Білім саласындағы инновациялық өзгерістер оқытудың негізі ретінде тұлғалық дамуды қарастырады, өйткені динамика мен өзгерістерге толы ақпараттық дәуір экономикасы адамның білімді әрі білікті тұлғасына тәуелді, бұл дәуірдің идеологиялық әлеуметтік, саяси сұраныстары адамнан мынандай құзырлылықтарды талап етеді:
ақпараттың ішінен өзіне қажеттісін таңдап, оны пайдалану;
проблемаларды шешу және шешім қабылдау;
өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру. Оларды дәлелдей және қорғай білу;
социумда ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас құра білу, бірлесе жұмыс жасай білу, жанжалдарды болдырмау;
өмірге деген көзқарасын, ұстанатын сенімдерін, қажеттіліктерін, құндылықтарын жалпы адами құндылықтармен байланыстыру;
өздігімен үйрене білу, өз білімін әрқашан да дамытып отыру.
Сол себепті тұлғалық даму ұстанымы білім игеру процесіне қатысушылардың бұрнағы авторитарлы-коммуникативтік қарым-қатынасын гуманитарлы-комуникативтік қарым-қатынасқа өзгертуді талап етеді. Бұл ұстаным таным процесінің «білім беру», «оқыту» деген кешегі күнгі түсініктерін енді екі жақты процесс ретінде қарастырып, оларды «білім алу», «оқу», «үйрену» деп өзгертеді, бұл процесте үйренуші негізгі роль атқарып, білім өздігімен құрастырады деп түсінеді.
Егерде дәстүрлі «білім беру» өз мақсаты мен мағынасын нақты белгілеген (мемлекеттік стандарттарда көрсетілген пәндер, тақырыптар мен сабақтардың аумағында) білім жиынтығын игерумен шектесе, тұлғалық даму мен өздігімен білім құрастыруды негізгі идея деп ұстанған инновациялық көзқарас оқу негізін тек пәндер емей, ойлау мен рефлексияға негізделген интербелсенді әдістер құрауы керек деп түсінеді. Ал интербелсенді әдістер мен тәсілдер үйренушілердің тұлғалық тұрғыдан өзіндік және дербес түрде дамуына әкеледі, оларды өз мүмкіншіліктері мен ұстанған құндылықтарын түсінуге және бағалауға жетелейді.
Таным әрекеттерін ұйымдастырудың арнаулы әдістемесі ретінде интербелсенді оқыту білім игеру процесіне қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «interactive» сөзі де осы ұғымды білдіреді. «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, «act» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді, яғни интербелсенді әдістер – үйренуші мен үйретушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер.
Басқаша айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Ал «интербелсенді оқу» дегеніміз өзара қарым-қатынасқа негізделген оқыту, диалог арқылы үйрету.
Интербелсенді оқыту білім игеру процесін мынадай ұйымдастыруға ынталы:
Барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау.
Әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауынамүмкіндік жасау.
Үйренушілер білімді өздігімен құрастыратын орта құру.
Интербелсенді оқыту – әрекет көмегімен және әрекет арқылы үйрету, ал мұндай ұстаным қомақты нәтижелерге жеткізетін ең тиімді жүйе деп есептелінеді, өйткені адамның жадында бірінші мезетте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны ғана қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций былай деген екен: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!».
Сол себепті де интербелсенді оқыту үйренушілердің оқу процесіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары мен тәсілдері ретінде таниды. Сондықтан да интербелсенді оқыту оқу процесінің тиімділігі мен нәтижелігін үйренушілердің есте сақтау дәрежесімен өлшемей, олардың әрекеттерімен бағалайды, тек әрекет арқылы ғана үйрену ықтимал деген қағида ұстанады.
Интербелсенді оқыту оқушының өз тәжірибесі және өзге де оқушылардың тұрғысынан жасалған белсенді қарым-қатынасқа негізделеді. Ал үйренушілердің тәжірибесі дегеніміз олардың өзіндік пікірлері мен көзқарастары, ойлары мен идеялары, ұстанымдары мен пайымдаулары, тұжырымдары мен қорытындылары, дәлелдері мен уәждері деп айтуға тұрарлық. Оқушылар таным процесінде бір-бірімен осы тәжірибесімен бөліседі, міне осындай байланыста, қарым-қатынаста жаңа білім құрастырылып, саналы түрде игеріледі.
Интербелсенді әдістеме:
- Интербелсенді оқу білім процесінің бұрынғы біржақты түсінігін (әрекет жасаудың негізгі тұлғасы педагог болып табылатын және «үйрету»,«білім беру» секілді етістіктерді қолданатын бағдарламаға бағытталған, бағдарламацентристік) екіжақты, диалогиялық түсінікке ауыстырады.
- Интербелсенді оқу таным процесін негізгі әрекетті оқушы (оқушыцентристік), өздігімен атқаратын «білім игеру» деп таниды, мұнда «үйрену»,«тану», «оқу» сияқты етістіктер қоланылады: «Үйрету мүмкін емес, тек үйрену ғана ықтимал».
Интербелсенді оқудың әдістері
Интербелсенді лекциялар мен семинарлар;
Пікірталастар;
Ойындар (оқу, рөлдік, іскерлік, өндірістік, имитациялық және т.б.);
Кейс-стади;
Тренингтер;
Оқытудың компьютерлік технологиялары.
Интербелсенді әдістемеде қолданылатын дидактикалық тәсілдер
Әр сабақта келесідей дидактикалық тәсілдерді қолданған тиімді: Ой қозғау, Т-кестесі, Венн диаграммасы, Болжау, Кластерлер, Оңай және қиын сұрақтар кестесі, Ойлан, жұптас, пікірлес, Алдын-ала берілген атаулар, Үлкен шеңбер, Қос шеңбер, Атаулар туралы үш сұрақ, Еркін жазу, Білемін, білгім келеді, білдім, Дөңгелек үстел, Үш қадамды сұхбат, Топтық зерттеу, Кең көлемді лекция, Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою, Қос жазба күнделігі, Үш жазба күнделігі, Белгі қойып оқу (INSERT), Жигсо, Жигсо-2, Қайшыланған пікірталас, Аквариум, Эссе және басқалар.
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Бірінші ереже. Аудиторияны жұмысқа дайындау.
Екінші ереже. Топқа бөлу.
Үшінші ереже. Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау.
Төртінші ереже. Жұмыс ережелерін қабылдау.
Бесінші ереже. Сенім және жұмыс атмосферасын қалыптастыру.
Алтыншы ереже. Барлық үйренушілер жұмысқа қатысуы керек.
Жетінші ереже. Тыңдай білу: барлық пікірлер тыңдалуы керек.
Сегізінші ереже. Жазбаша жұмыстар.
Тоғызыншы ереже. Кері байланыс.
Интербелсенді оқуда білім алушылар мынандай білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:
Терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;
Өз идеялары мен әрекеттерін талдау және баға беру;
Ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу;
Ақпаратты жан-жақты талдау;
Өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;
Оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік позиция ұстану;
Пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;
Басқа да балама пікірлерді ескеру;
Шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;
Ортақ жұмысқа жұмыла білу;
Басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу;
Үйренушілер ұжымына ортақ бірлесе жұмыс жасаудың рухани және моральдік ережелерді қабылдау;
Студенттік топты ұжым ретінде қабылдау.
Бұл біліктер тұлғаның тұрақты қасиеттеріне айналып, тек студенттік аудиторияда орын алып қана қоймай, сонымен бірге өмірдің басқа да жақтарынан тиянақты түрде көрінеді.
Мұғалім мен оқушының интербелсендішығармашылығы шектелмейді. Оны қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор. Бүгінгі шығып жатқан методикалық  инновациялар оқытудың интерактивтік методымен байланыстырылған.
Интербелсенді оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады.
«Интербелсенді» негізгі сипаттамалары қандай? Интербелсенді оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту тұрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интелектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы (компортный) шарттарын жасау. Интербелсенді оқытудың мәнісі сыныптағы барлық оқушы таным процесімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге (рефлектироват) мүмкіндік алады. Таным процесінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл процес өз-ара қолдау және қайырмыдылық атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық процестің өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.
ИОТ-сын қолданатын оқыту процесінің құрылымында мына кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:
Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен эксперттерді дайындау кезеңі. Мұғалім жұмыс тәртібін ұсынады, оқушылармен бірге сабақтың басты мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу проблемасын құрастырады.
Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл ситуация, нұсқаулар, қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту  кезеңі. Мұғалім сценарий жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесіне, ролдерге, ойын бөлімдеріне, ұпай санау тәртібіне (ойын таблосы құрылады) тоқталады. Оқушылар қосымша ақпарат жинайды, мұғаліммен ақылдасады, ойын барысы және мазмұны туралы өзара талқылайды.
Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын процесінің өзі жүзеге асады. Ойын басталғаннан кейін ешкімнің оған араласуға және бағытын өзгертуге қақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының әрекетін бағыттап отырады, егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса. Мұғалім ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған қатынаспауы керек. Бұл жерде мұғалімнің міндеті; ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды бақылау және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру, оқушылардың сұрағына жауап беру немесе өтініш бойынша оның жұмысына көмектесу.
Ойынды талқылау. Ойын нәтижесін талдау, талқылау және бағалау кезеңі. Мұғалім талқылау жүргізеді, оның барысында эксперттер сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз поязицияларын және шешімдерін қорғайды, қорытынды жасайды, таңғалыстарын айтады, ойын барысында туындаған қиындықтары, идеясы туралы әңгімелейді.
Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдік немесе спутниктік  теледидардың көмегімен  ұжыммен  немесе жеке қолданатын  бейне лекциялар, сондай-ақ интерактивтік режимдегі теледидар сабақтары жатады.
Оқу процесін басқару және білім алушыларға дидактикалық материалдарды жеткізіп беру үшін көліктік және ақпараттық коммуникациялар, сондай-ақ автоматтандырылған құжат айналымы жүйесі кіретін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету, білімнің әлектрондық банкілері және оқытудың интерактивтік мультимедиалық құралдары қолданылады.
ИОТ-сын пайдалану әр оқушының іс-әрекетін сабақтастыруға (өзара әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: мұғалім – оқушы, мұғалім – сынып, оқушылар – сынып, оқушылар-оқушылар, топ – топ, топ- оқушы), оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.
Интербелсенді оқыту моделін пайдалану — өмірлік ситуацияларды моделдеуді, ролдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады.  Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны (яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты) ерекшелеуді шектейді. Бұл  моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді.
Интербелсенді оқыту технологиясы – бұл  коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
Интербелсенді оқыту технологиясына:
- Жұптасып жұмыс істеу.
- Ротациялық (ауыспалы) үштік.
- Шағын топтармен жұмыс.
- Аяқталмаған сөйлем.
- Есептеу ағашы.
- Өз атынан сот.
- Азаматтық тыңдау.
- Ролдік /іскерлік/ ойын.
- Өз позицияңды ұстан.
- Дискуссия.
- Дебаттар.
2.2 Практикалық бөлім:
Сабақта қолданылатын интербелсенді әдістердің түрлерімен таныстыру
І.Сабақтың басталуы
“Иә-жоқ” ойыны.
“Бағдаршам” әдісі.
“Кездейсоқтық” ойыны.
“Күтпеген шешім” тәсілі”.
“Өзіндік бағалау” әдісі.
“Таң қалдыр” ойыны.
“Үй тапсырмасын талдау” әдісі.
“Қиялдау” тәсілі.
“Жұптық сұрақ-жауап” әдісі.
“Театрландыру” тәсілі.
“Білімді өзара тексеру” тәсілі.
ІІ.Жаңа білім игеру
“Қиялдау” тәсілі.
“Театрландыру” тәсілі.
“Қатені тап!” тәсілі.
“Теорияның қолайлылығы” тәсілі.
“Мәтінге сұрақ” тәсілі.
“Баяндама” тәсілі.
“ҒЗО” ойыны.
“Пресс-конференция” ойыны.
ІІІ.Бекіту
“ҒЗО” ойыны.
“Пресс-конференция” ойыны.
“Көзқарас” ойыны.
“Иә-жоқ” ойыны.
“Компетенттілік” ойыны.
“Жаттығу” ойыны.
“Қатені тап” ойыны.
“Бақылауға дайындық” әдісі.
“Ауызша бағдарланған жауап” тәсілі.
“Өзара сұрау” тәсілі.
“Жұптық сұрақ-жауап” әдісі.
ІV. Қайталау
“Үй тапсырмасын талдау” әдісі.
“Өзіндік тірек” тәсілі.
“ҒЗО” ойыны.
“Көзқарас” ойыны.
“Иә-жоқ” ойыны.
“Компетенттілік” ойыны.
“Тақырыптардың түйісуі” ойыны.
“Өзіндік мысал” ойыны.
“Қайталау сұрақтары” әдісі.
“Қосымша сұрақтар” әдісі.
“Қорытындыны қайталау” тәсілі.
“Сұрау-қорытындылау” тәсілі.
VІ. Үйге тапсырма
“Үш деңгейлі тапсырма” әдісі.
“Шығармашылық шарт” ойыны.
“Айрықша тапсырма” әдісі
“Топтамалы тапсырма” әдісі.
“Мазмұнды тапсырма” әдісі.
“Келешекке көмек” ойыны.
“Бағдаршам” әдісі: Әр оқушы сабаққа немесе сұраққа өз дайындығы туралы түрлі-түсті қалақшалар арқылы белгі береді: “жасыл” – дайын, “сары” – күмәнді, “қызыл” – дайын емес.
“Өзіндік бағалау” әдісі: Оқушылар берілген тапсырмаға өзінің дайындық деңгейін мұғалім сұрағына қол көтеру арқылы байқатады: Кім “беске” дайын? Кім “төртке” дайын? Кім “үшке” дайын? Кім мүлде дайын емес?
“Жұптық сұрақ-жауап” әдісі: Сұрақтарды мұғалім қояды, ал оқушылар жұптасып, бір-бірін бағалайды немесе “+”, “-” белгісін қойып отырады. Келесі нұсқамен жұмыс кезінде жауап беруші оқушы бағалаушыға айналады.
“Иә-жоқ” ойыны: мұғалім немесе алдын ала дайындалған оқушы сыныпқа бір ұғымды (бұйым, құрал, кейіпкер, автор, т.б) жасырады. Оқушылардың қойған сұрағына тек “иә”, “жоқ” немесе “иә, әрі жоқ” деп жауап беріледі.
“Бақылауға дайындық” әдісі: Бір сабақ бұрын келесі сабақтағы бақылау жұмысына дайындық жүргізіледі. Оқушылар ұқсас нұсқа бойынша бақылау жұмысын орындайды және қалауы бойынша анықтамалықтарды, жолдастары мен мұғалімнің кеңесін пайдалана алады.
“Адвокат” ойыны: Сабақ барысында “Адвокат” рөлін алған оқушы басқа оқушыларды қиын тапсырмалардан, тапсырманы орындауы мен өз пікірін айтуын бағалаудағы қателіктерден қорғап отырады. Бұл роль белгілі бір оқушыларға тұрақты түрде берілуі де, әр сабақта ауыстырылып отырылуы да мүмкін.
“Қайталау сұрақтары” әдісі: Оқушылар бұрынғы өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар тізімін дайындайды. Ең жақсы тізімге байқау өтіп, қайталау сабағы сол бойынша жүргізіледі.
“Қосымша сұрақтар” әдісі: Оқушылар бұрынғы өтілген тақырыптар бойынша алған білімді толықтыратын қосымша сұрақтар тізімін дайындайды. Оқулықта жауабы жоқ болғандықтан кейбір сұрақтарға мұғалім жауап беруіне, кейбір сұрақтарды арнайы тапсырма ретінде беруі мүмкін.
“Тақырыптардың түйісуі” ойыны: Оқушылар топтарға бөлініп, өтілген материалдың мұғалім көрсеткен тақырыппен байланысатын тұстарын табады, мысалдар келтіріп, тапсырмалар құрастырады, сұрақтар дайындап, жорамалдар жасайды.
“Пайымдау сұрақтары” әдісі: Сабақ соңында мұғалім оқушыларды ой-толғаныс жасауға итермелейтін сұрақтар қояды: Сабақта не маңызды болды, не қызық болды, жаңадан не білдіңдер, не үйрендіңдер т.с.с. Бір сұраққа бірнеше оқушы жауап беруі мүмкін.
“Өзіндік мысал” ойыны: Жаңадан өтілген тақырыпқа оқушылар өз мысалдарын келтіріп, өз тапсырмалары мен жорамалдарын дайындайды.
“Үлгі жауап” ойыны: Ең жақсы оқушылардың бірі тақтаға шығып, қойылған сұрақтарға жауап береді, басқалар кейін оны өзара бақылау жүргізгенде үлгі есебінде пайдаланады. Бұл ойын қиын немесе күрделі тақырыптарды өткенда тиімді.
“Таңдау және негіздеу” әдісі: Оқушыларға бірнеше жауабы бар сұрақ беріліп, оған осы жауаптар ішінен біреуін таңдау және таңдау себебін негіздеу тапсырылады. Мұғалім кейде дұрыс емес жауапты қорғауы мүмкін.
“Тізбек бойынша сұрау” әдісі: Қойылған сұраққа беріліп жатқан оқушының жауабы кез келген жерінен тоқтатылып, ары қарай басқа оқушының жауап беруі сұралады. Бұл әдіс оқушылардың зейінін аудару және байқағыштығын дамытуға пайдалы.
“Деректі диктант” әдісі: Оқушыларға 5-7 түйінді сұрағы бар бірнеше нұсқалы сұрақтарға жазбаша жауап беру тапсырылады. Оның бір-екеуі бұрынғы материалдарға қатысты. Оқушылардың алдында таза парақ пен қаламнан басқа ештеңе болмауы тиіс. Соңынан стресстік жағдайдан шығу үшін сергіту ойындары ойналады.
“Сыбырлап сұрау” әдісі: Басқа оқушылар жазба жұмыспен (бақылау, диктант сияқты) айналысып жатқан кезде, мұғалім бір немесе бірнеше оқушыдан (қасына барып не шақырып) сабақ сұрайды. Олар қойылған сұрақтарға сыбырлап қана жауап береді.
“Таңдамалы тексеру” әдісі: Мұғалім оқушылар жазған бақылау (диктант) жұмыстарының ішінен теріп алып, тек бірнешеуін ғана тексереді. Қайсысын тексеретінін ешкім де білмейді.
“Блиц-бақылау” әдісі: Шартын алдын ала таныстыра отырып, мұғалім әрқайсысының жауабы 1-2 сөзден ғана тұратын бірнеше (7-10) сұрақты біртіндеп айтып тұрып, аз уақыт ішінде (30-60 секунд) қысқаша жауаптар жаздырады. Соңынан мұғалім дұрыс жауаптарды айтады, оқушылар жауап нөмерінің алдына “+” немесе “-” белгісінің бірін қойып, соңына нәтижесі мен берілген шартқа байланысты бағасын жазып, мұғалімге өз парағын өткізеді.
“Релелік бақылау” әдісі: Мұғалім бақылау жұмысын оқушылардың бұрынғы орындаған тапсырмалары (шығарған есептері) бойынша алады. Бұл бақылаудың жүгін жеңілдетеді және үй тапсырмасына жауапкершілікпен қарауға үйретеді.
“Кәдімгі керемет” ойыны: Мұғалім үй тапсырмасын ерекше түрде береді: кезекші оқушы хат таратады, тапсырма әр қырына әр түрлі әріп жазылған кубик арқылы таңдалады, қорапшадан тапсырма номері лоторея сияқты алынады, т.б.
“Шығармашылық шарт” ойыны: Қабілетті немесе тілек білдірген оқушыларға міндетті тапсырмамен қоса шығармашылық шарт тапсырылады. Ол шарт бойынша оқушы сол тапсырмаға байланысты сөзжұмбақ құрастырып, қызықты деректер жинауы немесе тірек белгі жасап, әзіл сурет дайындауы қажет.
“Айрықша тапсырма” әдісі: Қабілетті оқушылар үйге ешкім орындамаған күрделі де, қиын тапсырма алады. Ол салтанатты түрде табыс етіледі және арнайы дәптерге орындалады. Орындалған тапсырмаға “төрттен” төмен баға қойылмайды.
“Кездейсоқтық” ойыны: Сыныпта немесе үйде орындалатын тапсырманың номері мен сипаты айтылған соң, оны кімнің орындайтыны ойын сүйегі не қағаз ұшақ арқылы анықталады.
“ҒЗО” ойыны: ҒЗО (ғылыми зерттеу орталығы) қызметкерлері (оқушылардың бір немесе бірнеше тобы) тапсырыс берушіден (мұғалім немесе арнайы бекітілген оқушы) алынған тапсырманы топтасып талдай отырып, өзара міндет бөлінісі арқылы шығармашылықпен орындайды. Біткен жұмысты сызба түрінде дайындап, қабылдау комиссиясына (2-3 үздік оқушы) жоба қорғау түрінде өткізеді. Комиссия қабылдамаса, жұмысты қайта толықтыру керек.
“Тендер” ойыны: Оқушылардың бірнеше (тең шамалас) тобы бір тапсырманы орындайды да, кезекпен тендерлік комиссия алдында жұмысты таныстырады. Комиссия қай топтың жұмысын “үздік” деп тапса, сол топ “жеңімпаз” деп танылады.
“Ондық нысана” ойыны: Оқушылар бірнеше топқа бөлініп, тиісті тапсырмаларды орындап жарысады. Қай тапсырманың қанша ұпайлық екенін тақтадағы “нысана” көрсетеді.
“Байыпты баяндамашы” ойыны: Оқушыға жұрт алдына шығардан 5 минут бұрын баяндама жасауға қажетті тірек сөздер беріледі. Ол сол сөздерден баяндама мәтінінің жобасын құрастыруы керек. Баяндама мазмұнын айту барысында баяндамашыны (сөзге шешен оқушыны) өзге оқушылар тақырыпқа қатысты әр түрлі сұрақтар арқылы жаңылыстыруға тырысады. Әр сұраққа тақырыптан ауытқымай, салмақты түрде жауап бере отырып, баяндамашы белгіленген уақыт ішінде (5-7 минут) өз баяндамасын аяқтауы керек
“Қызметке қабылдау” ойыны: Жұмысқа қабылдаушылар белгілі бір тақырып бойынша бәсекелес екі топтың біліктілік дәрежесін анықтайды. Ол үшін 5-6 адамнан құралған екі топ алдын ала ақылдаса отырып, бір-біріне кезекпен бес-бестен тапсырма береді. Егер қарсылас топ кезекті тапсырманы орындай алмаса, топтың өзі орындауы қажет. Жұмысқа қабылдаушылар әр тапсырманы 5 ұпаймен, ал әр жауапты он ұпаймен бағалайды да, ақылдаса отырып, қай топтың жұмысқа қабылданғанын айтады. Бұған дейін мұғалім топтық тапсырмалардың орындалу барысын талдайды, кемшілік-жетістіктердің себебін көрсетеді. Даулы мәселелерді арнайы тағайындалған төрешілер шешеді.
Сабақтағы сергіту сәттері
“Алыптар мен ергежейлілер” ойыны: Жүргізуші біресе қолдарын жоғары көтеріп, біресе төмен түсіріп, алыптар мен ергежейлілерді бейнелейді және “алып”, “ергежейлі” деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше етіп, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.
“Еден-төбе-мұрын” ойыны: Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және “төбе”, “еден”, “мұрын” деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап,қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.
“Бір-екі-үш-төрт-бес” ойыны: Қатысушылардың бәрі бір мезгілде, алдымен оң қолын, сонан соң сол қолын жоғары қарай сермеп тұрып, бірден беске дейін санайды. Келесі жолы төртке дейін, сосын үшке, сосын екіге дейін, ең соңынан бірге дейін санайды. Келесі жолы осы ретпен бірақ орысша, сонан соң ағылшынша санайды. Әр тілде санаудың орнына “Ха-ха”, “Хи-хи” деп айтуға да болады.
“Севен-ап” ойыны: Қатысушылар дөңгелене отырып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды. Жеті санын айтатын адам “Жеті” деудің орнына, орнынан тұрып, “Севен-ап” деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.
“Жаңылыспаймын” ойыны: Қатысушылар дөңгелене тұрып, кезекпен бірден отызға дейін, сосын кері қарай санайды. Үшке еселік санды айтатын адам сол санның орнына “Жаңылыспаймын”деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.
“Белгісіз басшы” ойыны: Бір қатысушы сыртқа шығарылып, сол кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті сырттан келген адамға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек, қал,андары сол қимылды бірдей қайталауы керек. Сырттан келген адам кімнің басқарып тұрғанын табу керек. Егер тапса немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба алмаса, басқа адаммен ауысады.
“Дирижер” ойыны: Жүргізуші бір қимыл көрсетіп, сұқ саусағымен кімді көрсетсе, сол адам сол қимылды қайталауы керек. Кім тез қайталай алмаса, сол ойыннан шығады. Жүргізуші бір қимылды бірнеше адамға жасатып, белгілі бір дыбыстар шығаруы керек.
“Көңілді жылан” ойыны: Қатысушылар бірінің артынан бірі ұстап, жылан болады. Ойынның негізгі мақсаты жыланның басы құйрығын ұстап алуы керек. Белгілі бір уақыт ішінде ұстай алмаса немесе басы құйрығын ұстап алса, жыланның басы құйрығына айналады, екінші тұрған басы болады.
Түлкі-тауық-балапан” ойыны: Түлкі болған қатысушыдан басқалары тауық болған адамның соңына тізіле тұрады. Түлкінің мақсаты тауықты айналып өтіп, соңғы балапанды ұстап алуы керек. Белгілі бір уақыт ішінде ұстай алмаса, түлкі тауыққа, соңғы балапан түлкіге айналады.
“Жыланша” ойыны: Қатысушылар айнала отырады. Сосын бірі бастап келесі адамнан бастап кезекпен қолын алып, тілегін айтады. Оның соңынан келесісі ереді. Ойын осылайша қашан барлығы бір-біріне тілек айтып болғанша жалғасып кете береді.
“Үй-адам-жер сілкіну” ойыны: Қатысушылар үш-үштен топтарға бөлініп, екі адам өзара қол ұстасып үйді құрайды, үшіншісі сол үйде тұратын адам болады. Жүргізуші “Үй” деген кезде, үй боп тұрған екі адам қолдарын жазбастан, келесі адамның үйіне айналуы тиіс. “Адам” деген кезде үйдегі адамдар басқа үйге барып кіруі керек. “Жер сілкіну” деген кезде барлығы тарап кетіп, қайтадан топтарға бөлінуі керек. Осы қимылдардың барысында жүргізуші топтардың біріне қосылып кетеді, ал үйсіз қалған адам жүргізуші болады.
“Атомдар мен молекулалар” ойыны: Жүргізуші “атомдар” деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, “молекулалар, бесеуден” немесе “молекулалар, үшеуден” деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді: өз өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін орындайды
“Мені түсін” ойыны: Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, белгілі бір уақыт ішінде түйінді сөздерін дәптерлеріне жазып алады. Сонан соң мұғалім оқушылардың кітаптарын жабуын, қолдарына парақ пен қарындаш алып, осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін 10 шақты сөз жазуларын талап етеді. Соңынан мұғалім парақтарды жинап алып, өзі алдын-ала даярлаған түйінді сөздермен салыстырады. Кімнің осы түпнұсқамен сәйкес келген сөздері көп болса, сол жеңімпаз деп танылады.
“Білімдарлар” ойыны: Бірінші ойынның алдында “білгірлер” анықталады, олар өздеріне команда құрады. Ойынға қатысушылар командалары бойынша парта басына отырады. Бір команда тақта жанында қалады. Басқа командалардың өкілдері оларға оқылған тақырып бойынша сұрақтар қояды. Команданың сұрақты өз ішінде талдауы 20 секунд қана жүреді де, бір оқушы жауап береді (кезекпен). Жеңімпаз команда дұрыс жауаптар мөлшерімен анықталады.
“Тұлғаны танып-біл” ойыны: Жүргізуші ойынға қатысушыларға парақтар таратады, оларға қазақстан тарихында елеулі із қалдырған кемеңгер адамдардың (саясаткерлер, өнер және әдеби қайраткерлер және т.б.) портреттері жапсырылған. Ойыншылар 5-6 адамнан топтарға бөлініп отырады. Балалар портреттегі тұлғаның аты-жөнін, тарихтағы рөлін, қызмет ету кезеңін, оның атына байланысты оқиғаларды, ол жазған шығармаларды және т.б. естеріне түсіруі тиіс. Топ ішінде талдау 5 минуттан аспайды. Өз командасын топтың бір адамы қорғайды. Жүргізуші сыныптағы неғұрлым толық жауап берген команданы анықтайды. Жүргізуші ойынға қатысушылардың барлығына рахмет айтады.
“Конференция” ойыны: Даярлық бөлімі: Конференцияға дейін “ұйымдастыру комитетін” сайлаймыз. “Ұйымдастыру комитеті мүшелерінің” санын жүргізуші анықтайды. Ұйымдастыру комитеті мүшелеріне конференцияға дейін дайындалуы тиіс мәселелерді: конференцияның мерзімін белгілеу, жарнама, ақпараттық хабарлама (конференцияның тақырыбы, жұмыс тәртібі, баяндамашылардың аты-жөні, баяндама тақырыптары)беру, жұмыс бағдарламасын құру, оны көбейді, шақыру қағаздарын даярлау, оларды тарату, сыныптан секция төрағаларын таңдау, олардың жұмысының негізгі мәселелерін дайындау, керекті тану белгілерін жасау сияқты іс-әрекеттерін орындауға уақыт беріледі. “Пленарлық мәжіліс” өткізіледі. Аяқталған соң, “секция хатшылары” “секциялардың” тиісті атауларын іліп, “баяндамашыларды” жариялайды. Бірнеше “секция” қатар жұмыс істейді. Жүргізуші жұмысты басқарады. “Баяндамашының” уақыты 5 минуттан аспайды. Жұмыс аяқталған соң, барлығы “қорытынды отырысқа” жиналады. Конференцияның жұмысы қорытындыланып, ақырғы сөзбен “ұйымдастыру комитетінің төрағасы” сөйлейді.
“Аукцион” ойыны: Жүргізуші өтілген тақырып (оқиғалар, фактілер, олардың мерзімі) бойынша сынып оқушыларына арнап сұрақтар дайындайды. Ойынды жүргізу үшін гонг (немесе ағаш балғаша) қажет. Жүргізуші аукцион өткізеді: сұрақтар қояды, жауаптарға түсініктеме беріп, бағалайды, жеңімпазды анықтайды. Дұрыс жауаптары үшін неғұрлым көп фишка жинаған оқушы жеңімпаз болады.
“Шешендер жарысы” ойыны: Бірнеше оқушы алдын-ала берілген тақырыпқа хабарлама жасайды. Жарысты жүргізуші (мұғалім) немесе арнайы сайланған қазылар алқасы бағалайды. Тек білімі ғана емес, дәлелді сөйлей білу шеберлігі де бағаланады.
“Бас қатырғылар базары” ойыны: Оқушылар үйде сөзжұмбақтар, сөзтізбелер, тарихи домино, хронологиялық лото, викториналар, құпиясөздер және т.с.с. құрастырады да, сабақта оларды шешеді. Жеке де, ұжыммен де жұмыс істеуге болады. Оқушыларға оқулықты, картаны, көмекші және құжаттық материалдарды пайдалануға рұқсат етіледі. Жүргізуші ең белсенді, кәсіпкер, тапқырларды анықтайды. Үйде жұмыс істеген оқушыларды да, сабаққа белсене қатысқандарды да атап өтеді.
Бұл әдістер оқушылардың тек сөйлеу дағдысын ғана емес, еске сақтау қабілетін және логикасын дамытады.
Сонымен қатар осы 10 күндік біліктілікті арттыру курсында ҰБТ – ге дайындау барысында биология пәнінен бірнеше интербелсенді әдіс – тәсілдердің түрлерімен таныстық және өзімізге көптеген жаңашыл ақпарат алдық.
Қорытынды
Заман талабына сай әр мұғалім ҰБТ – ге оқушыларды дайындауда интербелсенді әдістерді жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізген тиімді. Сонымен қатар сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін жақсарту барысында оқушыларға өзіндік бағалау түрлерін қолданған тиімді. Оқушыларды ҰБТ-ге дайындау барысында интербелсенді әдіс – тәсілдердің стратегияларын үнемі қолданса мынадай нәтижеге жеткізеді:
Әр оқушының шығармашылығы артады
Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады
Оқушының жеке қабілеті анықталады
Оқушы топ жаруға ұмтылады.
Оқушының ойлау қабілеті дамиды
Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады
Мұғалім мен оқушының интербелсендішығармашылығы шектелмейді. Оны қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор. Бүгінгі шығып жатқан методикалық  инновациялар оқытудың интерактивтік методымен байланыстырылған. Интербелсендіоқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады. Интербелсенді» негізгі сипаттамалары қандай? Интербелсенді оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту тұрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интелектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы (компортный) шарттарын жасау. Интербелсендіоқытудың мәнісі сыныптағы барлық оқушы таным процесімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге (рефлектироват) мүмкіндік алады. Таным процесінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл процес өз-ара қолдау және қайырмыдылық атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық процестің өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.
Қорыта келгенде, жаңа формадағы мұғалім оқу – тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологиялар мен интербелсенді әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, ҰБТ – де жоғарғы нәтижеге жетеді деп ойлаймыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
Қазақстан - 2050 ұзақ мерзімді стратегиясы.
Әдістемелік нұсқаулық 2015 – 2016 ж
Әлімов А.Қ. Интербелсенді әдістемені ЖОО – да қолдану мәселелері- Алматы,2013ж
Виноградова М.Д. Первин И.Б Коллективная познавательная деятельность и воспитание школьников – М, 1977
С.Мирсейтова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» Қарағанды – 2011 ж
Жаңа білім беру жүйесі. Wikipedia
Жақсылықова Г.И, Каженова А.М, Исмагилова Н.З «Интербелсенді әдіс - тәсілдер», әдістемелік құрал,Өскемен – 2014ж
Интернет материалдары