Те?деуді? к?мегімен м?тін есептерді шы?ару(6 класс)
Пәні: Математика
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Теңдеудің көмегімен мәтінді есептерді шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Мәтінмен берілген есептерді бір айнымалысы бар теңдеу
құру арқылы есептер шығара білуге үйрете отырып, дағды
қалыптастыру.
Дамытушылығы: Өздігінен есептеу, ойлау қабілеттерін арттыру, пәнге
қызығушылығын танымдық белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Мәдениеттілікке, сауатты жазуға, ізденімпаздық пен
шапшаңдыққа тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту.
Түрі: Бекіту сабағы
Әдісі: Деңгейлеп саралап оқыту.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, кеспе қағаздар
Сабақтың құрылымы: Сабақ төрт деңгейлік бөлімінен тұрады
1. Оқушылық деңгей (Сұрақтар)
2. Алгоритмдік деңгей (Есептер)
3. Эвристикалық деңгей (Ойын)
4. Шығармашылық деңгей
5. Қорытынды.
6. Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгелдеу, сабаққа ынтасын аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
№ 880
1- сан - 4,5x
2- сан - х
4,5х – 54= x+72
4,5x – x=72+54
3,5x = 126
x=126: 3,5x=36, 4,5*36=162
Жауабы: 1-сан - 162, 2-сан - 36
ІІІ. Негізгі бөлім
І саты «Міндетті оқушылық» саты (Ауызша сурақтар)
1. ax=b түріндегі теңдеу қалай аталады?
2. Мәндес теңдеулер дегеніміз не?
3. Бос жиын дегеніміз не?
ІІ саты «Алгоритмдік саты»
«А» -тобы
№ 883
Бірінші қорапта екіншіге қарағанда 2 есе артық, ал екі қорапта барлығы 48 дәптер бар. Бірінші қорапта қанша дәптер болған?
2х +x=48
3x =48
x = 48:3
x=16
x=16*2=32,
Жауабы: бірінші қорапта 32 дәптер болған.
№ 885
Аулада 16 үйрек және балапандар жүр. Егер үйрек саны балапандар санынан 3 есе кем болса, онда аулада қанша балапан бар?
Үйрек – х
Балапан – 3х
х+3х=16
4х=16
х=16:4
x=4
3x=3*4=12
Жауабы: 12 балапан бар
«В» -тобы
№ 894
Бірінші бидонда екіншіге қарағанда 3 есе артық сүт бар. Бірінші бидоннан алып екіншіге 20 л сүт құйса, онда бидондардағы сүт мөлшері бірдей болады. Әрбір бидонда қанша сүт болған?
1-бидонда - 3х
2-бидонда - х
3х - 20 =x+20
3x-x=20+20
2x=40
x=40:2
x=20
Жауабы: 1-бидонда 3*20=60 л, 2-бидонда 20 л сүт бар.
№ 898
Үш санның қосындысының мәні 94-ке тең. Бірінші сан екінші саннан 18-ге кем, ал үшінші сан екінші саннан 4-ке артық. Осы сандарды табыңдар.
1-сан: х-18
2-сан: х
3-сан: х+4
х+(х-18)+(х+4)=94
x+x-18+x+4=94
3x-14=94
3x=94+14
3x=108
x=108:3
x=36
1-сан: х-18=36-18=18
2-сан: х=36
3-сан: х+4=36+4=40
Жауабы: 18, 36, 40
ІІІ саты « Эвристикалық саты ».
«Жаңғалақтың қатесін тап» ойыны. Есептерді шығарып, қатесін табу керек.
№1 Суреттегі таразының сол жақ табақшасында 3 дорба ұн, ал оң жақ табақшасында 1 дорба ұн және 4 кг кір тасы салынған.
Сурет бойынша сызықтық теңдеу құрыңдар, мұндағы 1 дорба ұнның массасы х кг.
Теңдеуді шешіп, 1 дорба ұнның массасын анықтаңдар. 5y+0,5=2y+2 150 г
№2 Суреттегі таразының сол жақ табақшасына массалары бірдей 5 орамжапырақ және 500 г кір тасы, ал оң жақ табақшасына 2 орамжапырақ және 2 кг кір тасы салынған.
Сурет бойынша сызықтық теңдей құрыңдар, мұндағы 1 орамжапырақтың массасы у кг.
Теңдеуді шешіп, 1 орамжапырақтың массасын анықтаңдар. 4x+50=x+500 2 кг
№3 Суретте таразының сол жақ табақшасында 4 бөлек шай және 50 г кір тасы, ал оң жақтабақшасында 1 бөлек шай және 500 г кір тасы кескінделген.
Сурет бойынша теңдеу құрыңдар, мұндағы 1 бөлек шайдың массасы х кг. Теңдеуді шешіп, 1 бөлек шайдың массасын табыңдар. 3x=x+4 0,5 кг
Дұрыс жауаптары
№1 3x=x+4 2 кг
№2 5y+0,5=2y+2 0,5 кг
№3 4x+50=x+500 150 г
ІV саты « Шығармашылық саты».
№4- тапсырма
Теруші шығарманы үш күн терді. Ол бірінші күні шығарманың 40%-ін, ал екінші күні 21 бетін терді. Үшінші күні теруге шығарманың 25%-і қалды. Шығарма неше бет болған?
Шарты: Шығарма – х бет
1-күні: 25x2-күні: 21 бет
3-күні: 14x25x+21+14x=x-720x=-21-7x=-420
x=420:7
x=60
Жауабы: Шығарма 60 бет
Сабақты қорытындылау: Бір айнымалысы бар теңдеу дегеніміз не?
Мәндес теңдеу дегеніміз не?
Мәтінмен берілген есепті шығару дегеніміз не?
Үйге тапсырма: №884, №893
Бағалау. Оқушыларды жинаған жетондары бойынша бағалау .
№1 Суреттегі таразының сол жақ табақшасында 3 дорба ұн, ал оң жақ табақшасында 1 дорба ұн және 4 кг кір тасы салынған.
Сурет бойынша сызықтық теңдеу құрыңдар, мұндағы 1 дорба ұнның массасы х кг.
Теңдеуді шешіп, 1 дорба ұнның массасын анықтаңдар. 5y+0,5=2y+2 150 г
№2 Суреттегі таразының сол жақ табақшасына массалары бірдей 5 орамжапырақ және 500 г кір тасы, ал оң жақ табақшасына 2 орамжапырақ және 2 кг кір тасы салынған.
Сурет бойынша сызықтық теңдей құрыңдар, мұндағы 1 орамжапырақтың массасы у кг.
Теңдеуді шешіп, 1 орамжапырақтың массасын анықтаңдар. 4x+50=x+500 2 кг
№3 Суретте таразының сол жақ табақшасында 4 бөлек шай және 50 г кір тасы, ал оң жақтабақшасында 1 бөлек шай және 500 г кір тасы кескінделген.
Сурет бойынша теңдеу құрыңдар, мұндағы 1 бөлек шайдың массасы х кг. Теңдеуді шешіп, 1 бөлек шайдың массасын табыңдар. 3x=x+4 0,5 кг
№4 Теруші шығарманы үш күн терді. Ол бірінші күні шығарманың 40%-ін, ал екінші күні 21 бетін терді. Үшінші күні теруге шығарманың 25%-і қалды. Шығарма неше бет болған?
№4- тапсырма
Теруші шығарманы үш күн терді. Ол бірінші күні шығарманың 40%-ін, ал екінші күні 21 бетін терді. Үшінші күні теруге шығарманың 25%-і қалды. Шығарма неше бет болған?