Урок по математикии для 5 класса М?тіндік есептерді пропорцияны? к?мегімен шы?ару
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Математика Сыныбы: 5
Сабақ № 24 Күні:
Сабақ тақырыбы: Мәтіндік есептерді пропорцияның көмегімен шығару.Есептер шығару.
Сабақтың мақсаттары: а)білімділік: оқушыларды мәтіндік есептерді тура пропорционалдықтың және кері пропорционалдықтың қасиеттерін қолдану көмегімен шеше білуге үйрету, пропорцияның белгісіз мүшесін есептеу білімдерін бекіту және жетілдіру;
ә)дамытушылық: оқушылардың өзіндік ойлау қабілеттерін, ой ұшқырлығын дамыту;
б)тәрбиелік: оқушыларды шыдамдылыққа, адалдыққа, бауырмалдыққа, ұқыпты болуға, бірлікке тәрбиелеу.
Орындалатыніс-әрекеттер:
Мұғалімнің орындайтын іс-әрекеттері: Оқушының орындайтын іс-әрекеттері:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушыларды түгендеп, сабаққа қатысуын тексеру;
ә) оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
б) сынып оқушыларын топтарға бөлу. Сыныптағы тәртіп, оқушылардың топтасуы.
ІІ. Үй жұмыстарын тексеріп шығу.
2.1. Өткен тақырып білімдерін еске түсіріп өту, жалпы сыныпқа сұрақтар қою.
1) Қандай шамаларды тура пропорционал шамалар деп атаймыз?
2) Қандай шамаларды кері пропорционал шамалар деп атаймыз?
3) Шамалардың тура пропорционалдығының, кері пропорционалдығының қандай қасиеттері бар?
4) Тура пропорционал шамаларға мысал келтіріңдер.
5) Кері пропорционал шамаларға мысал келтіріңдер.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Топтаса отырып кеңесу. Өз жауаптарын айту.
IІІ. Мәтіндік есептерді пропорцияның көмегімен шешуге тапсырмалар орындату.
1-есеп. 40 кг алмадан 32 кг алма тосабы шығады. 90 кг алмадан қанша алма тосабын алуға болады?
Шешуі: Алма тосабының массасы алма массасына тура пропорционал. Сондықтан алманы қанша есе артық алсақ, одан сонша есе артық алма тосабы шығады.
40 кг ------32 кг90 кг------ х кг
х90
3240 , Бұдан x= (90·32):40= 72 кг.
2-есеп. Құрылыс жүргізу үшін алаңды тазалау керек. Егер осындай алаңды 4 бульдозер 9 сағ-та тазаласа, онда осы алаңды 6 бульдозер қанша сағатта тазалайды?
Шешуі: Алаңды тазалауға жұмсалатын уақыт бульдозер санына кері пропорционал. Сонда:
4 бульд --------9 сағ
6 бульд--------у сағат
4 y
69 , сонда: у= (4·9):6= 36:6=6 сағат. Оқушылар топпен жұмыс орындайды.
Топтаса отырып тапсырмаларды орындайды.
Топтаса жұмыстарын тақтада қорғайды.
Топтар жұмыстарын алмастырып тексереді, бағалайды.
ІV. Оқулықпен топтық жұмыс.
№169есепті топтаса орындату.
Адам саны 4 6
Күн саны 9 х
4х
69. сонда: x= (4·9):12=36:12=3 күн.
№171. Есепті топтаса шығару.
Қашықтық 1200 кмt
Уақыт 1,2 сағ 2,2 сағ
1200 1,2
t2,2
t= (1200·2,2):1,2=2640:1,2=2200 км.
№172 есептің 1,2-нұсқаларын топпен орындау.
Жеке жұмыс.
№174 есепті жекелей орындау.Жеке пікірлерін айту. Сыныптағы диалог.
V. Сабақты қорытындылау
VI. Үйге тапсырма беру: №170,173 есептерді шығару.
VІІ. Оқушыларды бағалау.
(көшбасшының бағаларын ескеру). Оқушылар топтаса отырып есептер шығарады.
Әр есепті топтар кезектесе тақтада көрсетіп отырады.
Жекелей жұмыс.
Топ көшбасшысының бағалауы.
Математика пәнінің мұғалімі: Бекниязова А