Урок Жас информатиктер сайысы
КММ «Салқынкөл орта мектебі»
«Жас информатиктер» сайысы
Информатика мұғалімі:Шакина З.У.
2015-2016 оқу жылы
Тақырыбы: «Жас информатиктер» сайысыМақсаты: Пәнге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау, тәрбиелеу.Сабақтың түрі: сыныптан тысМұғалім: Информатика болашаққа бастайды,Келешекке білім қуған жастарды.Қадам басып 21 - ші ғасырға,Барлық әлем жаңалығын тастайды.Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,Жан сәулесін тарататын баршаға.Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,«Жас информатиктер» сайысына кеп тұрғанСайыскерлерді шақырайық ортағa.«Жас информатиктер» білімділік сайысы мына бөлімдер бойынша өткізіледі:Шарттары:1. Команданын атын таныстыру2. «Көшбасшы ойыны»3. «Компьютерді вирустан құтқарайық»4. «Компьютердің пайдасы мен зияны»Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!Мектепішілік «Жас информатиктер» білімділік сайысына қош келдіңіздер!Олай болса бүгінгі «Жас информатиктер» білімділік сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.1. Екі команда өздерінің аттарын, эмблемасымен таныстырады. Ұпайды әділ қазылар қояды. Ұпай 10 ұпаймен есептеледі2. «Көшбасшы ойыны»Көшбасшы ойыны ІІІ кезеңнен тұрады.І кезең сұрақ - жауап кезеңі:10 ұпайдың сұрағы:«Ақпарат» деген сөз адамға нені білдіреді? (Ақпарат сөзі латынның баяндау, түсіндіру, мәлімет деген ұғымдарды білдіреді )10 ұпайдың сұрағы:Бейнелі ақпарат дегеніміз не?(табиғат көріністері және кескіндерді қабылдауды, дәм, иіс сезу арқылы алынатын ақпараттарды айтады.)20 ұпайдың сұрағы:Таңбалы ақпарат дегеніміз не??( (адамның сөйлеу, жазу түрінде алатын ақпараттарын айтады.)30 ұпайдың сұрағы:Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым ( информатика)30 ұпайдың сұрағы:Бұқаралық ақпарат құралдары дегеніміз не? ( Біз дүние жүзіндегі күнделікті жаналықтармен таныстыратын газеттерді, радио мен теледидарды “Бұқаралық ақпарат құралдары” деп атаймыз)40 ұпайдың сұрағы:Компьютер дегеніміз не? (Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал – компьютер деп аталады)40 ұпайдың сұрағы:Адам ақпаратпен не істей алады? Адам ақпаратты сақтай алады, өңдейді және жеткізе алады.ІІ кезең Дода. ІІ топқа «Информатика» деген сөзжұмбақ беріледіСөзжұмбақты дұрыс тапқан топқа 10 ұпай беріледі.Сөзжұмбақ сұрақтары:1. Жазылған ақпаратты ұзақ уақыт сақтай алатын қасиеті бар құрылғы?(диск)2. Ақпаратты шығару құрылғысы? ( принтер)3. Дискідегі атауы бар аймақ? ( файл)4. Компьютердің миы? (процессор)5. Дыбыс жазуға арналған құрылғы? (Микрафон)6. Компьютердің қандай құрылғысы адам денсаулығына қауіпті? (монитор)7. Түсіндіру, баяндау деген қандай ұғымды білдіреді? (ақпарат )8. Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін құрылғы? ( Пернетақта)9. Бағдарламашы сөзінің орысша аудармасы ? ( ПРОГРАММИСТ )10. Дыбыс шығаратын құрылғы? (колонка)11. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын қорқақ компьютердің кенже баласы? ( тышқан )IІІ кезең «Тапқырлық»Топтарға компьютердің суреті беріледі. Компьютер туралы өз ойларын ортаға салады. Жақсы айтқан топқа 10 ұпай беріледі.ІІІ. бөлім “Компьютерді вирустан құтқарайық” сайысы Әр сұрақтың жауабына 5 ұпайдан беріледі.1. Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңдар?(монитор, жүйелік блок, пернетақта)2. Компьютердің қосалқы құрылғыларын атаңдар(принтер, колонка, кобрик)3. Процессордың атқаратын қызметі қандай?(Процессор – компьютердің ең басты бөлігі. Ол – компьютердің “миы”. Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және программалардағы барлық командаларды орындайды)4. Компьютерлік вирус дегеніміз не?Компьютерлік вирустар - бұл компьютердің жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын бағдарламалар.5. Антивирус дегеніміз не?Антивирустар – компьютерлік вирустарды жұқтырған бағдарламаларды табуға және емдеуге, сондай – ақ файлдың вирус жұқтыруының алдын алуға арналған бағдарламалар.6. Қандай вирусқа қарсы программаларды білесіңдер?Dr. Web, Eset, NOD 32, AVG, Norton Antivirus, Касперский Антивирус және т. б. жатадыІV - бөлімІ топқа «Компьютердің пайдасы»ІІ топқа «Компьютердің зияны» туралы айту тапсырмасы беріледі.10 ұпайдан беріледі.Жарыс соңында әділқазылар алқасы әр топтың ұпай сандарын есептеп қорытындылайды.Жарысқа қатысушыларды марапаттау.Жүрекке адалдықтың ескен гүлінҒажайып келешектің төккен үнінАрдақты ұстаздарға шын көңілденЖолдаймыз біз алғыс бүгін.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет. Келген қонақтарымызға қанаттарыңыз биікке қағыла берсін?- деп алғыс білдіреміз. Қош, сау болыңыздар!