Жабайы а?дар та?ырыбына арнал?ан саба? жоспары


Қоршаған орта
Тақырыбы: Жабайы аңдар
Мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету.Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету. Аю мен қасқыр балаларының қалай аталатынымен таныстыру. Жұмбақтар шешу арқылы ойлау, қиялдау қабілеттерін арттыру. Аңдарды қорғап, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Іс-әрекет кезеңдері.
Тәрбиеші әрекеті.
Балалар әрекеті.
Мотивациялық қозғаушы: Топ бөлмесінің әсемділігіне балалардың назарын аударады.
-Балалар, алдымен амандасайық.
-Балалар, іс-әрекетімізді бастамас бұрын біріміздің-біріміз жылуымызды сезінейік.
Армысың алтын күн,
Армысың асыл жер.
Армысың көк аспан,
Армысың жан досым.
Жылуыма жыл қос,
Міне, менің қолым.
Балалар амандасады.
Балалар бір-біріне қолдарын беріп, жылуларын сезінеді.
Іздену-ұйымдастырушы.
Мен бүгін балабақшаға келе жатып, сандық тауып алдым. Ол сандықтың ішіне ормандағы аңдарды сиқырлап салып қойыпты. Оларды құтқару үшін жұмбақтарды шешу керек екенбіз.
Жұмбақтар:
Көлеңкесінен қорқып безектейді,
Ал, оның баласын көжек дейді.
(Қоян)
Аузы бейне, шалғы орақ,
Шөп емес, бірақ малды орады.
(Қасқыр)
Өзі қу, әрі айлакер,
Жүрген жері айқай да шу.
(Түлкі)
Тұмсығы ұзын күшті,
Өзі ерен мықты.
(Піл)
Қара ала тоны бар,
Ол аңдардың қыраны.
Жатқанын көп көрмейміз,
Серейіп көп тұрады.
(Керік)
-Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай айтамыз?
Жабайы аңдар.
-Олар қайда тұрады?
Олар орманда тұрады.
-Сендерге құтқарғандарың үшін рахмет айтуда, ал сендермен «Не бар, не жоқ» ойынын ойнайық дейді.
-Сонымен қатар аңдарды аңдар саябағынан көруге болады. Енді, сендермен аңдар саябағындағы аңдарды көрейік. Балалар, қараңдар, аңдар бізден қорқып тығылып қалыпты.
Түлкінің құйрығы; Пілдің тұмсығы; Қоянның құлағы.
Ойын. «Ненің басы, ненің құйрығы».
Рефлексивті коррекциялаушы.
Саяхатты аяқтап балалардың бүгінгі іс- әрекеттерін, алған білімдерін бекіту.
Аңдардың жандарында нелері жүр?
Балалары жүр.
Бүгін сендерге аю мен қасқырдың баласы қалай аталатынын айтып беремін.
Аюдың баласы-қонжық.
Қасқырдың баласы-бөлтірік.
Сабақтың ішіндегі тақтаға суретші сурет салып қойған.Бірақ бұл суретте бір қателік бар сияқты.
-Сиыр қандай жануар?
-Жылқы қандай жануар?
Балалар жауабы.
Ал, енді топқа қайтамыз.
Ойын «Кім шапшаң?»
Суреттегі аңдардың тұрысын келтіру.
-бүгін сендермен сиқырлы сандықтан нелерді құтқардық?
-Ал, қайда бардық?
-Аюдың баласын қалай атайды екен?
-Қасқырдың баласы қалай аталады?
-Балалар бүгінгі іс-әрекетіміз сендерге ұнады ма?
-Бүгінгі іс-әрекет қатты ұнады. Мен сендерге жақсы деген баға қоямын.
Күтілетін нәтиже.
Білу керек: Жабайы аңдарды ажырата алуды.
Үйренеді: Жабайы аңдардың төлдерінің атауларын.
Меңгереді:Балалар сұрақтарға жауап береді. Аңдарға қамқорлық жасауды.