Баяндамы: ?АЗА?СТАНДЫ? ПАТРИОТИЗМ ?ЛГІСІН ?АЛЫПТАСТЫРУ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ ҮЛГІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ Қазақ халқының патриоттық тәрбиесінің тамыры терең. Халқымыздың тарихында отан сүйгіштік пен қаһармандықтың үлгілері мол. Отаншылдық сезім ертеден қалыптасқан, ескірмейтін, әрқашан жаңа жақтан көрініс табатын, мәңгілік, қасиетті ұғым. Ол – Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы бар күш – қуатын, ерік-жігерін Отан игілігі мен мүддесіне аямай жұмсау, туған жерін, қасиетті ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу.
Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Осы мақсатқа жету жолында біздер мұғалімдер қауымы көп тер төгуімізге тура келеді. Ол дегеніңіз, болашақ жастардың, оқушылардың бойында патриоттық сезімін ояту. Отанын, елін, жерін, Ата Заңын, Мемлекеттік Рәміздерін құрметтеуге үйрету. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсуі тиіс. Осының өзі отаншылдық тәрбие.
Біздің басты мақсатымыз - дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие дегеніміз – әр түрлі тәрбие өлшемдері сабақтасып, сан қырлы әдіс – тәсілдері бар тәрбие. Патриоттық сезім – отансүйгіштік рухтың құнарлы мәйегі. Ол адам өзі өнген топырағы мен өскен ортасына деген құштарлығының, құрметінің деңгейі. Сонымен бірге ата жұрттың елдігі мен халықтың қасиет – қазыналарымыздың құндылығын қастерлеп, әспеттеудің басты бір көрінісі.Ақиқатын айтқанда, жастардың туған жерге деген ықыласы мен патриоттық сезімін бағалай білуіміз керек деген ой - тұжырым айтылды. Мектебімізде Ауған соғысының аяқталғанына 26 жыл толуына арналған патриоттық іс-шара, әр сыныпта тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Осы шаралардың нәтижесінде Ауған соғысының ардагерлерінің өмірі, ерліктері жөнінде көп мағлұматтар алды, ардагерлермен кездесу кезінде патриоттық сезімдері шындалды. Соған қоса сыныптан тыс әскери-спотттық ойындары жүргізіледі.
Сонымен қазақстандық патриотизм - бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт - дәстүр, ортақ қазақтың тілі. Отан – от басынан басталады десек, туған ауылымыздың көрнекі жері, тарихы, атаулы оқиғаларын, айтулы адамдардың өмір жолдарын білгізудің мәні зор. Азаматтардың биік отаншылдық сезімі бүгінге ғана емес, ертеңге, болашаққа да керек.«Біздер Қазақстандықтар - бір халықпыз!Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы Қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы» Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, оқушыларға патриоттық сезімдерді жеткізе білсек, жастардың көкейіне патриотизм туралы ой сала білсек, үлгі көрсетсек, онда заманға сай, қоғамға керекті азамат, отансүйгіш, елге қайраткер, елсүйгіш азамат тәрбиелейміз.