Сыныптан тыс шара Т?УЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ ?АЙСАР РУХТЫ ?АЗА?ТЫ?


«Жәнібек колледжі» МКҚК
ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ ҚАЙСАР РУХТЫ ҚАЗАҚТЫҢ
(әдеби-сазды кеш)
Пән мұғалімі: Сагиндиков М.А.
Гуманитарлық бағытындағы ПЦК
отырысында қаралып, мақұлданды
Хаттама № « » 2015 ж
ПЦК жетекшісі: Б. Сахитова
Әдіскер: Г. Есмухамбетова
Жәнібек, 2015ж
Шара тақырыбы: «Тәуелсіздік тірегі қайсар рухты қазақтың»Мақсаты:
Білімділік: қазақстанның өйткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып өз еліміздің даму тарихы туралы танымын қалыптастыру.
Тәрбиелік: жас ұрпаққа өз елінің тәуелсіздігі үшін қаны мен терін төккен қаһармандарды үлгі-өнеге ете отырып, туған елінің болашағына белсенді араласуға міндеттімін деп еселейтін саналы азамат тәрбиелеу. Туған жеріне деген елжандылық сезімін арттыру.
Дамытушылық: оқушылардың ізденімпаздылық қасиеттерін қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
Көрнекілігі: Қазақстанның саяси картасы. Елбасы портреті, рәміздер. Елбасының халыққа жолдаулары, Конституция, өткен заманның сарынын көрсететін түрлі дыбыстар жазылған магнитофон таспасы (Елім-ай, ат дүбірі, Заман-ай, соғыстың дыбысы), Махамбет, Исатай, Кенесары, Абылайхан бейнелері, бес арыстың, үш бәйтеректің портреттері. Домбыра, киіз үй, қылыш, бесік, атсуреттері.
Түрі: әдеби-музыкалық қойылым, театрландырылған көріністер.
Шара барысы:
Тәуелсіздік – тірегі қайсар рухты қазақтың!
Қазақстан Тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді.
Бұл азаттық үшін мың-мыңдаған
азаматтардың қасиетті қанының өтеуі. Бұл бүкіл тарихында
өзгелерге қианат жасау дегенді білмеген халықтың пейіліні қайтарымы.
Бойында қаны бар, намы бар, әрбір азамат енді
Тәуелсіздікті қалай кемелддендіреміз, елдің көсегесін
қайтсек деп ой-санасын қамшылауы керек.
Н. Назарбаев
1 жүргізуші:
Еркіндік ежелден-ақ ел тілегі
Ертеңді ойлап, көңілім серпіледі.
Еркіндіктің қадірін білетін ел,
Жалынды жастарымен желпінеді.
Елдікті Ұран еткен Ұлыңмын мен,
Жеткізетін тарихты тілімменен,
Еркіндікке жетпеген оңайлықпен
Сан қырлы қазағымның сырын төгем.
2 жүргізуші:
Кең байтақ: Ұлан ғайыр Қазақстан,
Құшағына күн сиған неткен кең ең!
Қиянат жасаса да қара жүрек,
Мейіріммен қарап, тек күлімдеген,
Қиындық өтті талай себебімен,
Орын алып өмірдің өзегінен
Қалай жетті қолымыз білу үшін,
Сусындаймыз тарихтың тереңінен.
1 жүргізуші. Тарихшы: алтау ала болса ауыздағы келеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді. Туған жерін тұрақтаған тұғыры берік ел едік, іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып атам қазақтың абыройын сақтайық, - деді Төле бабамыз. Кіші жүздің кішілігін танытқан Әйтеке би, Орта жүздің ордасын тіккен Қазыбек би, Ұлы жүздің ақсақал биінің билігіне бас иіп, елді біріктірді. «Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін», - деді олар. Кең пейілді бауырмал халық бір тудың астында «Сабалақ батыр» аталған Абылай хан көтерді.
2 жүргізуші. Жыршы.
«Абылайлап» Сабалақ қол бастады,
Абылай аталып ел басқарды.
Ерлігінен, хандардың басталады,
Егемендік, елдіктің сел бастауы.
1 жүргізуші. Тарихшы: ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен заман болды. Қалың елді Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай батырлар бастап, азулы жауды Аңырақайда аңыратып жеңді, Райымбек сияқты киелі батырлар кейін шапқан кесапат жауды қасиетті қазақ жерінен бір жолата қуып тастады.
Қоршаған жау – басқыншы халыққа мұң,
Қорғаған ер – ойлаушы халық қамын.
Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбайлар,
Қорғап қалды ел бағын алыптарым.
1 жүргізуші. Тарихшы: XVIII-XIX ғасыр. Қазақ билері мен хандары иек артып, көмек күткен орыс патшалығы бірте-бірте өз мақсатын орындап, қазақ жерін отарлап, елді аздыра бастады. Ел ішіне ірткі салып зымияндық саясат пен ел бірлігіне, ұлттық қасиетімізге, тіліміз бен дінімізге, кеңдігіміз бен елімізге нұқсан келтірді. Оған қазақ шаруалары ызыланып, кек көтерді. Исатай мен Махамбет бастаған халық көтерілісі сәтсіз болса да ер намысының айғағы еді. Ән: «Өз елім» О. Болатов
2 жүргізуші. Тарихшы: халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді. 1916 ж маусым жарлығына жігіт бермейміз деп қарсылық көрсеткендер оққа ұшты, адамын байлап, малын айдап, орыс үкіметі қазақты тонады.
1 жүргізуші. Тарихшы: біздің 1917 жылда бостандыққа қолымыз жетпеді. Өз жерімізде өзіміз қырғынға ұшырап, қуғынға түстік. Мыңдаған жандар ата-жұртын тастап, өзге мемлекетке бас сауғалауға мәжбүр болды. 1923-1933 жылдар болған адам айтса нанғысыз ашаршылық 6 млн астам халқымыздың 2,2млн жалмады. Қарғыс атсын сендерді Голощекин, Ерназаров, Құрамысов. Саханада түрмеде отырған Сәкен, Ілияс, Бейімбет т.б. арыстарымыз (қол-аяқтары кісендеулі, оларды ұрып-соғып, қинап, өтірік жала жауып жатқан тергеушілер)
Сот үкімі: Ату (мылтық дауысы естіледі)
1 жүргізуші. Тарихшы: диктор дауысы: құрметті Отандастар, бүгін, яғни 1914 жылдың 22 маусымында ешқандай ескертпестсен бейбіт жатқан елімізге неміс фашистеріі опасыздықпен шабуыл жасады. Отан қорғауға бәріміз бір кісідей аттанайық! (Тұнжыраған халық радио алдында үнсіз тұрып қалады). Ән: «Қазақстан» А.Нұрышев
2 жүргізуші. Тарихшы: 1941-1945 жж. Адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары бүкіл, адамзатты қорғап ерекше ерлік көрсетті.жүзге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді. Батырлықты батырлардың батыры Т. Тоқтаровтай, Н. Әбдіровтей, Мәншүк пен Әлиядай, Қ. Қайсенов пен Б. Момышұлындай, М. Ғабдуллиндей неше мыңдаған батырлары жауға қасқая тұрып қасықтай қаны қалғанша соғысты. Иә, жаумен шайқасып қаншама қазақ боздақтары жер жастанды. Бірақ намысты қолдан бермеді. 1945 жылы 9 мамыр қазақтың өр кеуделі батыры Рахымжан Қошқарбаев рейхстагқа жеңіс туын тікті. Неміс басқыншылары дүниежүзі алдында масқарасы шығып жеңілді.
2 жүргізуші. Тарихшы: 1986 жылы желтоқсан оқиғасы ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белгісі. 1986 жылы 16 желтоқсан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатты. Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды. Асығыс өткен пленум шешімі дүйім қазақ халқымен санаспаушылық болып табылады. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті.
1 жүргізуші: аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз-жігіттер «контрреволюционерлер» емес еді. Олардың ойы халықтың құқығы мен көкейкесті мәселелері туралы сөз жүргізу еді. Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында бейбіт тілегі ағаш жаңқасындай быт-шыт болып ұшты. Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын «Қүйын-1986» деген оперативті жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жастар жайбарақат еді, алаңсыз еді. Көрініс.
2 жүргізуші. Тарихшы: міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді. Алматы музыка училищесінің студенті Ляззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ляззаттың да алаңда болғаны анықталды.
Желкеге тиді сілтелеген күрек, қамшылар,
Соққыға мұндай, қасапқа қалай жан шыдар!
Жастарға шашқан мұз судан мұз шашырап.
Ән: «Желтоқсан желі» Л. Артығалиева
2 жүргізуші:
Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда
Алма бақтар ақ қырауға батқанда.
Күңірене күн күнкіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
Тұтқынға түстім жаутаңдай,
Жоламай ешкім қасыма,
Бара қалсаң сәлем айт
Елдегі құрбы досыма, - деп мүңая жырлаған албырт жас Қайрат Рысқұлбеков
Тұтқынға алынды. Қ. Рысқұлбеков «Қылмысты» деп табылып, Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 60- бабы бойынша 3 жыл бас бостандығынан, 65-бабы бойынша 15 жыл бас бостандығынан айырылып, Қазақ КСР жоғарғы кеңесінің Президиумы оған кешірім жасап, ату жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен алмастырды: Қайрат 1992 жылы 21 ақпанда ақталды.
Орыны ағалардың бізбен болсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын
Бір минут үнсіздікпен еске алайық,
Аруағы ағалардың риза болсын.
1 жүргізуші. Тарихшы: қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қ. Рысқұлбеков, Л. Асанова, Е. Сыпатаев, С. Мұхамеджановаларды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті. Бостандық үшін батыл, жігерлі, отансүйгіш өмірдей жастар құрбан болды.
1 минут үнсіздік жариялаймыз.
2 жүргізуші. Тарихшы: міне биыл азаттық тағының арайлап атқанына 25 жыл толмақшы. 1991 жылы 1 желтосақнда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты еліміздің президенті етіп сайлады. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы «Тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет» деп жарияланды.
2 жүргізуші. Жыршы:
Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады
Елбасы боп сайланды да Нұрағам!
Ән: «Қазақ елі осындай» Ж. Ақболатова
1 жүргізуші. Тарихшы: 1997 жылы 10 желтоқсанда Президенттің жарлығымен Ақмола қаласы Астана болып жарияланды. 1998 жылы 6 мамырда қала атауы Астана деп өзгертілді.
Ән: «Астана» А. Бекетова
2 жүргізуші. Тарихшы: 1997 жылы 10 қазанда Елбасы еліміздің дамытудың ұзақ мерзімге арналған «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасын жариялады.
2 жүргізуші. Тарихшы: 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық еттік.
Жүргізушілер: XXI ғасырда, Қазақстанда бейбітшілік елімізде тыныштық болып, тәуелсіздігіміз ұзағынан болсын!
25 жыл, қазағымның таңы атты,
Алу мақсат – ел деп алғыс, сауапты,
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,
Тәуелсздік сақтау үшін жауапты!
Құтты болсын мерекең,
Құтты болсын берекең,
Құттықтаймыз баршаңды,
Таусылмасын несібең.
Хор: «Атамекен».