Доклад на тему: Математика саба?ыны? барысында ??зыреттілікке ба?дарлан?ан тапсырмалар — білім алушыларды? негізгі ??зыреттіліктерін ?алыптастыру ??ралы
«Федоров ауданы әкімдігінің «№ 2 орта мектебі» КММ
Математика сабағының барысында құзыреттілікке бағдарланған тапсырмалар - білім алушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру құралы
Әзірлеген: Құмарова Б.Р.,
бастауыш сынып мұғалімі
2012-2013 оқу жылы
Математика сабағының барысында құзыреттілікке бағдарланған тапсырмалар - білім алушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру құралы
Білімнің жаңа нәтижесі мұғалімдер алдына білім алушылармен жұмыс барысында қызметтік технологияларды, әдістерді және тәсілдері пайдалану қажеттілігін қойды. Құзыреттілікке бағдарланған тапсырмалар жинақталған білімдерін тәжірибеде және күнделікті өмірде пайдалану дағдыларын қалыптастырады. 9 және 11 сыныптардағы қорытынды аттестатауларда пайдаланылатын бақылау-өлшеуіштер матеиалдар сараптамасы есептерде шынайы жағдайлардың моделдерін құруды талап ететін тапсырмалар артуда.
Әсіресе модельді құру математикалық дайындықтың жоғары деңгейін талап етеді және білім нәтижесі болып табылады. Сондықтан да мектеп түлегі нақты құзыреттілктері дамыған болуы тиіс.
Эксперттер 1999 жылы бастауыш сынып оқушыларыныңшынайы жағдайларды өз білімдерін пайдалана алмайтындығы мен алған білімдерінің күнделікті өмірден бөлек екенідігін, жалпы оқу дағдыларын қалыптастыруда жетімсіздіктер байқалатынын анықтаған (есептің шартына анализ жасауға, өз әрекеттеріне бақылау жасауға, өз бағаларын қорытындылауға).
Осы уақытта оқу процесінде өздігінен білім алу, іздену, керекті ақпаратты жинау, қорытынды шығаруды пайдалану актуалды тақырыпқа айналуда. Бастауыш мектеп математикасы негізгі мектеп математикасының табиғи бөлігі. 12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі – қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады. Білім алушы білім алудың белгілі бір сатысымен (мектеп немесе жоғары оқу орнымен) шектелмейді. Бүгінгі таңда, демек, болашақта да білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың бүгінгі білімі – болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі екендігі сөзсіз.
Математиканы оқытудың білім беру технологиясы оқытудың білімділік нәтижелері мен пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарлануы қажет.
Математика сабағында негізгі құзыреттіліктерді қалай дамытуға болады? Бұл мәселені математика сабағының барысында құзыреттілікке бағдарланған тапсырмалар арқылы шешуге болады. Құзыреттілікке бағдарланған тапсырмаларды орындау барысында білім алушылар мынадай қызмет түрін жүзеге асырады: оқу (білім алу негізі), өзара оқу, бірігіп оқу, бірігіп талқылау, зерттеу, тәжірибе алмасу, жобалау, жеке білім бағдарламасын құру.
Құзыретті тапсырмалар келесі талаптарды орындайды:
Нәтиженің жалпы мәдени және әлеуметтік маңызы – оқушының танымдық мотивациясын қамтамасыз етеді;
Құзыретті тапсырманы шешу мақсаты жауап алуда емес, басқа да пәндермен байланыстыра отырып жаңа білім, есепті шешу әдісін, тәсілін алу негізі болып табылады;
Құрылымы бойынша дәстүрлі емес есептер, яғни құрылымында кейбір компоненттері анықталмаған;
Есепті шығарудың бірнеше тәсілінің бар болу мүмкіндігі.
Құзыреттілікке бағдарланған тапсырма үш деңгейге бөлінеді:
Шығару деңгейі
Байланыстарын анықтау деңгейі
Талқылау деңгейі
Құзыретті лікке бағдарланған тапсырмалар біріншіден қызметті талап етеді. Екіншіден, тәжірибелік, өмірілік жағдайларды моделдейді. Үшіншіден оқушыға актуалды болып табылатын материалдардан құрылады. Проблемалық есептер белсенді ойлау қызметін артады, ал білімалушылармен ашылған жаңалық эмоционалды қанағаттанушылық әкеледі және ізденушілікпен әкелінген білім, дайындық қалпында берілген білімнен нақтырақ орынғады. Бұл белсенді өздік ойлау қызметі жаңа байланыстардың, жеке қабілетерінің, ойлау қабілеттерінің қалыптасуына ықпалы зор. Құзыреттілікке бағдарланған тапсырмаларды сабақтың барлық түрлерінде қолданамын: жаңа тақырыпты меңгерту, жаңа білімді бекіту, білімді кешенді қолдану, қорытындылау және жүйелеу, бақылау сабақтарында, бағалау және түзету.Оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін сабақтың әр кезеңінде де дамытуға болады. Құзыреттілікке бағдарланған тапсырмаларды құру үшін негізгі құзыреттіліктердің аспектілерін білу қажет. Аталған тапсырмаларды құрастыру мен оқу процесінде пайдалану ерекшеліктері мынадай:
Модель-схема
Құзыреттілікке бағдарланған тапсырмалар
Тапсырмалар атауы
Негізгі құзыреттіліктердің аспектілері
Стимул (егерде …, онда …)
Жеке маңызды танымды сұрақ
Осы мәселе бойынша ақпарат көзі (мәтін, кесте, график, статистикалық мәліметтер және т.б.)
Осы ақпарат бойынша тапсырмалар
Тапсырманы орындау бланкі (құрылымдық жауап талап етілсе)
Модельді жауап
Тексеру құралы (бағалау бланкі, кілті)
Стимул оқушыны тапсырманы орындауда жетелейтін тәсіл. Ақпарат алуда маңызды рөл атқарады:
– тапсырманы орындауда оқушыны жетелеуші күш;
– тәжірибелік және өмірлк жағдайларды моделдейді;
– қажетті жағдайда ақпараттандыру көзінің қызметін атқарады;
Стимул:
– қысқа (үш сөйлемнен кем емес)
– тапсырманың мазмұнынан алшақтамайтындай болуы тиіс.
Білім алушылардың өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру үшін теориялық материалды меңгеруге, реферат жазуға, есеп құрастыруға мүмкіндік беру керек. Құзыретті тапсырмалар өте қызықты әрі көлемді болады. Жеңілден ауырға тәсілі қолданылмаса, балалар жатысып да қалуы мүмкін. Сондықтан да бірден көлемді тапсырмаларды бастаған қиындықтарға әкеліп соғады.
Сіздердің назарларыңызға 2-сыныпта өтілетін «Периметр» тақырыбында құзыретті тапсырмаларды пайдалану жолдарын көрсетіп өтейін.
Сабақтың білімділік мақсаты:
Оқушыларды периметр түсінігімен таныстыру..
Берілген фигуралардың периметрлерін табу дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылардың өздігінен танымдық қызметін ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру.
Бақылау, салыстыру, өлшеу дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін өмірде пайдалануға үйрету.
Мұғалімнің алдындағы мақсаты:
Әр тапсырманы орындау барысында бақылауды жүзеге асыру. Әр оқушының белсенді сабаққа қатысқанын қадағалау.
Жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында үш түрлі жіп беріледі.
Қызыл (қысқа), көк (орташа), жасыл (ұзын).
Әр оқушыға осы берілген жіпшелермен жұмыс жасау ұсынылады. Нақты тапсырмалар беріледі.
1. қызыл жіппен жұмыс
А) жіпті үшбұрыш ретінде жасау.
Жіптің әр қабырғасын өлшеу және кестеге жазу. Үшбұрыш қабырғаларының ұзыныдығын қосу. Нәтижесі ол – периметрі.
2. Енді көк жіппен жұмыс жүргізу.
а) Жіпті төртбұрыш ретінде қою.
Әр төртбұрыштың қабырғаларын өлшеу және оны кестеге жазу. Қосындысын жазу.
в) Жіпті шаршы ретінде қою. Шаршының периметрін басқа жолмен табу үшін оқушыларға шаршы дегеніміз не деген сұрақ қойылады. Осы кезде балалар шаршының барлық қабырғалары деп жауап беріп, оның периметрін табудың басқа амалдарын қарастырады. Оны кестеге толтырады.
2-тапсырма өлшем тақырыбында пайдаланылады. Әлемнің көптеген елдерінде қолданылған ежелгі ұзындық өлшем бірліктерінің бірі – ол шынтақ болып табылады. Алақан мен саусақты ежелгі египеттіктер қолданған. Оны сүйем деп атайды. Енді осы екі өлшемді пайдалану арқылы қалай есеп шығаруға болады.
Мысалы:
Партаның ұзындығын өлшеу.
1-ші сүйеммен, екінші шынтақпен.
Оны сосын кесте толтыру арқылы шығару.
Құзыреттілікті дамытуға арналған сабақтарға қойылатын талаптар:
1. Белгісіздік, таңдау жағдайларын құру мақсатында оқытудың формасы мен технологияларын өзгерту.
2. Проблемалық жағдай қойылады.
3. Әлеуметтік ортада балаға маңызды болып табылатын жағдай жасау.
4. Жаңа дидактикалық материалдар жинақтау, стандартты емес тапсырмалар іздеу.
5. Оқушылардың өздігінен білім алуларына жағдай жасау.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау, өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін өзімнің таңдаған әдіс-тәсілдерім тиімді деген ойдамын.