Денсаулы?ты ны?айту?а арнал?ан ке?естер



Қазақ халқында денсаулық сақтау жөнінде көптеген ілімдер болған. Олар әкеден балаға беріліп отырған. Сондай ілімнің бірі «Шипагерлік баян» атты этциклопедиялық еңбек болып табылады. Оның вторы – емші Өтебойдақ Тлеуқабылұлы. Бұл еңбек сонау XV ғасырда жазылған. Өз кітабында ол денсаулық туралы, оны қалай нығайтуға болатыны және денсаулыққа ненің зиян келтіретіні туралы жазған.
Ғылым салуатты өмір салтын қалыптастыруға аса көп көңіл бөлген:
Көп қозғалу керек, яғни белсенді өмір сүру салтын ұстанып, дене шынықтырумен айналысқан жөн. Аз қозғалу Адам үшін зиянды, ауруға шалдықтырады;
Денені шынықтыру, оны нығайтудың маңызды әдісі болып табылады;
Адам денесі белсенді жұмыс істегенде шынығады, тыныштық кезінде, яғни демалғанда адам қуаттанады;
Дені сау және мықты болып өсу үшін адамға дұрыс тамақтану керек;
Аса тонуға болмайды, өйткені ол сенің денсаулығыңа әсер етеді, аурып қалуың мүмкін;
Науқас адамдарға мейірімді және жанашыр болу керек.