Мектептердегі ойын — баланы білімге баулуды? басты ??ралы
Ойын технологиясын пайдалану
Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес.Ойын арқылы оқушының білім алуға оқуға қызықтыра отырып,тұлғаны дамытуын қалыптастыруға болады.Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық сияқты.
Ойын оқушылардың негізгі іс әрекеті ретінде технологиялық,анатомиялық-физиологиялық,педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады ойын баланың даму құралы ,таным көзі,тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып,адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Ойынды басқара жүріп,оқушының жеке басының ерекшелігіне ,оның сана-сезіміне мінез құлқына ықпал жасайды. Оның қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың технологиялық ерекшелігі:ойланады,эмоциялық өзгеріске түседі,белсенділігі артады,қабілеті,қиял елестері дамиды,мұның бәрі баланың жан дүниесіне әсер етіп,оның рухани адамгершілік дамуына ықпалын тигізеді.
Тіпті нашар оқиды ау деген оқушылардың өздері де ойындарға қызығып,сабақтарға ынталана түседі
Ойын-арқылы оқушыны мектепке баулау ең тиімді тәсілдердің бірі.Оқушыны оқуға деген қызығушылығын ояту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.Олар атап айтсақ,күнделікті таңертеңгі,жаттығулар үзіліс кезіндегі ойындар әсіресе ұлттық ойындар,сабақтан тыс іс-шаралар,кештер атақты кісілер мен өз кәсібінің шеберлері мен кездесулер.Оқушылар әрбір іс-шара арқылы өз ойын толық жеткізіп,тәрбиесі жағынан жақсы өзгерістерден тұрады.
Оқу-оқушының ең басты мақсатым.Егер оқушының бос уақыттарынан тиімді пайдаланып,отырсақ онда оқушының кем дегенде бір,кәсіпке қызығушылығы оянады.Мектептегі үлкен үзілістердегі шашка ,шахмат,тоғызқұмалақ ойындарын ойнату арқылы олардың ойлау қабілеттерін дамытуға болады.Бала күнделікті ойындарға қатыса отырып,ой-өрісі кеңейіп,рухани адамгершілігі мол болады.жеңімпаз болған да,қуанады,бұл оның сабақтарғада әсерін тигізеді.Ал ол утылған күнде өзіне мақсат қойып,жеңіуге әрекет жасайды.Оған,бағыт –бағдар беріліп дұрыс жол көрсетіп тұру керек.Ойын барысында оларға бұл ойынның түрлі жақтарын,тәрбиелігін,дамытушылығын айтып отырамын.
Күнделікті таңертеңгі жаттығуларды сабаққа кіруге дейін өткізіледі.Оларды ақыл-ойы және дене дамуы жақсы болу мақсатында өткізіледі.Ол әсіресе спортқа қызығатын оқушылар үшін қызықты болады.Патриоттық сезімін ояту үшін әнұран айтылып сабақ басталады.
Әрбір оқушының өзіне тән бір қасиеті болады әрбірі өзі қызығатын жұмысы мен айналысқысы келеді. Сондықтан да оларды әр түрлі үйірмелерге,қосымша сабақтарға бағыттау керек.Оларды анықтауда қысқа мерзімді ойындардың пайдасы зор.Ойын арқылы олардың ой пікірін,білімі мен дағдысын анықтауға болады.
№110 З.Хусанов атындағы жалпы
орта мектеп тәлімгері М.Нуралиева