Краткосрочное планирование урока физики в 10-классе
Мейрманова Ғалия Маратқызы
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Күні: 19.12.2014 ж.
Пәні: Физика
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы Термодинамика. Термодинамиканың І заңын изопроцесстерде қолдану
Сабақтың мақсаты Термодинамиканың І заңын түсіну.
Термодинамиканың І заңын изопроцесстер үшін қолдана білу
Бірлесе жұмыс істеуге дағдылану
Өз ойларын толық дәйекті түрде жеткізуге үйрену
Ұқыптылыққа, байқампаздыққа, әділдікке үйрену
Күтілетін нәтиже Өз бетінше білім алуға дағдыланады;
Оқушылардың белсенділігі артады;
Физика заңдарының өмірмен байланыстыра алады
Сабақ кезеңдері Іс-әрекеттер Блум таксономия бойынша деңгейі, мақсаты Енгізілген модуль
Шаттық шеңбері
(3минут) «Бүгінгі сабақтан не күтеміз?» сұраққа жауап беру Психологиялық дайындық,
Жағымды ахуал орнату Оқытудағы жаңа тәсілдер (диалогтік оқыту)
Жаңа сабаққа дайындық
(7-9 минут) 1.Изопроцесстермен таныссыздар ма?
2.Изопроцесстер деп нені айтамыз?
3.Қандай изопроцесстерді білесіңдер?
4. Графиктер бойынша изопроцесстерді тану
5. Алдарыңдағы құралдарда қандай изопроцесс қолданылады:
тонометр- изотермиялық
термометр- изобаралық
шприц- изобаралық
медициналық банка-изохоралық
иіс шашыратқыш- изотермиялық; Білу
Түсіну
Қолдану Оқытудағы жаңа тәсілдер (диалогтік оқыту)Мақсат қою
(3 минут) Оқушылар сабақ тақырыбымен, жоспарымен танысып (слайд№1) сабақтың мақсатын анықтайды
Дәптерлеріне сабақтың тақырыбын жазады Талдау Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
ДЖИКСО
«Ойлан. Жұптас.
Бөліс »
(3 минут)
(6 минут)
1.Жұптарға бөліну
2. Тапсырмалар бойынша жеке дайындалу (слайд №2)
3. Жұпта талқылау
4. Топтарға бөліну. 5.Топпен 3 тапсырманы талдау.
6.Өз тақырыптарын бойынша қорғау
Білу
Түсіну
Талдау СТО
АКТ-ны пайдалану
Диалогтік оқыту
Көшбасшылыққа үйрету
Топтық жұмыс
(3 минут) Жылу мөлшерімен ішкі энергия және жұмыс энергия арасында байланысын анықтау. Топ қортындыларын қорғау Түсіну
Талдау СТО
Диалогтік оқыту
Ой қорыту
(3 минут) 1.Топ қорытындыларын біріктіру
2.Термодинамиканың І заңын тұжырымдау
3.Дәптерлеріне жазу Синтез СТО
Диалогтік оқыту
Сергіту сәті
(1 минут) Көз жаттығуларын орындау Денсаулық сақтау технологиясы
Класстермен жұмыс
(3 минут) Класстерлерді топта талдап, изопроцестер үшін термодинамиканың І заңын жазу Анализ
Синтез
СТО
Диалогтік оқыту
Жаңа білімдерін тексеру
(6 минут) Тест
Сәйкестік Бағалау Оқыту үшін бағалау
Оқытуды бағалау
Рефлексия 1.Рефлексивті нысана
2.Сабақты зерттеу картасын толтыру Бағалау Оқыту үшін бағалау
Оқытуды бағалау
Үй тапсырмасын 1.Изопроцестер үшін термодинамиканың І заңы
2.Заңның дұрыстығына мысалдар келтіру