Саба? жоспары Біржан мен Сара айтысы
Сабақ жоспары
Сынып:9
Күні: 28.10.2015ж
Тақырыбы. Біржан мен Сара айтысы.Сабақтың мақсаты: а) Айтыстағы Біржан мен Сараның адамгершілік, ақындық, әншілік қасиетін таныту, тіл шеберлігін ұғындыру.Оқушылардың белсенділіктерін, шығармашылықтарын, өз ойын тұжырымды айта білуге дамыту.Сабақтың түрі: ДәстүрліӘдіс - тәсілдері: ойландыру, іздендіру, сұрақ - жауап.Көрнекілігі: интерактивті тақтаПәнаралық байланыс: музыкаСабақтың барысыҰйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу.Айтыс музыкасы ойналады.Қазақтың айтыс өнері – ат жарысымен, балуандар күресімен пара - пар. Демек, ақындар айтысы да жарыс. Бірақ бұл – өнер жарысы, сөз сайысы. Айтыс халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Бүгінгі сабағымызда өз дәуіріндегі ақындар айтысының ішіндегі үздігі саналатын Біржан мен Сара айтысына тоқталамыз. Бүгінгі сабағымыз бекіту сабағы.Өмір - дерек. Біржан мен Сара өмірі.«Біржан» тобы1. Айтыстың өзіне тән қандай ерекшеліктері бар?2. Біржан мен Сара айтысы айтыстың қай түріне жатады?3. Айтыскер ақынға тән қасиеттер4. Біржан қай жылы, қай жерде дүниеге келді?5. Әкесінің аты6. Біржанның руы7. Біржан Сарамен қай жылы айтысты?8. Біржан қай жылы қайтыс болды?«Сара» тобы1. Айтыстың неше түрі бар?2. Сара қай жылы, қай жерде дүниеге келген?3. Сараның руы4. Сараны атастырған күйеуі5. Тұрмыс құрған жұбайы6. Айтысты Сарадан алғаш кім жазып алған?7. Сара қай жылы дүниеден өтті?Біржанның басқалардан ерекшелігі ол жай ғана ақын емес, сонымен қатар әнші де. Оның даңқы әуелде әнмен жайылған. Халық Біржанның әнін қатты сүйіп, өнерпаз жас әншілер оны әннің пірі тұтып, ұстаз деп таниды. Әнші композиторлар Жаяу Мұса, Балуан шолақ, Естай сияқты өнерпаздар Біржанның әншілік мектебінен шыққан.Біржан әндері:Біржан мен Сара айтысы Әріп Тәңірбергеновтікі деген пікірге көзқарастарың қандай?Айтыс ақындары заманының көкейкесті мәселелерін қоғамның жетістіктері мен кемшіліктерін, өмір шыңдығын жырларында арқау еткен. Одан халықтың қуанышы да, қайғысы да, әдет - ғұрпы да жалпы әлеуметтік жеке адамдардың қарым - қатынастары заманына лайық өрбіген.Біржан мен Сара айтысында қандай әлеуметтік мәселе көтерілген?Біржан мен Сара айтысады.Кітаппен жұмыс. Теңеу дегеніміз не?Біржан айтыста өзін неге теңейді?Біржан↓Ақ иық мұзбалаққаБұлбұлАспандағы аққуБәйге атынаКең қолтық, жібек жол арғымақБайпаң жорғаҚыранғаСара↓Ақ тұйғынТоты құсАқ иық бұлбұлАрғымақНаркескенСөздікпен жұмысАқиық - бүркіт тұқымдасына жататын, сұңқар тәрізді ірі құс.Ал мұзбалақ – ол бүркіттің жас мөлшерінің бірі.Ақ тұйғын - сұңқар, лашынАрғымақ - жүйрік атНаркескен - ақ семсер, өткір қылышАйтыс өнері - бүгінгі рухани мәдениетіміздің ажырамас бір бөлігі. Бұл өнер ұрпақтан - ұрпаққа буыннан буынға ауысып дамып келеді. Қандай айтыскер ақынды білесіңдер.Бұрынғы айтыс ---- Ортақ айтыс ---------- Осы күнгі айтыс1. Ру атынан шыққан -------------------- 1. Аудан, облыс атынан2. Іздеп барып айтысады - Өнер тыңдаушы халық. шыққан3. Кез келген жерде өткен ------------ 2. Күні белгіленеді4. Басып тастау ---------------------------- 3. Жеребе тастау арқылы5. Тосын тақырып ------------------------- 4. Сахнада өтеді6. Төреші - қауым --------------------------- 5. Демеушісі болады------------------------------------------------ 6. Тақырыбы болады.------------------------------------------------ 7. Төреші - қазылар болады.Сабақты қорытындылай келе:• Айтысқа ерекше елдің көзқарасы,қазақтың сыйып жатқан боз даласы.Бүгінгі сабаққа біз атсалыстық,айтыс бұл екі ақынның сөз додасы.• Біржан сал - туған дара, ақын дарын.Арнаған алқалы елге татымды әнінСара да бостандыққа шықты жырменЕжелден сүйген елміз ақындарын• Өнердің үлгісі бұл дара лайым,Белсенді оқушыны бағалайын.Сабақты жыр жолымен асқақтатыпҚош десіп, осымен доғарайын.Оқушыларды бағалау:Үйге тапсырма: Ой толғау жазу«Біржан» тобы – Біржан азамат ақын.«Сара» тобы – Сара үздік өнер иесі.
Сабақ жоспары
Сынып: 8.
Күні: 28.10.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Асханадағы ас мәзірі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың асхана тақырыбы бойынша жан-жақты білімдерін кеңейту, толықтыру, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Жаңа сөздер үйрету. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, сауатты жазу қабілеттерін, ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: оқушыларды тапсырма орындату барысында ұйымшылдыққа үйрету, дұрыс тамақтануға бейімдеу, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Сабақта қолданылатын қосымша жадылар: карточкалар, кестелер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Сыныпта кім кезекші?
-Сабақта кім жоқ?
-Сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?
II. Үй тапсырмасын тексеру:
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-Үй тапсырмасын барлығымыз орындадық па? (үй тапсырмасын жалпылай сұрақтар арқылы және жекелеп тексеріп шығу)
III. Жаңа сабаққа даярлау:
-Сендер мектеп асханасынан тамақтанасыңдар ма?
-Ас мәзірінде не болады?
IY. Жаңа тақырып:
Сөздікпен жұмыс:
а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру
ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу
б) сол сөздерді қатыстыра отырып диалог құрастырту
ас мәзірі – меню дүнген кеспесі - дунганская лапша
палау – плов сиыр еті – говядина
кеспе – лапша шабдалы – персик
3-тапсырма. Кестедегі сөздерді пайдаланып, сөйлем құраңдар.
Адамдар
Лимон, пияз, сәбіз, қызанақ, сүт, картоп, ет, қияр, нан, котлет, шырын, қымыз, бұрыш, қант, тұз, жұмыртқа, күріш, айран, қаймақ, палау, мәнті, кеспе, ұн, кофе, ботқа, балық, печенье, салат, дүнген кеспесі, бауырсақ, торт, балмұздақ, қуырдақ, шай, лағман, кәмпит қуырады
пісіреді
кеседі
жейді
ішеді
сатып алады
құяды
4-тапсырма. Кестедегі сөздерді пайдаланып «Не жегіңіз келеді? деген тақырыпқа ауызша әңгіме құрастырыңдар.
Адамдар
біріншіге
екіншіге
үшіншіге
салқын тағамдардан
ыстық тағамдардан
ет тағамдарынан
тәтті тағамдардан
сүт тағамдарынан қой еті, салат, торт, қарта, шырын, шай, балық, май, сиыр еті, сорпа, айран, су, нан, лимон, кәмпит, сәбіз, ботқа, қазы, картоп, сүт, өрік, палау, шабдалы, борщ, кофе, лағман, қаймақ, ірімшік, кеспе, шұбат, жұмыртқа. алады.
Жазба жұмысы:
5-тапсырма. Тиісті сөздерді қойып жазыңдар.
1. Етті майға............................................................. қазанға
2. Шай ішу үшін суды.................................................. қуырады.
3. Сүтті ......................................................................... тұз
4. Тамақ тәтті болу үшін .................................... салады. қайнатады
5. Тамақты ............................... пісіреді. ұн
6. Салат жасау үшін қызанақ пен қиярды............... қабығын.
7. Картопты қуыру үшін........................ аршиды. пісіреді.
8. Бидайдан........................ жасалады. жуады.
Y. Сабақты бекіту:
-Бүгін сабақта не істедік?
-Қандай жаңа сөздер үйрендік?
Топпен жұмыс:
7-тапсырма. Өздерің білетін ас мәзірін құрастырыңдар.
I топ II топ III топ
228600096520Қою тағамдар
00Қою тағамдар
11430096520Сұйық тағамдар
00Сұйық тағамдар
445770096520Жеңіл тағамдар
00Жеңіл тағамдар
YI. Үйге тапсырма:
YII. Бағалау:
Оқушыларды сабақ бойында атқарған жұмыстарына қарай бағалау.
YIII. Рефлексия.
Сабақ ұнады Сабақ жартылай ұнады Сабақ ұнамады
22777457937500-63500133350046843951333500
IX. Сабақ соңы.