Разработка по казахской литературе на тему Біржан мен Сара айтысы


Қысқа мерзімді сабақ жоспары Зерттеу орны: Жамбыл облысы Тараз қаласы №53 орта мектебіПән мұғалімі: Сарбасова Азиза Қырықбайқызы
Апта: 2 Күні:
Сынып: 9 Сабақ: 5 Пән: әдебиет
Сабақтың тақырыбы: "Біржан - Сара " айтысы
СілтемеС.Ч.Тұрсынғалиева, Г,Р.Бәкенова
Жалпы мақсаты "Біржан мен Сара" айтысы туралы мәлімет алу,айтыстағы әлеуметтік мәселе төңірегінде ойларын жинақтау,айтыстың көркемдік ерекшелігін тану
Сабақтың міндеттері Мазмұнға байланысты міндеттері:
1.Сұхбаттасу арқылы айтыс туралы мәлімет алады
2."Біржан мен Сара"айтысының мәтініне талдау жасайды
3."Біржан мен Сара" айтысын қыз бен жігіт айтысымен салыстырады
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты міндеттері:
Жаңа технология элементтерін пайдалана топпен, жұппен, интер –белсенді тақтамен жұмыс жасай отырып, танымдық тапсырмалар арқылы ой белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Компьютермен жұмыс істеу арқылы пәнге қызығушылықтарын қалыптастыру.
Топтық жұмыс процесіне байланысты міндеттері:
Оқушылар бірін-бірі оқытуда:
Жұппен, топпен түсініп оқып, тілдік тапсырмаларды сауатты орындайды;
Тапсырманың түсініксіз жерлерін айқындайды;
Топтастарының сұрағына жауап береді, бірін-бірі толықтырады;
Қорытынды шығарады.
Оқыту нәтижелері Оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі
Өз өміріне , қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді.
Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.
Шыншылдық, әділдікке дағдыланады.
Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді. Өз пікірін қорғай, дәлелдей алады
Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға, топпен жұмыс істеуге дағдыланады.
Жан дүниесін тәрбиелейді.
Сабақта туындаған негізгі идеяларБерілген тапсырмаларды орындату, сыни ойлау, диалогтік сөйлету әдістерін қолдану арқылы меңгерту.
Сабақтың
типі, түрі Жаңа сабақ
Аралас сабақ
Қолданылатын модульдер идеясы «Диалог негізінде оқыту және оқу» (Merser, 1995;Alexander, 2008) мен метасана (Flavell, 1976; Vygotsky, 1978)
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау
АКТ пайдалану
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру
және оқу
Білім беруді басқару және көшбасшылық
Сабақтың әдістері: СТО әдістері, өзіндік, топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс Тарих,музыка
Дереккөздер және жабдықтар:
Қолданылатын құралдар:
А 4, А3 форматты ақ түсті қағаз, қызыл, көк, қара, жасыл түсті маркелер Көрнекілігі:
Бейне жазбалар, әлем әдебиеті өкілдерінің шығармалары Қолданылатын техникалық құрал:
Компьютер, интер-белсенді тақта, электронды оқулық
ТапсырмаларСБР тапсырмалары
Венн диаграммасы
Сұрақ-жауап
Мәтінмен жұмыс
Сабақтың кезеңдері: Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
Қызығушылықты ояту
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу
Түгендеу
Топқа бөлу Ссөздер арқылы бөлу
Үй тапсырмасын сұрау
Білу "Сұхбаттасу" әдісі
Топ басшысы топқа сұрақ қояды Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
2. Мағынаны тану
Жаңа сабақ.
Түсіну "Ирек" әдісі арқылы айтыс мәтінімен жұмыс жасайды
Топта баяндаушы,сұрақ қоюшы,хатшы сайланады Баяндаушы- айтыс
мәтіні бойынша түсінгенін айтады
Сұрақ қоюшы- айтыстың мазмұны бойынша сұрақ қояды
Хатшы- Баяндаушының сөзінде кездескен тірек сөздерді теріп жазады
Қолдану
СБР- 678
Тапсырмалар орындау

І топ "Біржан мен Сара"айтысында кімдердің аты аталатынын табады
ІІ топ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді табады
ІІІ топ Мазмұны бойынша дұрыс,бұрысын табады
Оқушылар айтыс мәтіні бойынша берілген тапсырмаларды орындайды
Жинақтау
Венн диаграммасы 1-топ "Біржан мен Сара" айтысын Жамбыл мен Айкүмістің айтысымен салыстырады
2-топ "Біржан мен Сара" айтысын осы күнгі айтыспен салыстырады
3-топ "Біржан мен Сара" айтысын Омарқұл мен Тәбияның айтысымен салыстырады Оқушылар екі айтысқа тән ортақ белгілерді табады
Бағалау

1.Неліктен Сара Біржаннан жеңілді
2. Неліктен екі ақын бір-бірімен айтысуды ойлаған
3.Не үшін Біржан өз теңін таппаған Сараны сөзбен мұқатып,оның бас бостандығы үшін көмегін береді

оқушылар сұраққа жауап береді

Рефлексия Жарайсыңдар! Осы
сабақ үшін бәріңе рахмет.
Өткен сабақтан кейін
көңіл күйлерің қалай?
Қай тапсырманы
бәрінен шебер орындадыңдар? Оқушылар топпен бірлесе отырып, сұрақтарға өз ойларын еркін айтып жауап береді.
Кері байланыс стикерін толтырса да болады.
Бағалау
Бағалау критерийі арқылы бағалау;
Формативті бағалау:   
Оқушылардың бірін-бірі бағалауы, мұғалімнің бағалауы.
Үйге тапсырма «Айтыс - киелі өнер» тақырыбында эссе жазу

Критерий Балл ДескрипторларБаяндаушыСұрақ қоюшы 1 Мәтін мазмұны толық қамтылуы тиіс1 «Біржан мен Сара»айтысының негізгі идеясы ашылуы тиіс1 Сараның Біржаннан жеңілу себебі неде қамтылуы тиіс1 Айтыста қандай әлеуметтік мәселе көтерілді

1 Қойылған сұрақтың нақтылығы ескеріледі1
1 Сұрақ айтыс мәтініне қатысы болуы тиіс
Сұрақ қоюда жүйелілік,маңыздылық сақталуы тиісКритерий Балл ДескрипторларХатшы1 Баяндаушының сөзінде кездескен тірек сөздерді теріп жазу керек1 Айтыс мәтінінде айтылмай кеткен мәселені көтеру
1 Сұрақ қоюшының сұрағының нақтылығы
1 Сұрақ қоюда мәтінді толық қамтуы
-1050290-83185