?аза? ?дебиетінен саба? жоспары Біржан мен Сара (9 сынып)


Қазақ әдебиеті 9 сынып
Тақырыбы. « Біржан мен Сара айтысы»Сабақтың мақсаты: Айтыстағы Біржан мен Сараның адамгершілік, ақындық, әншілік қасиетін таныту, тіл шеберлігін ұғындыру.Оқушылардың белсенділіктерін, шығармашылықтарын, өз ойын тұжырымды айта білуге дамыту. Оқушыларды ауыз әдебиетінің бір саласы айтыс өнерінің ерекшелігін ұғындыра отырып, өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: дәстүрліӘдіс - тәсілдері: ойландыру, іздендіру, сұрақ - жауап.Көрнекілігі: энцоклопедия, портрет, суреттер, кесте, Сабақтың барысыІ.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу.
ІІ. Психологиялық ахуал. «Амандасамыз» Жаттығу барысы: қазір біз өте тез қимылдайтын ойын ойнаймыз.Ең алдымен барлығымыз бөлме ішінде үнсіз қалыпта қозғалысқа түсеміз. Мен шапалақ соғу арқылы белгі берген кезде өте шапшаң қимылмен бір - бірлеріңізбен амандасуларыңыз қажет. Қалай амандасу керек екенін мен айтып тұрамын. Әр кезде әр түрлі адаммен амандасу қажет. Ендеше бастайық, амандасу, қолмен..., көзбен, иықпен..., құлақпен..., тіземен..., маңдаймен..., өкшемен..., арқамен.
. Топқа бөлу. Біржан және Сара
Бағалау парағын тарату.
ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау. Карточкадағы сұрақтарға жауап беру. 2 балл
Айтыс деген не?
Айтыстың түрлері?
Айтыскер ақынға тән қасиет?
Қандай айтыскер ақындарды білесің?
ІҮ. Жаңа сабақ
Біржан мен Сара айтысынан үзінді
Айтыс музыкасы ойналады.
Ой шақыру.
Айтыстың қандай түрін көрдіңдер?
Кім кіммен айтысқа түсті?
Қазақтың айтыс өнері – ат жарысымен, балуандар күресімен пара - пар. Демек, ақындар айтысы да жарыс. Бірақ бұл – өнер жарысы, сөз сайысы. Айтыс халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Бүгінгі сабағымызда өз дәуіріндегі ақындар айтысының ішіндегі үздігі саналатын Біржан мен Сара айтысына тоқталамыз. Бүгінгі сабағымыз бекіту сабағы.
Сабақтың мақсатымен, міндеттерімен таныстыру. 10 мин1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру. 5 балл
«Біржан» тобы1. Біржан мен Сара айтысы айтыстың қай түріне жатады?2. Біржан қай жылы, қай жерде дүниеге келді?3. Әкесінің аты кім?4. Біржанды қалай атаған?5. Біржан қай жылы қайтыс болды? «Сара» тобы1. Сара қай жылы, қай жерде дүниеге келген?2. Сара неше жасында қолына домбыра алды?3. Жастайынан Сараны қалай атаған?4. Біржан мен Сара айтысының тақырыбы қандай? 5. Сара қай жылы дүниеден өтті?
2-тапсырма. Айтыс –бұл сөз жарысы. Ендеше біз де ақындар сияқты өз өнерімізді ортаға салып көрейік. Алдымызда қандай мерекені атап өтеміз? Біз қандай мемлекетте өмір сүреміз? Осы тақырып бойынша бір шумақ өлең құрап, сөз сайысына түсеміз.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
Тірек сөздер: 4 балл
- Қазақстан!
- Қазақстан!
— Қазақстан!
— Қазақстан!
Ү. Бекіту. Синквейн құру. Айтыс. 4 балл
ҮІ. Қорытындылау.

Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?
ҮІІІ. Бағалау «парағы бойынша»
12-15 балл -5
8-11 балл-4
5-7 балл-3
ІХ. Үйге тапсырма беру. Біржан мен Сараға мінездеме беру.