Асан ?ай?ыны? жер?йы?ты іздегені
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы : Асан Қайғының жерұйықты іздегені
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.
ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.
Б) Сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдылындыру
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,баяндау
Сабақтың көрнекілігі : cуреттер,аңыз әңгімелер туралы кітаптар т.б
Халықтық педагогика Алдыңа келсе атаңның
элементтерін қолдану : құнын кеш.
Пәнаралық байланыс : қазақ тілі,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген «Қырық өтірік» ертегісінің мазмұнын сұраймын.
«Қырық өтірік» ертегісін ертегілердің шыншыл түріне қандай сипаты жағынан жатқызуға болады деп ойлайсыңдар?
Өтірік әңгімеден тұтастай алғанда қандай құндылықтар аңғаруға болады?
б) Жаңа сабақты түсіндіру
Ауыз әдебиетінің бір алуан саласы-аңыз. Аңыз белгілі бір адамның атына,іс-әрекетіне байланысты туады. Кейде аңыз әңгімеде шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға араласып келеді. Аңыз әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құралады. Ол адам не батыр,не ел басшысы немесе әділ би ,ақыл парасатымен ел құрметіне бөленген беделді адам болуы мүмкін .Бірақ ол адамдардың айтқан сөздері мен істеген іс-әрекеттеріне байланысты айтылған әуелгі шындыққа қоспалар қосылып,сол айтыпты-мыс деген әр түрлі лақап біртіндеп аңызға айналған. Оны әңгіме,жыр етіп біреуден-біреу жаттап алып,кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған.
Асан Қайғы Желмаяға мініп,жаһан кезіп «Жерұйық» дейтін ну орманды,көкорай шалғынды сулы жер,қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған қоныс іздейді.
Кітаппен жұмыс: Кітаптан аңыз әңгімелерді мәнерлеп,нақышына келтіре оқиды.
Білімді бекіту: 1.Асан Сәбитұлының тарихта болғаны
2.Жерұйықты іздеудегі мақсаты,арманы
3.Көрген жерінің бәріне қонымды баға беруінің мәні,оның шындыққа қатысы туралы қосымша түсінік беру.
1.Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
2. Ертегілер нешеге бөлінеді?
3. Аңыз әңгімелер шындыққа жанаса ма?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына ,ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Асан Қайғының жерұйықты іздегені» әңгімесін оқып келуге беремін.